Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жұлдыздар тоғысқанда» кинокөріністері Астраханда түсірілді - АРҚА АЖАРЫ

«Жұлдыздар тоғысқанда» кинокөріністері Астраханда түсірілді

Астрахан ауданының тұрғындары үшін 2015 жылдың тамыз айы айрықша есте қаларлық кезең болды. Мұнда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы кеңінен баяндайтын «Елбасы жолы» кинодәуірнамасының (эпопея) «Жұлдыздар тоғысқанда» бөлімінің көріністері түсірілді. Новочеркасск ауылындағы «КТ Федоренко и К» шаруа қожалығының егістік алқабындағы массовкаға ауданның екі жүзден астам тұрғыны қатысты.

Бұл жерде мынаны айта кеткен жөн. Фильм сюжеті бойынша Қазақстан Президенті оның өмірбаянын жазу үшін келген ағылшын жазушысы Джереми Вильсонмен кездеседі. Алайда, жоспарланған сұхбат журналист пен Елбасының Қазақстан бойынша ұзақ сапарына айналып кетеді. Вильсон Қазақ елін аралап қана қоймай, 1950, 1986, 1989, 1991 жылдардағы оқиғалар туралы хабардар болады. Ел картасындағы кез келген жер Президентіміздің өмірінде ерекше орын алатыны белгілі. Публицист Нұрсұлтан
Назарбаев баяндаған оқиғалардың қатысушысы мен куәгеріне айналады. Фильмнің «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» және «Жұлдыздар тоғысқанда» атты сериялық түсірілімдеріне Алексей Гуськов, Игорь Угольников, Дарья Мороз, Хью Фрейзер, Сергей Гармаш, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқа көптеген актерлар қатысты.
Кинодәуірнаманың «Жұлдыздар тоғысқанда» атты бесінші бөлімін түсіру үшін танымал Ресей режиссері Сергей Снежкин шақырылды. Ал, Елбасы бейнесін бұған дейін «Махамбет», «Мұстафа Шоқай», «Ликвидатор» тағы басқа фильмдерде шеберлігімен танылған талантты актер Берік Айтжанов тамаша сомдап шықты. Снежкин Б.Айтжановты 20 үміткердің ішінен таңдап алғаны біраз жағдайды аңғартады.
Елбасы туралы кино түсіріледі деген хабардың жылы лебі Астраханға 2015 жылдың маусымында жеткен. Танымал қазақ продюсері Тасболат Мерекеновтің облыс әкімінің атына жазған хаты қолдау тауып, ел ішіне желпініс әкелген ғажап күндер еді. Кинотуындыны жасаушылар осында түсірілетін үш көріністің толық сипаттамасын жолдап, сары алтынды алқаптың, сексенінші жылдарғы комбайндардың, «Газ», «Зил», «Жигули» сияқты автомашиналардың, тіпті, «Икарус» автобусының болуын қарастыруды өтініпті. Мұның барлығы СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Михаил Горбачевтің Целиноград облысына сапарына орайластырылған көріністің мейлінше шынайылығын қамтамасыз етуі қажет. Түсіру тобы бұдан кейін де ауданға екі рет келіп, барлық жағдайды түбегейлі пысықтады. Бұл режиссер Сергей Снежкин журналистермен жүргізілген сұхбатта айтқанындай, өте абыройлы әрі орасан жауапты жұмыс еді.
Жуырда ауданда болғанымызда, ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Қайрат Қалабаев мұны аудан өміріндегі тарихи оқиға ретінде бағалады. «Бүкіл жұртшылық кино түсіруге ортақтасу ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуы мен қалыптасуы кезеңіндегі еңбегінің жанды көрінісінің қатысушысы сезімінде болғанын сөзбен жеткізудің өзі қиын. Біз сол кездегі аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің басшылығымен ұйымдастыру бағытындағы қыруар жұмысты атқардық. Өзіңіз ойлап көріңіз, «Қазақфильм» киностудиясы Астраханға қажетті жабдықтарды 18 ауыр салмақты жүк машиналарымен жеткізді. Ал, «Чайканы» былай қойғанда, Михаил Горбачевтің Москвадан алдырылған 1989 жылы шығарылған бронды «Зил» автомашинасының салмағы 5,2 тоннадан асады екен».
–Орасан ауқымдағы жұмыстар атқарылды, –дейді «КТ Федоренко и К» шаруа қожалығының жетекшісі Иван Федоренко. Өзге шаруашылықтар да көп көмек жасады. «Зеленое» ЖШС «Зил» машиналарын, «Нива СХП» ЖШС директоры Дәулет Жұмалдинов алты, «Карпевич» ШҚ үш «Нива» комбайнын алып келді. Бұларды бояп, нөмірледік. «Жібек жолы» мейрамханасының қызметкерлері көрініске қатысушыларды дала қосында тамақтандырып отырды. Қысқасы, бұл істен ешкім де сырт қалғысы келмейтін.
Жалпы көріністерге Астрахан, Жалтыр, Первомай, Зеленый ауылдық округтерінің тұрғындары қатысты. Михаил Горбачевтің қасындағы құрметті топтың қатарында генерал «шенінде» аудандық мәслихаттың депутаты Виктор Зинченко, лауазымды шенеунік рөлінде Первомай ауылдық округінің әкімі Вячеслав Дембицкий болды. Бас хатшыны нан мен тұзбен қарсы алғандар ішінде Новочеркасск мектебінің 11 сынып оқушысы Дарья Силко да жүрді. Сол күндердің архив құжаттарынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынай Айтжанов пен «Ветсервис+» мекемесінің директоры Руслан Мұқановты кездестірдік. Киноға С.Айтжанов Қазақстан Респуб-
ликасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Р.Мұқанов обком хатшысының бейнесінде түсіпті.
-Мен үшін, барлық жерлестерім үшін «Елбасы жолы» кинодәуірнамасына шет жағалап болса да қатысудың, Елбасының тағлымды тағдырына араласып кетуді сезінудің өзі үлкен бақыт. Біз Тұңғыш Президентіміздің мемлекет құрудағы, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытудағы, болашағымыз жолында аянбай тер төккен қажырлы еңбегінің ауырлығы мен абыройлы екендігін ұғындық. Өміріміздің осы бір жарқын сәтін мақтан етеміз!

Бақберген Амалбеков.
Астрахан ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар