Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаш түсуіне қарсы шаралар - АРҚА АЖАРЫ

Шаш түсуіне қарсы шаралар

Шаштың әдемі көрінуін қыздар қауымы ең басты назарда ұстайды. Қанша күтім жасағанымызбен, шаш жиі түседі. Шаштың түсуі сыртқы факторлардан және адам ағзасының ішкі мүшелері әлсіздігінен де тууы мүмкін.

Адам шашы күніне 50-100 тал түсуі қалыпты жағдай саналғанымен, одан көп түссе алдын алуға тура келеді. Шаш түсуін тоқтататын халықтық емнің бірнеше тәсілімен танысыңыз. Жалпы жиі түсетін шашты емдемес бұрын алдымен түбін қатайтатын шаралар жүргізу керек. Ол үшін 1-2 ай бойы аптасына бір рет шаш түбін спиртпен немесе майсана майымен (касторовое масло) сүртіп отырады. 1-2 ай өткен соң шаш түбі қатая бастайды. Ал, өте жақсы нәтижеге жету үшін мынадай түрлі емдерді жасауға болады.
• Бір пияздың сөліне сол мөлшерде майсана майын (касторовое масло), 1 жұмыртқаның сарысын қосып шаштың түбіне жағады. 45 минуттан соң шашты жуып, тарақпен тарайды.
• Пиязды майдалап турап, үстіне 100 мл. спирт құяды да бір тәулікке қояды. Дайын тұнбамен шаштың түбін сүртіп, полиэтилен пакеттің сыртынан сүлгімен басты орайды. 20-30 минуттан соң шашты салқындау сумен жуады.
• Жылы не қайнаған суға бал салады (1 литр суға 2 ас қасық бал). Бастысы бал ерісе болғаны. Осы сумен шаштың түбіне массаж жасап жуады. Мұны аптасына 2 рет қайталайды. Бұл шаштың түбін қатайтады және тез өсуіне көмектеседі.
• Сарымсақ, қайың, алоэ шырындары, жұмыртқаның сарысы және бал – осылардың әрқайсысынан 1 шай қасықтан алып жақсылап араластырады. Қоспаны бас терісіне жағып, 1-2 сағаттан соң жуып тастайды. Сонымен қатар, қайың жапырағының тұнбасымен шайса тіптен жақсы.
• Жарты стақан айран, 1 жұмыртқа, шай қасық какаоны аралас-
тырып, бас терісіне жағады. Қоспа аздап кепкен соң қайта жағады. Дайындаған қоспа таусылғанша осылай жалғастырады. 20-25 минуттан соң балаларға арналған сусабынмен шашты жуып тастайды.
• 1 ас қасық қалақай (крапива) жапырағына 200 мл. қайнаған су құйып, бір-бір жарым сағат тұндырады да сүзіп алады. Шашты жуған соң, аздап кептіріп, осы тұнбамен бас терісін сүртеді. Емді аптасына 1-2 рет жасайды.
• Құрғақ өгейшөптің жапырағы немесе гүлінен 1 ас қасығын алып, 1 стақан қайнаған су құяды. 30 минуттан соң тұнбамен шаш түбін сүртеді. Алайда, мұны шашты жуардан 40-60 минут бұрын жасаған дұрыс.
Massaget.kz сайты бойынша дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар