Кейінгі кезде көзім түйіліп, оқтын-оқтын шаншатын болды. Ол аздай көру қабілетім де азая түсті. Содан әлдебіреулердің ақыл-кеңесімен өзіміздің Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы аурухананың офтальмологиялық бөлімшесіне түстім.
Арада бірер күн өткен соң мұндағылар менің бір көзіме ота жасау қажет деп шешті. Сөйтіп, ақ халатты абзал жандардың шипалы қолдарының нәтижесінде көп ұзамай-ақ сырқатымнан айығып шықтым.
Осы арада өзіме ем-дом жасаған емдеуші дәрігер Юлия Борисовна Желамковаға, аға медбике Жанар Сарбайқызы Қайымоваға, ота жасау бөлімінің медбикелері Елена Геннадьевна Бризицкаяға, Нұржайна Есенқызы Өмірбаеваға, тағы басқаларына аналық шексіз алғысымызды білдіргім келеді. Оларға отбастарында амандық, мықты денсаулық, қызметтерінде табыс тілеймін.
Ләззат МҰРАТОВА,
зейнеткер.
Көкшетау қаласы.