Щучинск қаласында тарих ғылымдарының кандидаты Владимир Ауманның «Судьба и призвание» кiтабының тұсаукесерi өтті.
Аудандық мәдениет үйінде «Академик Госсен: ученый, человек и патриот» атты тақырыппен өткен шараға Бурабай ауданының әкiмi Қанат Қарауылов, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, «Возрождение» Қазақстандық немiстер бiрлестiгi» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесiнiң төрағасы Альберт Рау, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау қалаларынан келген ғалымдар да туындының басты кейіпкері туралы жылы лебіздерін білдірді.
Кітапта ауыл шаруашылығы саласындағы Ленин сыйлығының лауреаты, Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академигi Эрвин Францевич Госсеннің өмір жолы, саяси қуғын сүргінге ұшырап, Қазақстанға жер аударылуы, тың игеру жылдарындағы еңбек жолы кеңінен баяндалады. Шара барысында туындының авторы Владимир
Ауман аталмыш кiтаптың бiр данасын Бурабай аудандық кiтапханасының қорына табыстады.
Бурабай ауданы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.