Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың әл-ауқатын арттырады - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың әл-ауқатын арттырады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен семинарда 2017-2021 жылдары тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Семинарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі ақпараттық-насихат тобының мүшесі Құттымұрат Шәмшиев ашып, жүргізіп отырды.

Ол өз сөзінде аталмыш бағдарламаның бірінші бағытында оған қатысушылар техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Техникалық және кәсіптік білім берілетін мамандарды дайындағанда еңбек нарығының қажеттілігі есепке алынуы тиіс. Бұл бағытқа 9-11 сыныпты бітірген түлектер, оқуға түсе алмай, жұмыс іздеп жүргендер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының мүшелері, көпбалалы отбасының және мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасының балалары, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері, жасөспірімдердің оңтайландыру орталығында тұратын балалар қатыса алады.
Бағдарламаның қатысушыларына оқу ақысын төлеу, бір мезгіл ыстық тамақ, шәкіртақы, жолақысын төлеу тәрізді мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Еңбек нарығына қажетті мамандыққа қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кәсіптің ерекшелігіне байланысты бір айдан алты айға дейін жүргізіледі. Бұған 29 жасқа дейінгі жас-
тар, жұмыспен қамту орталығына тіркелген немесе тіркелмеген жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қысқартылған еңбеккерлер қатыса алады. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын адамдар мобильдік оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өте алады.
–Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Мұнда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жолы, сондай-ақ, олардың бизнес-жобаларын алып жүру, кәсіпкерлік бастаманы қолдау бар. Екінші бағытқа жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар бастаушы кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және оның мүшелері қатыса алады. «Бастау Бизнес» жобасында оқығаны жөнінде сертификат алған адамдар шағын несие алуға басымды құқы бар,–деді Құттымұрат Шәмшиев.
Шағын несие ауылдық елді мекендерде және шағын қалада тұратын адамдарға шағын бизнесін ашу үшін, бастаушы кәсіпкерлер өз жұмысын ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және «Зәкірлік» кооперация қатысушыларының жұмысын дамытуға, қалалар мен моноқалаларда жаңа шағын кәсіпорын құруға беріледі. Бағдарламаның үшінші бағыты тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының мобильдігіне ықпал ету арқылы еңбек нарығын дамытуға арналған. Мақсат – еңбек тапшылығы бар өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Осы орайда, өңіраралық және облысішілік қоныстандыру жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда жұмысқа орналастыру бойынша еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – «Еңбек биржасы» құрылды. База мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен бірігеді. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың жекеменшік агенттігі және жұмысқа орналастыру бойынша жекеменшік онлайн алаңдары жұмыс істеуде. Жұмыс іздеудің және кадр іріктеудің интернет-порталы enbek.kz интернет-ресурсының базасында орналасқан.
Семинар соңында бағдарлама жөнінде бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сауалдарға жауап берілді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар