Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы қолтаңбасы - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы қолтаңбасы

Көкше өңірінде ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп, еліміздің медицина саласын нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі – Болат Жанәділов. «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерінің иегері Болат Сүлейменұлы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялау, Қазақстанның негізгі Ата Заңы – Конституциясын қабылдау, Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлау сияқты тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Кемел тұлға өзінің өнегелі өмір жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәттері мен тәуелсіздік жылдары өзі куә болған осы оқиғалар жайлы облыстық «Арқа ажары» газетінің тiлшiсіне әңгімелеп берген еді.

– Мен 1990 жылы Қазақ Кеңестік Республикасының он екінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайландым. Ол тұс – жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан Кеңестер Одағының туының жығыла бастаған шағы болатын. Жариялылық пен демократия дегенді білмей жатып, соған сусаған пейілмен әркімнің ойына алғанын жасағысы келіп, жанталасқан сол бір тұста мемлекеттің тағдыры да қылға байланған еді.
Міне, мен сол мемлекеттің бүгіні мен болашағын болжағандардың, батыл қадам жасағандардың, тарихи шешім алғандардың қатарында болғанымды мақтан тұтамын. Тұңғыш Президент сайлауында Елбасының сенімді өкілі болу маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрі бұл – еліміз тәуелсіздігін енді ғана алып, жаңа аяққа тұрып келе жатқан кезең болатын. Елдің тұралап тұрған тұсында Мемлекет басшысына сенім артуға шақыру, халықты сабырлылыққа, төзімділікке үндеу қажет болды. Сөйтіп, Елбасының Президент сайлауында 23 сенімді өкілінің бірі болдым. Осы бір тарихи сәттің куәгері болғанымды әркез мақтан етемін.
Елбасымен 1990-1994 жылдары он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып жүргенімде алғаш рет жүздескен едім. Сол уақытта ол Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болатын. Кейін кеңес үкіметі ыдырады. Еліміз егемендік алып, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Әр ісіне тиянақты, әсіресе, берген уәдесінің ізін суытпай, бірден іске кірісетін әдеті сүйсіндіретін, – дейді Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Сүлейменұлы.
Кейін еліміз үшін сындарлы уақыт болса да, 1995 жылы Көкшетаудағы облыстық аурухана қабырғасында диагностикалық орталық ашылып, оның тұсаукесеріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.
– Сонда Елбасы аурухана ұжымымен кездесіп, «Халықтың денсаулығы – мемлекет байлығы» деген ұшқыр ойын айтты. Бұл бізге, дәрігерлер алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын аңғартты. Оның еліміздің шығар белесінің алда екенін айтқан сөзі де жүректе сенім ұялатқан еді. Міне, уақыт өте келе мұның дүдәмал сөз еместігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. Елбасы әрдайым әр өңірдің хал-жайын сұрастырып, тұрғындарды толғандырған мәселелер жайлы әңгіме қозғайтын. Сонда ылғи: «Мен сендерді өңірге барған сәтте тауып аламын!», – деп айтып отырушы еді. Шынымен де, 1999 жылы Елбасы Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына келіп, Абылай хан ескерткішін ашты. Сол сапарында мені іздестіріп, шақыртып алды. Бұл оның есте сақтау қабілеті өте мықты екенін, сондай-ақ, өз сөзіне бекем адам екенін аңғартады», – деп сол бір сындарлы сәттерді сағынышпен еске алған ағамыз тоқтаусыз әңгімелей берді.
Болат Сүлейменұлының Елбасымен тағы бір кездесуі – 2007 жылы «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы ғимаратының ашылуы еді.
– Сол ғимараттың ашылуында Елбасы партияның мақсаты мен қоғамдағы рөлін жан-жақты саралап, жастардың еліміздің жарқын болашағы екенін және оларды еңбекке баулып, қиындықтан қашпауға үйретуіміз қажеттігін айтқан-ды. Еліміз уақыт өткен сайын нығайып келеді. Ал, мұның бәрі Елбасының кемеңгер саясатының арқасында жүзеге асып отыр, – деген ағамыз, соңғы 2012 жылы көрген сәтіндегі Елбасымен жүздесуін былай жеткізді.
– «Абылай ханның арманын орындадым. Қала салдым. Халық бейбіт өмір сүріп жатыр» деген сондағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзінің астарында қуаныш, парасаттылық сезіледі. Мен әр жүздесу кезінде Елбасының кішіпейіл, адамгершілік және ізгілік қасиетіне куә болдым. Ол өзін сардар саясатшы, табанды көшбасшы, тұғырлы тұлға екенін әлемдік деңгейде дәлелдеп келеді. Мен онымен жұмыс бабымен кездесіп қана қоймай, жақын отырып дәмдес болып, толғандырған сұрақтарымды тура қойып, тарихи сәттердің куәсі болсам, бүгінде сол кездесулерімнің өзі бір бақыт екен, – деп түйіндеді ағамыз.
Иә, байыппен сөйлеп, бағалы ой айтып, адам жанын баурап алатын ағамыздың денсаулық саласына қосқан үлесі өз алдына бір төбе болса, Парламент қабырғасындағы, облыс әкімінің орынбасары кезіндегі оның саналы ғұмырының ел мүддесіне арнағанын әділ бағалап, өнеге тұту – өскелең ұрпақ үшін үлкен мерей әрі парыз болары сөзсіз.

Әңгімені жазып алған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар