Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбекақы уақытында төленсін - АРҚА АЖАРЫ

Еңбекақы уақытында төленсін

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік еңбек кикілжіңдерін ретке келтіру жөніндегі штабтың жұмыс тобының кезекті отырысында еңбекақыны уақытында төлеу мәселесі қаралды.

Көкшетау мен Степногорск қалалары, Біржан сал, Бурабай, Ерейментау аудандары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық прокуратура мен әділет департаментінің, бірқатар департаменттер мен басқармалардың, кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіподақтар орталығының басшылары қатысқан жиында өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбеккерлердің жалақысын уақытында төлеу мәселесі талқыланды.
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Берік Мұстафиннің айтуынша, бұл бағытта Ақмола облысында тұрақты жағдай сақталуда. Әлеуметтік еңбек кикілжіңдерінің туындауын ескерту мақсатында өңірде еңбекақы қарызын жабу жұмысы одан әрі жалғасуда. Жыл басынан бері облыстың 62 кәсіпорны мен ұйымын тексеру барысында 2107 еңбеккер алдындағы 154,6 миллион теңге еңбекақы қарызы анықталып, 2105 еңбеккердің 153,5 миллион теңгесі қайтарылды. Бүгінгі таңда облыстың екі кәсіпорнында 1,1 миллион теңгенің жабылмаған қарызы бар. Мәселен, Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Ерсайын Сабыров өз сөзінде осы аудандағы «Еңбек Целина» серіктестігін тексеру барысында 5,7 миллион теңгенің еңбекақы қарызы анықталғанын айтты.
–Бұл шаруашылыққа ескерту жасалып, әкімшілік айыппұл салынды. Нәтижесінде қарыздың 4,8 миллион теңгесі жабылды. Бір еңбеккер алдындағы 900 мың теңге қарызды қайтарумен жекеменшік сот орындаушы айналысуда,–деген аудан әкімінің орынбасары өзге де еңбекақы қарызы бар серіктестіктер жөнінде айтып берді. Жыл басынан бері еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 226 лауа-зымды және заңды тұлғаларға әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынған. Оның ішінде уақытында еңбекақы төлемеген 62 заңды тұлға бар. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың айтуынша, облыс орталығындағы «Казавточермет» серіктестігінің 200 мың теңге қарызы бар екені анықталған. Ол жөнінде Е.Сатходина өтініш беріпті. Аталмыш кәсіпорынға ескерту жасалып, айыппұл салынған. Бұл қарызбен жекеменшік сот орындаушы айналысуда. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары облыс орталығындағы «IMARKO», «Темір-2001», «Элеватормельмонтаж», «CП IRBIS» серіктестіктерінің еңбекақы қарызы жөнінде айтып берді.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментіндегі берешекпен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Арлан Әмрин өз сөзінде жабық жұмыссыздық жөніндегі мәліметке сәйкес, 9 кәсіпорынның 183,8 миллион теңге еңбекақы қарызы бар екенін айтты. Сондай-ақ, әділет департаментінің мәліметі бойынша жекеменшік сот орындаушыларда 17 кәсіпорындағы 113,4 миллион теңге еңбекақы қарызының құжаттары жатыр. Оның ішінде Көкшетау қаласының 8 кәсіпорны, Степногорск қаласының 3 кәсіпорны, Бурабай ауданының 3 кәсіпорны, Аршалы, Есіл, Біржан сал аудандарының кәсіпорындары бар. Еңбекақы қарызын жабу барысында жекеменшік сот орындаушылардың жұмысы сылбыр. Отырыс барысында бұл жағдай жөнінде облыстық прокуратура мен облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өз пікірлерін білдірді.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов дағдарысқа қарсы штабтағы жұмыс тобының еңбекақыны уақытында төлемейтін кәсіпорындарда жиі болуын тапсырды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар