Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасыл шыршаға балта шаппаңыз! - АРҚА АЖАРЫ

Жасыл шыршаға балта шаппаңыз!

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаштарды сақтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Комитет шығарған бұйрықтың негізінде Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы мақсатта мобильдік топтар құрады, табиғатты қорғау және құқық қорғау салалары қызметтерімен, ұлттық мемлекеттік табиғи парктердің және мемлекеттік орман мекемелерінің жұмысшыларымен бірлесіп, облыстың барлық аудандарында жас қылқан жапырақтарды қорғау бойынша іс-шаралар өткізеді.
2007 жылдың 31 мамырындағы №441 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жаңа жыл қарсаңындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) заңсыз жас қылқан жапырақтың 1 түбін кескені үшін келтірілген залал сомасы 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 36075 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 1,2,3 және 4 бөлімдері бойынша ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты, орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ, ормандарды молайту мен орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасымен жазаланады. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы мен екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық жаза қарастырылған.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! Жаңа 2019 жыл да жақындап қалды, онымен әрбір адам өздерінің арманы мен үмітін байланыстырады. Бір күндік қызық үшін ормандағы шыршаны кесіп, сол үшін жауапқа тартылып, мерекелік көңіл-күйді түсіру керек емес, одан да оның сұлулығына бойлап, содан ғанибет алыңыз.

Абзал ҚҰСАЙЫНОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар