Өкпенің созылмалы обструктивтік сырқаты (ХОБЛ) – ауа ағысының шектелуімен сипатталатын респираторлық сырқат. Ауа ағысының шектелуі прогрессивтік сипат алады және ол зиянды бөлшектер мен газдардың әсерінен өкпенің патологиялық қабынуы реакциясымен байланыс-
ты болып келеді. Осы заманғы зерттеулердің нәтижесі бойынша бактериалдық инфекция асқынудың шамамен 40-60 пайызын құрайды.
Оның барысында бронхиалдық обструкцияны қалыптастыруда гиперсек-реция белгілі бір рөл атқарады. Осыдан барып қақырықтың тұтқырлығы және мукоцилиарлық клиренстің бұзылуы орын алады. Соған орай, осы заманғы муколитикалық препараттарды, атап айтқанда ацетилцистеин, амброксол, бромгексин сияқты дәрілерді қолдану тиімділігін зерттеу мәселесі көкейтесті сипат алып отыр.
Муколитикалық препараттарға қақырық түсіретін секретолитикалық және секретомуторлық дәрі-дәрмек құралдары жатады. Бұл дәрі-дәрмектердің механизмі шырышты қабаттың және өкпедегі патологиялық процестердің бұзылуы барысында олардың қалыпқа келуімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда Кларк клеткаларынан лизосомальді гидролитикалық ферменттердің босауының белсенді жүруі есебінен қақырықтың тұтқырлығы азаяды. Муколитиктер өкпедегі сурфактанттың үлес салмағын арттыратынын айта кету керек. Мұндай препараттар бронхтың шырышының мерцательді эпителийінің қозғалғыш белсенділігін арттырады.
Өкпенің созылмалы обструктивтік сырқатымен ауыратын (ХОБЛ) пациенттердің арасында жас шамалары 32 жас пен 70 жасты құрайтын 20 науқасқа арнайы зерттеу жүргізілді. Олардың 13-і ер азамат, ал, жетеуі әйел. Аурудың даму барысы бойынша пациенттер былайша іріктелді. Сырқаттың жеңіл түрі – 6 адам, орташа түрі – 11 адам және ауыр түрі – 2 адам. Зерттеуге клиникалық диагностиканың критерийлеріне жауап беретін және ОФВ1 көрсеткіштері мен Тиффно тестіне сай келетін пациенттер тартылды. Аурудың дамуы бойынша жоғарыдағы топтарға бөлу ОФВ1 көрсеткіштерінің төмендеу деңгейіне сәйкес жүргізілді. Барлық пациенттерге антибиотиктермен бірге муколитиктер тағайындалды. Тағайындаудың мерзімі 8 аптадан 12 аптаға дейінгі аралықты қамтыды. Яғни, муколитиктер тек ауру өршіген кезеңде ғана емес, ремиссия кезеңінде де тағайындалды.
Бұл зерттеудің мақсаты ХОБЛ сырқатымен ауыратын пациенттерді кешенді терапиямен емдегенде муколитикалық препараттардың клиникалық белсенділігін тексеру болатын. Осы зерттеудің нәтижесінде пациенттердің барлық топтарында позитивтік клиникалық көрсеткіштерге және ФВД шапшаңдық көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізілді.
Бұдан туатын қорытынды, бронхиалдық шырыштың және мукоцилиарлық клиренстің реологиясын бұзу ХОБЛ-дың өршуіне және бронхиалдық обструкцияның прогрессивті дамуына әкеліп соғады. Өкпенің созылмалы обструктивтік
ауруына (ХОБЛ) кешенді терапия емін қолдану барысында ұзақ уақыт бойы муколитиктерді тағайындау ремиссияның ұзаққа баруына мүмкіндік береді. Муколитиктер қолдануда өте ыңғайлы және аталған сырқат барысында бронхиалдық обструкцияның патогенетикалық механизміне, қақырықтың азаюына және кетуіне айтарлықтай оң әсерін тигізеді.
Айгүл ҚИЯСОВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Ақмола облысы
бойынша департаментінің №6 бөлімінің басшысы.