Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төлеген ЖАҚАНОВ, инкассация қызметінің ардагері: «Рубльді жойып, теңгені айналымға шығаруда үлесіміз бар» - АРҚА АЖАРЫ

Төлеген ЖАҚАНОВ, инкассация қызметінің ардагері: «Рубльді жойып, теңгені айналымға шығаруда үлесіміз бар»

Еліміздің ұлттық валютасы –теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі, халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекше. Биыл еліміз Тәуелсіздік теңгесінің 25 жылдығын Отан тағдырындағы теңдессіз оқиға ретінде атап өтуде.

Мен өзімді осы бір тарихи кезеңнің куәгері ғана емес, тікелей қатысушылары қатарындағы бақытты жан санаймын.
1969 жылы 20 жасымда Көкшетау облыстық Мемлекеттік Банкісіндегі инкассация бөлімшесіне инкассатор болып орналасқан едім. Осында 9 жыл қатардағы инкассатор, 18 жыл инкассация бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 1978 жылы «Ұлттық Банкте» инкассация бөлімдері жабылып, алғашында «Бюджет Банкте», содан кейін 1999 жылы Көкшетау облысының «Қазпошта» акционерлік қоғамында инкассация бөлімі ашылып, соны 2003 жылдың шілде айына дейін басқардым. Бұл дағдарысты жылдар ретінде есте қалды. Мемлекет әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру мақсатында орасан зор қызмет атқарды. Осы ретте қуанышы мен қауіп-қатері қатар жүретін инкассация қызметіне жауапты міндеттер жүктелді. Соның ішінде қалалар мен шалғай ауылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедек жандарға зейнетақы мен қосымша төлемдерді дер кезінде жеткізу абыройлы парыз саналды. «Қазпошта» Ақмола облыстық филиалының директоры, марқұм Қуанышбек Рымжанов 17 ауданда инкассация бөлімшесін ашып, бұл қызметті республика бойынша үшінші орынға көтеріп еді. Марапатталғандар қатарында менің әріптестерім де болды. Осынау реформалар мен өзгерістерге толы кезеңде яғни, 2003 жылдан 2012 жылдың 15 қыркүйегіне дейін Көкшетаудағы «Титан-Инкассация» ЖШС филиалында менеджер, директор лауазымында қызмет атқардым. Міне осылай, мен үшін аса қымбат инкассация саласында тапжылмай 43 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым. Мұның барлығын айтып жатқаным, адам өз мамандығына адал болып қана абырой жинайтындығын жастар құлағына жеткізуден туған ниет деп білгейсіздер.
Адам өмірінде мақтаныш сезіміне бөлейтұғын ұмытылмас кезеңдер болады. Мен мұны тәуелсіз теңгеміздің айналымға қосылуындағы қуанышты сәттермен байланыстырамын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша Ұлттық валюта – Теңге күні Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. Соның ішінде банк инкассаторларының қаржы жүйесіндегі еңбегі тиісті бағасын алмай келеді. Өйткені, инкассаторлардың көмегінсіз теңге егеменді елімізге уақытында жеткізіліп, айналымға кірмес еді. Өңірлік деңгейде осы істің басы-қасында жүргендіктен, көп қырлы істің бір сәтінен әңгіме қозғасам деп едім.
ҚР Ұлттық Мемлекеттік Банкі Көкшетау облыстық басқармасында басқарма бастығы Асылхан Оспанов 1993 жылғы 9 қарашада теңгені енгізу мәселесі туралы бөлім басшыларымен үлкен кеңес өткізді. Осынау шұғыл мәжілісте Асылхан Зейноллаұлы хабарлама жасап, нақтылы міндеттерге тоқталды, соның ішінде маған да арнайы тапсырмалар берілді. Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілер сәттің аса маңызды да күрделі, қарбалас болғандығы сондай, ауа райының суығына да, қар аралас жаңбырына да қарамай күніне демалыссыз 18-20 сағаттан еңбек еттік. Кейбір түндері ұйқы да көрмей, аудандардан жиналған қап-қап ақшаларымыз касса қоймасына сыймағандықтан, жүздеген қаптарды банк ішіндегі кабинеттерде күзетіп жүрдік. Осылайша менің қарамағымдағы 22 инкассатор мен жүргізуші-инкассаторлардың қатысуымен Көкшетау Ұлттық Банкісінде теңгемізді (валютамызды) айырбастау жұмысы басталып кетті. Теңгені Алматыдан Ұлттық Банк инкассаторлары арнайы ұшақпен (ЯК-42) Көкшетау қаласының әуежайына жеткізіп отырды. Көкшетау инкассаторлары келген жәшіктердегі теңгені банк кассасына, содан кейін аудандардағы 17 банк бөлімшесіне жеткізіп отырдық. Осылайша 15 қараша 1993 жылы таңғы сағат 8-де теңге елімізде айналымға енді. Теңгені айналымға енгізудің аса жауапты кезеңінде менің қарамағымдағы инкассаторлар мен жүргізуші-инкассаторлар күн демей, түн демей орасан еңбек етіп жүрді. Бірақ та әлі де алдымызда жауапты да үлкен міндеттер тұрғанын үнемі жадымызда ұстадық. Біздің міндетіміз – аудан орталығындағы банк бөлімшелеріндегі айналымнан шыққан рубльдерді облыстық Ұлттық Банк кассасына жеткізу еді. Бұл әсте оңай шаруа емес. Бұрқыраған сабан рубльдерді біздер банк касса қызметкерлерінен пәшкелеп санап алып, қаптарға салып аузын буып, пломбылап автокөліктермен тасыдық (1 қаптың салмағы – 38-40 килограмм). Осылайша 17
аудан мен Көкшетау қаласының банк бөлімшелерінен 58 миллиард 120 миллион рубльді жинадық. Қарашаның 15-16-17 күндері жиналған ақшаларды өзімнің атыма жазылған қолхатпен және 12 инкассатордың қатысуымен санап алдық. Бұларды санағанда 980 қап болып шыға келді. Енді осы қаптарды таңғы сағат 4-тен бастап сағат 10-ға дейін үлкен жүк машинасына тиедік. Осы жұмыстардың жанында басқарма бастығының орынбасары Ертісбаев Сағат Амангелдіұлы бас-көз болып жүрді. Сондай-ақ, есеп-касса орталығының бас есепшісі Б.Қ.Ахметова, касса меңгерушісі С.К.Кенжеғарина,
кассирлер А.Сейсембаева, Ә.Қапезова, Н.Куликова, И.Шестакова, Т.Бовсуновская, Э.Самигуллина, Г.Бегімова, Н.Герасимюк, Ф.Иннозарова, Ш.Досмағамбетова және басқалары кәсіби білгірлік үлгісін көрсетті.
Осы қаптардағы рубльдерді шашпай-төкпей Көкшетаудан Петропавл қаласындағы арнайы қоймаға жеткіздік. Қойма ауласына үлкен жүк көлігі кіре алмағандықтан, 12 инкассатормен бірге 980 қапты «Уаз-452» автокөлігіне қайта тиеп, 50-60 метрдей жердегі қоймаға тасып, өзімізге берілген жерге үйіп қойдық. Жүкті түсіру үшін 10 сағаттай уақыт кетті, осы уақытта инкассаторлар кезекпен 4-еуі күзетте тұрды да, 8-і ғана қап тасумен болды. Келесі яғни, 18-19-20 күндері әкелген қаптағы рубльдерімізді қойма меңгерушісіне, Көкшетаудың банк касса қызметкерлерімен бірге пәшкелеп санап, басқа қапқа салып қойма қызметкерлеріне өткізіп отырдық. Қоймада сол кездері электр жарығы әлсін-әлсін өшіп тұрды, жұмысымызды тоқтатпау үшін керосин лампасын, май шамдарды қолдандық. Осындай қиын сәттерде Ұлттық Банктің касса жетекшісі Сайран Кенжеғарина басқарған касса қызметкерлері мен инкассаторлар өз жауапкершілігіндегі міндеттерін абыроймен атқарып шықты.
Әсіресе, Е.Қасенов, Б.Махметов, Н.Қалиев, М.Қабдөшев, С.Рахимжанов, Б.Сәрсенбаев, Г.Пузач, Қ.Ыбыраев, М.Ибраев, Қ.Жұмабаев, Р.Максютов, Н.Төлеев, В.Рубанов сияқты инкассаторлардың ерлікке пара-пар еңбектерін айрықша атап өткім келеді. Ал, Х.Қасымов, Е.Жұмабаев, В.Зверовской, Н.Ярмоленко, Б.Сәрсенбаев, А.Мұхамеджанов, М.Ибраев сынды асыл жігіттер бүгінде өмірден өтіп кетті. Осы инкассаторлар өңірде төл теңгеміздің халыққа уақытында жетіп, айырбасқа кіруіне ерен еңбек сіңірді. Айта кететін бір жағдайлар да болды. Кейбір кассирлер мен инкассаторлар жұмыстың ауырлығына, 2-3 күн ұйықтамай дем алмағанына байланысты, келе жатып естерінен танып құлап қалғандары да болды. Соған қарамастан, жедел жәрдемнің арқасында жұмыстарын жалғастырды.
Бұл еңбектеріміз жайлы Асылхан Зейноллаұлы Оспановтың «Тәуелсіздік теңгесі» кітабында толық жазылғанына ризамыз. 2013 жылы теңгеміздің 20 жылдығына орай, ҚР Ұлттық Банкі әдейі арнап медаль шығарды. Бірақ та, сол медальді осындай елімізде, банк саласында көп жылдар қызмет еткен және де теңгемізді айырбастау кезінде елеулі еңбек сіңірген кассирлер мен инкассаторларға берілмегені мені көп қынжылтады. Бұған қоса, заман ағымына сай жабылып қалған бұрынғы банк ардагерлерін облыстық Ұлттық банкте есепке алып, құрмет көрсетіліп тұрса шарапатты іс болар еді.
Мен 2012 жылы банк саласында 43 жыл үзбей еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым. Әйелім Гүлнәр Тасыбекқызы қаладағы №2 емханада, яғни, бір орында тапжылмай 47 жыл қызмет атқарған жан. Қазіргі күні төрт баламыздан өрбіген жеті немеренің қызық-думан ортасындамыз. Әсіресе, Асқар, Әлібек, Әлия есімді балаларымның жоғары білім алып, банк саласының мамандары атанғанына қуанамын.
Міне, жуырда ұлттық валюта – төл теңгеміздің айналымға қосылғанына 25 жыл толады. Бұл күнді біздер, Қазақстан Республикасының барлық касса қызметкерлері мен инкассаторлары да асыға күтеді. Осыған байланысты
Ақмола облысының банк қызметкерлерін, касса-инкассация өкілдерін, қаржы жүйесіндегі барлық әріптестерімді Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтаймын. Егеменді елімізде теңгеміздің құны бағалана беріп, елімізде тыныштық болып, қазақ елі жылдан-жылға құлпыра берсін дегім келеді.

Жазып алған Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажары».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар