Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшіл сана орнықпайды - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшіл сана орнықпайды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиында: «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал, бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған.

Біз – солардың жалғасымыз! Ұлы даланың мұрагерлеріміз! Бұл – біздің таңдауымыз!» – деп атап көрсеткені белгілі. Биік мінберден айтылған осы сөздің тек қазақ қоғамы ғана емес, тамыры бір, тарихы ортақ туыс халықтар үшін де ерекше мәні бар. Көне түркілік түсінікте «Ел» кең ауқымда ұлыс, мемлекет, өлке, халық деген мағыналарда қолданылған. Сонда Мәңгі Ел – халықтың «күн сөнгенше сөнбей» мәңгі жасауы деген ұғымға да келеді. Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы болып табылады.
Олай болса, Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға болып табылады. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған халық қашанда жүрісінен жаңылмайды. Сондықтан, тағылым түйгендер ғана тарихқа бағыт бере алады. Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйретуімен ата-бабаларымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі.
«Ер қанаты – ат» деп білген Алаш ұрпақтары әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыс-тыра бейнелейді. Жылқы мінезді жұрттың адам баласының мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл осы құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, сөзінің мәніне бойлаған ел өзінің болмысын танитын болады. Атты әспеттеу – болмысыңды зерделеу. Сонысымен де, осы мақаланың меңзері алыс, мәні терең, айтар ойы ұшқыр. Ұлттық код, генетикалық жадыңның бір ұшығы деп білуге болады.Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі.
Қазақтың даңқты тұлғалары бүкіл әлем еліктеуге лайық. Президент осы мақаласында дала фольклоры антологиясын әзірлеу қажет екендігін және «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты жобаны жүзеге асыруды ұсынды. Қазіргі заманауи кино түсірумен қатар блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейтуге тоқталды. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультификациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек делінген Мемлекет басшысының мақаласында. Президент қазақтың даңқты батырлары, ойшылдары мен ел билеушілері тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар деп айтқан. Сондай-ақ, тарихи тұлғаларға арналған энциклопедиялық саябақ ашылатындығын, бұл мақаланың «Рухани жаңғырудың» жалғасы болатындығын, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар музейі ашылатындығын атап көрсетуі тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыста екендігін көрсетеді. Тарих арқылы өзіміздің болашағымызға жол салу қажет. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізгі өзегі деп түсінуге болады. Мақаланы оқи отырып, өткеніміздің тіріліп, өшкеніміздің жанатындығына үлкен сенім, келешекке бағдар алғандай әсерде болдық. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымыздың қастерлі міндетіміз болып табылады.

Ханша АХТЫШХАНҚЫЗЫ,
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар