Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғалымдар жерді байыпты күтіп-баптаудың берері мол екендігін айтады - АРҚА АЖАРЫ

Ғалымдар жерді байыпты күтіп-баптаудың берері мол екендігін айтады

Елбасының биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізу жөнінде атап өтілді. Осы орайда, өңірлік коммуникациялар қызметі Шортандыдағы «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігіне баспасөз турын ұйымдастырып, ауыл шаруашылығын ғылыммен байланыстырудың өзектілігіне тағы бір көзіміз жеткен болатын.

Елбасы биылғы Жолдауында 2023 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруды тапсырды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауының нәтижесінде орталық «1046,8 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғыларын сатып алып, нақты жер өңдеудің сынақтық-технологиялық платформасын құру» жобасын жүзеге асыру мақсатында жарғылық капиталын көбейтті. Осы орайда, 2018-2020 жылдары бағдарламалық қаржыландыру аясында 5 ғылыми жоба дайындалды. Оның үшеуі мақұлданып, іске асыруға 774,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Өткен жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру 250,0 миллион теңгені құраған еді.
  Орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев өз сөзінде ең үздік технологияларды Германия, Канада мен Бразилиядан алғандарын атап өтті.
–Бізге өз алқаптарымызда шетелдің технологиясын көрсету жөнінде тапсырма берілді. Әлемдегі жаңашылдықтың бәрін өзімізге енгізуге тырысамыз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шетелдердің білікті мамандарымен келісім-шартқа отыра бастадық. Мәселен, Германиядан келген маман орталықта жарты жыл жұмыс істеді. Бұл ғалымның кеңесімен алқапқа гербицид пен тыңайтқышты біркелкі сіңіретін техникалар сатып алдық. Жұмыс электрондық-агрохимиялық карта арқылы компьютермен басқарылады. Бұл технология қаржы мен тыңайтқышты үнемдейді. Ақмола облысында астық сапасының деңгейі төмендеп кетті. Фосфор болмаса, астықтың қамырлығы нашарлайды. Ал, азоттық тыңайтқыш астықтың шығымдылығын арттырады.
Біз «Атамекен агро» серіктестігінің 500 гектар алқабында тәжірибе жасадық. Нәтижесінде олар гектарынан 60 центнерден астық алды. Орталықтың қырманы 500 тоннаға шақталған. Өткен жылы 2 мың тонна, биылғы жылы 6 мың тонна астық жинап алдық. Сондай-ақ, 2017 жылы қамбаға 1,5 мың тонна тұқым құйылса, биыл бұл көрсеткіш 2,5 мың тоннаны құрады.
Алдағы уақытта қырманды ұлғайтуды межелеп отырмыз. Канадада орташа астық шығымдылығы гектарынан 18 центнерді құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 40 жылдан бері гектарынан 9 центнерден аспай қойды. Жер дұрыс өңделмегендіктен, құнарлығы азайды. Қазір өзіндік құны төмен жасымық тәрізді бұршақты дақылдар себу керек. Оған азот енгізудің қажеті жоқ. Келесі жылы бидай жақсы өседі. Жасымықты Индия, Түркия және өзге де Азия елдері тұтынады. Сондай-ақ, бұршақ және майлы дақылдар корпорациясын құру қажет. Мекеме үкіметаралық келісім-шарт жасап, бұл өнімді сататын рынок іздейді. Әзірше жасымықты сату өзекті мәселеге айналуда. Біздің мақсатымыз – елімізде астық шығымдылығын 15 центнерге жеткізу,–деді Кенже Абдуллаев бізбен әңгімесінде.
«А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігі базасында «нақты жер өңдеуді» енгізу үшін «нақты жер өңдеудің» элементтері қолданылып, пилоттық жоба жасалды. Ақмола облысындағы 3 мың гектар алқапта «нақты жер өңдеу» полигоны құрылды. Мұнда технологиялық жаңалықтар тестіленеді. Оның ішінде алқапқа минералдық тыңайтқыш пен өсімдікті қорғау химикаттарын біркелкі енгізу қарастырылған. Бұдан қаржының 20-40 пайызы үнемделеді. Ол жөнінде орталықтың ғылыми қызметкері Ардақ Сасықов айтып берді.
–Ресейлік «Агронетур технология» бағдарламасын пайдаланамыз. Бұнымен «АгроСмарк кz» компаниясы айналысады. Бұл бағдарламалардың көмегімен алқаптардың картограммасын жасаймыз. Сондай-ақ, агрохимиялық зерттеу жүргіземіз. Бірінші кезекте алқаптың электрондық картасы салынады. Бұдан кейін агрохимиялық зерттеу жүргіземіз. Жерді өңдеу жүйесінде барлық алқапқа тыңайтқыштар мен пестецидтердің бір мөлшері енгізіледі. Нақты жер өңдеу жүйесі барлық алқаптағы құнарлы заттар құрамының біркелкілігін қарастырады. Алқап учаскелерге бөлінеді. Әр учаскеде біріккен сынама алынады. Нитрат құрамының көрсеткіштері бойынша оның төмен және орта құрамы анықталады. Тыңайтқыш техникамен сіңіріледі. Бұл жұмыс та компьютерлендірілген. Тыңайтқыштың жерге енгізілгені монитор арқылы бақыланып отырады. Осының арқасында тыңайтқыш үнемделеді,–дейді ол.
1975 жылдан бері орталықтың ғимаратына жөндеу жұмысы жүргізілмепті. Биылғы жылы бұл мақсатқа 300 миллион теңге бөлініп, орталықтың 11 өндірістік нысаны ағымдағы жөндеуден өткен. Шатырлары да ауыстырылыпты.
– Орталықта астық сақтайтын қойма жоқ. Кеңсені жөндеуге 100 миллион теңге бөлінді. Мұндағы электр желілері жүйесінің барлығы ауыстырылды. Сөйтіп, зертханалардағы қондырғылармен қауіпсіз жұмыс істеуге жол ашылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникаларының паркіне шетелдік трактор, комбайн, кешен тәрізді техникалар сатып алдық. Енді біз диқандарға шетелдік технологияны іс жүзінде көрсете аламыз,– дейді орталықтың бас директоры. Орталық жарғыға сәйкес ғылыми жұмысынан өзге ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше тұқымы өндірісімен айналысады. Өткен жылмен салыстырғанда жазғы бидай шығымдылығы 2,5 есе артып, биылғы жылы оның өнімділігі гектарына 25,5 центнерді құрады.
Біз баспасөз туры барысында экология және топырақты агрохимиялық зерттеу зертханасының жұмысымен таныстық.
–Биылғы жылы экологиялық тәуекелдік, астықтың ауруы, кішкентай ағза тәрізді өте үлкен жобаны ұтып алдық. Бұдан басқа фермерлік шаруашылықтарға қызмет көрсетеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылы қолдарында агрохимиялық зерттеу есебі бар фермерлік шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштарды субсидиялайды. Осы орайда, биылғы жылы агрохимиялық талдау жүргізіп бер деп өтініш білдірген шаруашылықтар саны көбейді. Сараптама қорытындысы бойынша біз минералдық тыңайтқышты нормамен енгізу жөнінде хаттама береміз. Сондай-ақ, картоп өсірушілердің суармалы алқабының тұздылығын анықтаймыз. Оларға агрохимиялық шаралар енгізу жөнінде ұсыныс жасаймыз. Зертхана экологиялық мониторинг жүргізумен айналысады. Біз микроэлементтер мен булы газдың құрамын анықтаймыз,–дейді зертхана меңгерушісі Қайрат Құнанбаев. Келесі жылы орталық үш зертханаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді, 60 пәтерлік тұрғын үй салуды, сыртқы жылу құбырлары жүйесін қалпына келтіруді межелеп отыр. Сондай-ақ, суармалы жер, омарташылар бөлімі, Астананың азық-түлік белдеуі бағытында жұмыс істеуді қолға алмақшы.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар