Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әсерлі саяхат болды - АРҚА АЖАРЫ

Әсерлі саяхат болды

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейінің оқушылары еліміздің елордасы Астана қаласына сапарлап қайтты.

Оқушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Орталық Азиядағы ең ірі Ұлттық музейге барып, тағылым алды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бой көтерген музей кешені жеті блоктан тұрады екен. Атап айтсақ, Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, тарих, этнография, заманауи өнер залдары бар. Балалар назарына Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін және мемлекетіміздің пайда болу тарихын көрсететін коллекция ұсынылды. Басқа залдарда экскурсоводтар жаңа тарих, яғни, тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы және қазіргі заманғы өнер туралы әңгімеледі. Алтын зал балаларға үлкен әсер қалдырды. Онда алтыннан және басқа да бағалы металдардан, сондай-ақ, біздің республикамыздан табылған тастардан жасалған бірегей олжалар сақталады.
Сол күні біз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде де болдық. Оқушылар қазіргі Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар және мемлекет пен қоғамның тарихын ашатын бірегей мұрағаттық құжаттар және ғылыми еңбектер, сыйлықтар мен кітаптар коллекцияларымен, наградалармен және басқа да заттармен танысты. Бұл тарихи жәдігерлердің барлығы Тұңғыш Президенттің қызметін сипаттайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің экскурсиялық топ Астананың оңтүстігіне қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қаракерей Қабанбай батыр мемориалдық кешеніне барып қайтты. Бұл кешен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылы салынды. Батырдың 25 метрлік кесенесінің ортасында ұлы бабаның мазары орнатылған.

Жанна АБЫЛХАЕВА,
Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар