Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шынайы көңілмен қабылдаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Шынайы көңілмен қабылдаймыз

Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының көші-қон бөлімімен екі мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Олар: оралман мәртебесін беру және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, оны қайта рәсімдеу және ұзарту.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде, тегін көрсетіледі. Қызмет алушылар тарихи Отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Рес-
публикасына келген, еліміз егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары болып табылады.
Ақмола облысында ағымдағы жылы 382 адамға оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Қытайдан – 120 адам, Моңғолиядан – 122 адам, Өзбекстаннан – 70 адам, Ауғанстаннан – 56 адам, Ресейден – 12 адам, Қырғызстаннан – 2 адам.
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта рәсімдеу және ұзарту» мемлекеттік қызметі «Е-лицензирование»: www.elicense.kz мемлекеттік дерекқоры арқылы көрсетіледі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде, тегін көрсетіледі. Қызмет алушылар Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды тартатын жұмыс берушілер және өз бетінше жұмысқа орналасатын қызметкерлер (шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар) болып табылады.
2018 жылы «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта рәсімдеу және ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 34 рұқсат берілді, оның ішінде бірінші санаты бойынша – 3 (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санаты бойынша – 3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), үшінші санаты бойынша – 13 (мамандар), төртінші санаты бойынша – 0 (білікті жұмысшылар), маусымдық шетелдік қызметкерлер – 13, корпоративтік аудару шеңберінде ауыстырылғандар – 2.
Рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшіне рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемесінің мөлшеріне сәйкес салық алымы алынады.
Алым мөлшерлемесі тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына және жұмыс берушінің экономикалық қызмет түріне байланысты 137 айлық есептік көрсеткіштен 250 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленеді.
Алайда, жұмыс берушілерге жергілікті кадрларды ұстауға міндеттерді сақтау бойынша шарттары қалады: бірінші және екінші санаты бойынша – кемінде 70 пайыз; үшінші және төртінші санаты бойынша – кемінде 90 пайыз.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар: бірінші санатқа – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі айға; екінші және үшінші санаттарға – кемінде үш рет қана он екі ай мерзімге ұзартумен он екі айға; төртінші санатқа – ұзарту құқығынсыз он екі айға; маусымдық шетелдік қызметкерлерге – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейін мерзімге беріледі.
Шетелдік жұмыс күшін өңірдің 17 кәсіпорны тартып отыр, олардың ішінде Біржан сал ауданының «Семизбай-U» ЖШС, Бурабай ауданының «Burabaу Hotel Management» (Бурабай Хотел Менеджмент) ЖШС, Степногорск қаласының «Қазақалтын» ГМК» АҚ, Көкшетау қаласының «Стерх» ЖШС және тағы басқалары бар. Еңбек мигранттары келетін негізгі мемлекеттері: Қытай, Словакия, Чехия, Украина, Өзбекстан, Үнді.
Мемлекеттік қызметтер заңнамамен белгіленген мерзімдерде көрсетіледі. Осы қызметтер бойынша ақпаратты басқармада және басқарманың social@akmo.kz ресми сайтынан алуға болады.
Едіге ИСЕНОВ,
Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар