Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет тағы бір нақтыланды - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет тағы бір нақтыланды

Кеше Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәселе қаралды.

Облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, депутаттар, басқармалар мен ведомстволардың басшылары қатысқан облыстық мәслихаттың сессиясын оның төрайымы Бағлан Наурызбаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне орай, облыстық экономика және бюджеттік жос-парлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев облыстық мәслихаттың 2017 жылдың 13 желтоқсанындағы «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасады.
–Сіздердің қарастыруыңызға бюджет комиссиясымен мақұлданып, қоғамдық кеңестің оң шешімін алған 2018 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау ұсынылды. Бүгін өткен депутат сағатында бюджетті нақтылау параметрлері толық қарастырылып, 1,2 миллиард теңге бюджет қаржысын бөлу қарастырылды. Оның 175,0 миллион теңгесі 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының соңына дейін жылу беретін кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бағытталды. Инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік саладағы нысандардың жобаларын жүзеге асыруға 43,3 миллион теңге бағыттау жоспарлануда. Әлеуметтік сала нысандарын қаржыландыруға 576,2 миллион теңге бағытталды. Бруцеллезбен ауырып, санитарлық сойылған ауыл шаруашылығы малдарының құнын қайтару үшін ветеринарияға қосымша 6,3 миллион теңге бөлінді.
Облыс орталығы мен моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету үшін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының несие беруіне қосымша 354,4 миллион теңге қарастырылды. Бөлінген бюджеттік қаржыны игерудің қысқа мерзіміне байланысты әділет пен қазынашылық органдарынан облыстық және аудандық деңгейдегі құжаттардың жүруіне ықпал етуді сұраймыз. Жалпы, облыстық бюджетті нақтылау облыстағы негізгі басымды әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу үшін бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануға бағытталған,–деген Қанат Дүзелбаев бұл ұсыныстарды облыстық мәслихат депутаттарының мақұлдауын сұрады.
Сондай-ақ, сессияда Ақмола облысының басқару сұлбасын бекіту туралы айтылды. Ақмола облыстық мәслихатының облыстық тексеру комиссиясы мүшесін тағайындау, өңірдің кейбір білім беру мекемелеріне атау беру, облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу, облыстық бюджеттік комиссия, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның, өңірді индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, облыс әкімдігі жанындағы өңірлік дербес үйлестіру кеңесінің, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамдарын бекіту, облыс әкімдігі жанындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, облыстық тексеру комиссиясы төрағасының қызметіне баға беру жөніндегі комиссия құру туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу мақұлданды. Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар