Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алынған асулар мен алда тұрған міндеттер - АРҚА АЖАРЫ

Алынған асулар мен алда тұрған міндеттер

Тәуелсіз еліміздің экономикалық тұрақтылығын айқындайтын аграрлық сектордың дамуына соңғы жылдары зор көңіл бөлініп, жаңа міндеттер мен тың талаптар да қойылып келеді. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық жағынан аса маңызды міндеттердің бірі әрі бастысы болып саналады. Сондықтан да, азық-түлік молшылығын жасай отырып, ең әуелі ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз ету қажет.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін алға тартып отыр. Бұл еліміздің негізгі аграрлық аймақтарының бірі болып саналатын біздің облыс аграршыларының міндеттерін салмақтандыра түсері де сөзсіз. Ендігі арада, ауыл шаруашылығы саласын дамыту саясатын дұрыс жүргізе отырып және мемлекет тарапынан салаға жасалып отырған қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өндіріске озық технологияларды кеңінен енгізуге тиістіміз. Өйткені, бүгінгі күні әлемдік рынокта бәсекелестікке қабілетті болу үшін аграрлық саланы тек қана озық технология арқылы дамыту қажет. Бұл орайда әсіресе, саланы цифрландыру негізінде дамыту бағыты бойынша алғашқы қадамдар жасалып та жатыр.
Аграрлық салаға осы заманғы цифрлық технологияларды енгізу мақсатында Ақмола облыстық әкімдігі мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұған қоса Шортандыдағы А.И.Бараев атындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 3000 гектар егістік алқапта нақты егіншілік полигоны құрылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарынан алынған мәліметтерді есепке ала отырып, егістіктің жекелеген бөліктерін саралап өңдеу үшін технологиялық тәсілдер әзірленді. Егіншілік саласын жүргізудің агротехникалық параметрлері бойынша да нақтылы жұмыстар жүріп жатыр. Егістіктердің электронды картасына сәйкес ауыл шаруашылығы операцияларын жүзеге асыру да мүмкін бола бастады. Негізгі мақсат – техниканы басқарудың заманауи жүйелерін енгізу және кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау жолымен шаруа және фермер қожалықтары базасында нақты егіншілік элементтерін енгізу болып табылады. Биыл тұңғыш рет ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілгендігін айта кету керек. Қазір осы жұмыстар аяқталып, соның нәтижесінде облыс аудандарына бөле келгенде, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының іс жүзіндегі нақтылы көлемі анықталды. Біздің облысымызда нақты егіншілік технологиясын енгізу бойынша 3 базалық кәсіпорын белгіленіп отыр. Олар – Целиноград ауданының «Ақмола Феникс» акционерлік қоғамы, Зеренді ауданының «Дихан Плюс» және Бұланды ауданының «Журавлевка-1» серіктестіктері болып табылады.
Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі басымдылықтардың бірі еңбек өнімділігін арттыру үшін ең әуелі бұл саланың қарқынды түрде техникалық қайта жарақтандырылуы, озық технологиялардың трансферті мен цифрландыру аграрлық сектор экономикасының берік драйверіне айналуы тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы да әзірленді. Осы бағдарламада алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін ең әуелі жоғары репродукциялық тұқым өндірісін жақсартып, егіс алқаптарының көлемін арттыру, топыраққа енгізілетін минералды тыңайтқыштарды молайту, машина-трактор паркін жаңарту сияқты аса маңызды шаралар қамтылып отыр. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберінде экономикалық ынталандыру шараларының есебінен биыл майлы дақылдар алқабының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20 мың, картоп егістігінің көлемі 17,9 мың, көкөніс егістігінің көлемі 4,1 мың гектарға ұлғайтылған болатын.
Күрделі табиғи-климаттық жағдайға байланысты ауыл еңбеккерлері үшін биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары оңайға түскен жоқ. Алайда, соған қарамастан, диқан қауымының адал еңбектері мен маңдай терлері ақталып, облыс бойынша әр гектардың орташа түсімі 13,0 центнерден айналып, барлығы 5,6 миллион тоннадан астам астық жиналды. Сөйтіп, жиналған астықтың көлемі жағынан Ақмола облысы республика бойынша ең алдыңғы орынға шықты. Сонымен бірге, картоп пен көкөністің де қажетті қоры дайындалды. Бұл ақмолалық диқандардың зор жеңісі болып саналады.
Күзгі дала жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған диқан қауымы келер жылдың егісі үшін де берік негіз қалады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерінің тұқым қоры толығымен құйып алынды. Парға қалдырылған алқаптардың бәріне де төрт рет өңдеу жұмыстары жүргізілді және оған қоса, 1 миллион гектардан астам сүдігер жыртылды.
Қазіргі уақытта жаңа егіннің астығын сату жұмыстары да ойдағыдай жүріп жатыр. 2018 жылдың басынан бері облыстағы астық қабылдау кәсіпорындарынан 1907,9 мың тонна астық шетелдерге экспортқа және республикамыздың басқа облыстарына жөнелтілді. Соның ішінде нақты айтсақ, экспортқа 1415,3 мың тонна және еліміз бойынша 492,6 мың тонна астық жөнелтіліп отыр. Осы орайда атап өтерлік бір жай сол, биылғы жылы облыс элеваторларына келіп түскен өнімнің 80 пайызы сапасы жағынан 3 класқа сәйкес келеді. Осы астықтың шамамен 60 пайызының желімділігі 25-28 пайыздан асады. Мұның өзі біздегі астықты мейлінше жоғары бағаға өткізуге мүмкіндік береді.
Бізде жыл сайын келер жылдың егісіне қажетті тұқым қорының сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, мол өнім жақсы аудандастырылған шығымдылығы жоғары сортты тұқымнан алынатындығы дау тудырмайтын мәселе. Осыған орай, соңғы екі жылдың ішінде ғана элиталық тұқым себілген егістік алқаптардың көлемі 1,8 есеге ұлғайтылып, биыл 296 мың гектарға жетті. 34,2 мың тонна элиталық тұқым өндірілді. Сондай-ақ, биылғы жылы үшінші репродукциядан төмен емес тұқыммен себілген алқаптардың көлемі 73 па-йызды құраса, 2022 жылға қарай оның көлемін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Егіс алқаптарының шығымдылығын арттыру үшін топырақ құнарлылығын жақсарту мақсатында жыл сайын минералды тыңайтқыштарды енгізу жақсарып келеді. Биыл 48 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш сатып алынса, бұл өткен жылғыдан 15 мың тоннаға артты деген сөз. Сөйтіп, тыңайтылған алқаптардың көлемі шамамен 1,4 миллион гектарды құрады. Ал, 2022 жылға қарай минералды тыңайтқыштар енгізілетін алқаптардың көлемін 2,4 миллион гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта облыстың агроөнеркәсіп кешені жыл сайын жаздық бидайдың барлық дерлік алқабына, яғни, 4,7 миллион гектар алқапқа арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу шараларын жүргізетінін айта кету керек. Мұның өзі алынатын өнімнің мөлшері мен сапасына оң әсерін тигізумен келеді.
Ағымдағы жылы егістік алқаптардың фитосанитарлық жағдайын жақсартуға, атап айтқанда егістіктерді арамшөптерден, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерінен және ауруларынан қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Барлық дерлік егіс алқаптарының арамшөптерін химиялық жолмен отау жұмыстары жүргізілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 16,7 мың гектар алқапқа немесе қажетті көлемнің 100 пайызына итальян прусына қарсы қорғаныс шаралары жүргізілді. Ал, облыстық бюджеттің есебінен 48,8 мың гектар алқапқа немесе қажетті көлемнің 100 пайызына сары шегірткелерге қарсы, 263,9 мың гектар жерге бидай трипсіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды. Соның ішінде 52,2 мың гектар алқап жергілікті бюджет қаражаты есебінен және 211,6 мың гектар алқап АШТӨ қаражаты есебінен өңделді.Бұдан да басқа түрлі зиянкестерге қарсы күрес шаралары ойдағыдай жүргізілгендігін атап көрсетер едік.
Аграрлық сектордың екінші әрі негізгі бағыттарының бірі мал шаруашылығы болып табылады. Қазіргі уақытта бізде бұл салада 6 «ілгерілмелі» ферма жұмыс істейді. Ақкөл ауданының «SC Food» , Бурабай ауданының «Щучинский гормолзавод», Біржан сал ауданының «КазБиф» серіктестіктері етті мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істесе, Астрахан ауданының «Камышенка», Ақкөл ауданының «Еңбек» серіктестіктері және Ерейментау ауданының «Хамзе» шаруа қожалығы сияқты үш ферма сүтті мал шаруашылығы саласын дамытып отыр.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне ақылды және цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары одан әрі жалғастырылуда. Бүгінге дейін Целиноград ауданының «Астана өнім» акционерлік қоғамы мен «Родина Агрофирмасы» және Бурабай ауданының «Есіл Агро» серіктестіктері сияқты 3 ірі тауарлы-сүт фермасы толық цифрландырылды. Сондай-ақ, жиі суармалы алқаптардың көлемін ұлғайту басым бағыттардың бірі болып отыр. Айталық, биылғы жылы суарылатын жерлердің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 17,9 мың гектарға немесе 7 есеге өсіп, 21,0 мың гектарға жеткізілді. Бұл жұмыстар келесі жылдары да одан әрі өз шешімін таппақшы. Мәселен, 2019 жылы Целиноград ауданының «Алва» серіктестігінде 12,2 мың гектар алқапты көлдетіп суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл облыстағы осы мақсаттағы ірі жобаның бірі болып табылады. Бұдан басқа, 2019 жылы тағы да шамамен 3,0 мың гектар суарылмалы жерді, атап айтқанда, Атбасар ауданының «Сочинск» серіктестігінде 1300 гектар, Ерейментау ауданының «Абасс групп» серіктестігінде 450 гектар, «Новомарковка-2002» серіктестігінде 1572,6 гектар суармалы алқапты айналымға енгізу көзделуде. Келешекте бұл жобаларды іске асыру тағы да шамамен 30 мың гектар суарылмалы жерді игеруге мүмкіндік береді. Осыны айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы алқаптарын қазіргі көлемнен анағұрлым ұлғайта түсуге мол әлеуеттің барын атап өткен жөн.
Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетілуінің нәтижесінде облыста мал мен одан өндірілген өнім көлемі жылдан-жылға артып келеді. Биыл ірі қара мал саны 14,2 мың басқа немесе өткен жылғы деңгейден 108 пайызға өссе, қой саны 4,3 мың басқа немесе өткен жылғы деңгейден 109,3 пайызға, жылқы 4,2 мыңға немесе өткен жылғы деңгейден 112,5 пайызға көбейді.
Жыл басынан бері өндірілген еттің барлық түрлерінің көлемі 2,9 мың тоннаға немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,5 пайызға артса, бұл облыста етті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған іс-шаралардың өз жемісін беріп отырғандығы деп айтуға толық негіз бар. Табындағы еттік бағыттағы ірі қара мал саны 117,2 мың басты немесе барлық мал басының 27 пайызын құрайды. Етті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңаша тәсілдердің бірі зәкірлік кооперация элементтерін пайдалану болып табылады. Мұндай зәкірлік кооперацияға Қорғалжын ауданының «АгроЭкспорт ЛТД», Зеренді ауданының «Щучинский гормолзавод», Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас», Ақкөл ауданының «СК Фууд» серіктестіктері сияқты еттік бағыттағы тауарлық шаруашылықтар мен мал бордақылау алаңдарын, сондай-ақ, Бурабай ауданының «КазБиф процессинг», Қорғалжын ауданының «Астана Агропродукт» серіктестіктері сияқты осы заманғы ет өңдеу кешендері жатады. Мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында облыс бойынша алдағы бес жылдың ішінде базалық шаруашылықтар негізінде шеттен 30 мыңнан астам ұрғашы мал сатып ала отырып, кемінде 700 мамандандырылған тауарлы ет фермасы құрылатын болады.
Сүтті мал шаруашылығы да жоспарлы дамып келеді. Қазір сүттік бағыттағы мал саны 315,7 мың басты немесе жалпы табындағы малдың 73 пайызын құрайды. Сүтті мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында облыс-та 2022 жылға дейін әрқайсысы 1200 бас сауын сиыр мен құнажыннан тұратын 6 ірі мамандандырылған тауарлы-сүт фермасын құру қолға алынып отыр. Бұл фермалар Бұланды ауданының «Никольск» және «Нанар», Астрахан ауданының «Камышенка», Ақкөл ауданының «Еңбек» серіктестіктерінде қазірдің өзінде құрылып жатса, тағы екі ферма Зеренді ауданының «Аққайың+Ж» серіктестігінде құрылу үстінде. Осы жобаларды алдағы 1,5 жылдың ішінде тездетіп іске асыру жыл сайын қосымша 40 мың тоннадан астам сүт өндіруге мүмкіндік береді. Ал, жалпы облыс бойынша алдағы бес жылдың ішінде 14 мың бас сауын сиырға арналған 15 ірі тауарлы-сүт фермасының құрылысы жоспарланып отыр.
Жеңілдікпен кредит беру және субсидиялау түрінде көрсетіліп келе жатқан мемлекеттік қолдау облысымызда құс шаруашылығының дамуына да ерекше серпін беруде. Соның нәтижесінде Бұланды ауданында жылына 50 мың тонна бройлер етін өндіретін Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикасының бірінші кезеңі іске қосылды. Алдағы уақытта «Макинск құс фабрикасы» серіктестігіне қарайтын іргелі кәсіпорын толық қуатына кірген кезде біздің облыс республикаға шығарылатын барлық құс етінің үштен бір бөлігін өндіретін болады. Етті құс шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде облыста 2020 жылы құс етін өндіру көлемін 80,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жетістік облыстың өз ішінде ғана емес, тұтастай республика бойынша да импортты алмастыруға мол септігін тигізері анық.
Астананың азық-түлік белдеуін жасауда Ақмола облысы алдыңғы орынға шығып, осы істе шешуші рөл атқарып келеді. Бұл біз үшін стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы істерді жүзеге асыру үшін облысымыздың 9 ауданында 92 жоба қолға алынды, оның 56-сы еттік, 17-сі сүттік бағыттардағы мал шаруашылығын, 14 жоба суармалы егіншілікті қамтыса, 5 жоба тікелей ешкі, құс, балық және жылыжай шаруашылықтарын қамтиды. Елорданың азық-түлік белдеуін жасау жобаларын іске асыру негізінде бұл біздің облысқа жыл сайын 40 мың тоннадан астам сүт, 3 мың тоннадан астам ірі қара мал еті мен 50 мың тоннадан астам бройлер етін, 1000 тоннаға дейін балық, 15,1 мың тоннаға дейін көкөніс өндіруге мүмкіндік бермекші.
Ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру жолындағы барлық игі ұмтылыстар мен жаңа жобалар облыстың агроөнеркәсіп кешенін жаңа сапалы деңгейге көтереді және осыған ақмолалық ауыл еңбеккерлерінің күш-қуаты толығынан жетеді деген сенімдеміз.

Асқарбек ҮЙСІМБАЕВ,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар