Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы кезекті VII республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауын өткізді.
Байқауға Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан ұстаздар қатысты.
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласы мектептерінің де біраз ұстаздары осы байқауға қатысып, Гүлжанат Нұрмағамбетқызы Серкешбаева, Сағира Абзалқызы Әмірова жеңімпаз атанды.
Олар Өскемен қаласындағы Теңге сарайында арнайы тапсырыспен жасалған «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, арнайы куәлік және сертификатпен марапатталып, жетістіктері жазылған электронды жинақты сыйға алды. Байқау жеңімпаздары туралы мағлұмат Академия сайтында ашылған «Үздік ұстаз» бөлімінде орналастырылды.
Біз де өз кезегінде тәуелсіз қоғамдық байқауда топ жарған ақмолалық қос ұстазды осы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.