Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасиетті мәуліт мейрамы - АРҚА АЖАРЫ

Қасиетті мәуліт мейрамы

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман жұртшылығы «мәуліт» сөзін Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күні ұғымында қолданады.

Кеше облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Ислам күнтізбесіндегі айтулы оқиға Мұхаммед Пайғамбардың туған айы құрметіне арналып Мәуліт мерекесі болып өтті.

Мәуліт – Хақ тағалаға мақтау, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту. Ғалымдардың айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту рәсімі һижра жыл санағымен VI ғасырда (миләди XIII ғ.) пайда болған. Десек те, кейбір тарихи деректерге сүйенер болсақ, мәулітті тойлау һижраның ІІІ ғасырынан бастау алғанын көреміз. Әйгілі мұсылман ғалымы Әс-Сахауидің бұған қатысты: «Мәуліт һижри жыл санағымен ІІІ ғасырдан соң пайда болды. Содан бастап әлемде мұсылмандар мәулітті садақа берумен және «мәуліт қасидаларын» оқумен атап өтетін болды», – деген сөзі бар екен («Мұхаммед», Мұхаммед Риза). Мысырлық мүфти, шейх Мұхаммед Бұхайт Әл-Мутыи келтірген дерек көздеріне сүйенсек, мәулітті ең бірінші болып фатимилік патша Әл-Муиз атап өтті. Ол мәуліттің құрметіне салтанатты мейрам ұйымдастырып, мейрам барысында адамдарға сыйлықтар мен садақа таратқан.

Тарихтағы алғашқы мәуліт қуаңшылық пен аштық кезеңіне сай келгенін атап өткен жөн. Сондықтан, Әл-Муиз өткізген мәуліт, таратылған сыйлықтар мен садақа қалың жұрттың бір қажетін өтеген («Ахсану әл-калям фима йата`алләку биссуннати мин әл-ахкам»). Жоғарыда айтылған оқиғалардан соң һижра күнтізбесінің VI ғасырында Ибрил қаласының (Ирак) әкімі сұлтан Әл-Музаффар Әбу Саид Көкбөрі халықтың кейбірі мәулітті үйлерінде жасырын түрде атап өтетінін байқап қалады. Нәтижесінде, Әл-Музаффар мәулітке рұқсат беріп, бұқара халықтың мейрамы болуын ұйғарады. Сонымен қатар, ол шатырлар тігіліп, раби әл-әууәл айы бойы азық-түлік пен сыйлықтар таратылуын бұйырады.
Міне, осыдан соң мәуліт жыл сайын аталып өтілетін халықтық мейрамға айналған. Әлемді мекендеуші екі миллиардтан астам мұсылман қауымының сүйікті Пайғамбары (с.ғ.с.), екі дүние бақытының жолбасшысы, әлемнің жарық нұры, Пайғамбарлардың ең абзалы – Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) милади 571 жылдың 20-шы сәуір, рәбиғул-әууәл (ай күнтізбесі бойынша) айының 12-ші түні, дүйсенбінің таң-сәресі уақытында Меккеде Абдулмутталиб шаңырағында дүниеге келді. Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед алейһиссалам. Сондықтан да, әр жылы осы күнді құрметтеп, Аллаһ Тағаланың бізді ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүйікті үмметі қылып жаратқандығына шүкіршілігімізді білдіріп, салауат-сәлемдер айтамыз.
Жер жаһан мұсылмандары осынау мүбарак түнді жыл сайын Мәуліт мерекесі ретінде атап өтеді. Пайғамбарымыздың ұлты – араб, Құрайыш тайпасының Хашимұлдары әулетінен шыққан. Әкесі – Абдолла, анасы – Әмина еді, құрсақта жатқанда әкесінен, алты жасында анасынан айрылып тағдыр тауқыметін тартады. Біраз уакыт атасы Абдулмутталиб тәрбиесінде болып, 8 жасқа қадам басқанда одан да айрылып, немере ағасы Әбутәліптің қамқорлығына көшеді.
Жиырма бес жасында хазрет Хадиша анамызға үйленеді. Одан төрт қыз, екі ұл болады. Қырық жасында Рамазан айында Хира тауында Жабрайл періште келіп, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар болғандығын хабарлайды. Үш жылдан кейін өз қабилаластарын иман келтіруге шақырады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) һижраның он бірінші жылында рабиғул әууәл айының он екісі, дүйсенбі күні Мәдина мнаууарада қайтыс болды. Айша анамыздың хұжрасына жерленді. Һижри жыл санауымен алпыс үш, григориян күнтізбесі бойынша алпыс бір жасында еді.
Нұрлы келбетінен тартымдылық пен шешендігі байқалатын. Өз үйіне келгенде де үйде өткізетін уақытын үшке бөлетін: Бір бөлігін – Аллаhқа құлшылық жасауға, екінші бөлігін – отбасына, үшінші бөлігін – өзіне. Адамдарды ақ-қара деп бөлмей, барлығына бірдей қарап, оларды риза ететін. Сондай-ақ, әрбір іс-қимылын зікірмен орындайтын.
Олай болса екі дүние жақсылығына жеткіміз келсе, құрметті Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өзімізге үлгі тұтып, көркем мінезін басшылыққа ала отырып, әрдайым сүннетімен жүруге тырысуымыз қажет. Қазіргі уақытта да Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Сирия, Мысыр, Ливия, Иордания, Тунис, БАӘ-де мәуліт мемлекеттік мейрам ретінде бекітіліп, бұл күні ресми демалыс болып есептеледі. Ал, Пәкістанда пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні үш күн бойы тойланады. Көптеген мемлекеттерде рәбиғул-әууәл айы бойы мәуліт тақырыбында уағыз-насихат жүргізіледі. Барлық жерде адамдар мешіттерге барып, онда Құран, мәуліт қасидалары оқылып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайында айтылады.
Ислам ғұламаларының мәуліт айын мерекелеуге қатысты айтқан сөздері мен берген бағалары орасан зор.
Көпшілікке танымал, беделді ғұлама Имам Суютый: «Менің пікірімше, адамдардың мәуліттің құрметіне жиналып Құран оқуы, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығы, дүниеге келуі турасында әңгіме етуі, ысырапкершіліктен сақтанып ас ұсынуы Нәбиге (с.ғ.с.) деген құрмет ретінде жасалған игі әрі сауапты іс және қуаныш», – деген.
Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін тойлауға осы айтылған жайттар негіз бола алады. Сондықтан, мәулітте бар ынтаны Алла Тағалаға шүкіршілік етуге бағыттау керек. Ал, шүкіршілік дегеніміз – Құран оқу, мұқтаждарды тамақтандыру, садақа беру, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту, ізгі амал істеуде көрініс табуы тиіс.
Бұл айда оқылатын арнайы намаз жоқ болғанымен, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көбірек салауат айтып, сәлем жолдаудың сауабы мол. Ендеше, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп-көп салауат айтып, Мәуліт оқып, сүйіспеншілігімізді жаңғыртуға тырысу қажет. Оны сүйе білу үшін әуелі дұрыс танып-білу керек. Оның нұрлы өмірін баяндайтын шығармаларды, бізге шуақ шашып, иманымызға қуат беретін хадистерін оқып, амалдарымызды көркейткеніміз абзал.
Пайғамбар шоғырының соңғы жарық жұлдызы Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) әлемдерді шарапаттандырып, нұрлы тәнімен дүниеге келген қасиетті Мәуліт айы құтты болсын. Ұлы Жаратушы иеміз осы айда мейірім мен мейірбандылықтың, адамгершілік пен парасаттылықтың, ізгілік пен жақсылық, көркем мінез-құлықтың үлгісін паш етсін деп, оны күллі Әлемге тек рахым етіп жіберді.
Барша мұсылман жұртшылығын сүйіндіріп төрімізге өрлеген Мәуліт айы бәрімізге мүбарак болсын, құрметті оқырмандар. Алла Тағала біздің жүрегімізге иман нұрын себелеп, Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, оның үмметі болуға лайық қылсын. Әумин!

Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар