Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмоланың жас барысы» турнирі өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмоланың жас барысы» турнирі өтті

Спорт – денсаулық кепілі. Бұл ұғымды әрбір спортшы қолдайды. Тек спортпен ғана айналысатын адамдардың салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіншілігі бар. Егер ұлдарымыз бен қыздарымызды спортқа бала кезден-ақ баулитын болсақ, еліміздің жастары дені сау, спортқа жақын болып өсер еді.

Спорт түрлерінің ішінен ерекше атап өтетіні – күрес. Күрес – ертеден келе жатқан спорт түрі. Оның: қазақша күрес, грек-рим, еркін, самбо және дзюдо күресі сияқты түрлері бар. Елімізде қарқынды дамып келе жатқаны әрине, қазақ күресі. Қазақ күресі тек еліміздің өңірлерінде ғана етек жайып қоймай, сондай-ақ, әлем бойынша таралған ерекше күрес түрі. Қазақ күресінен қазіргі кезде дүние жүзінен көптеген палуандар «Әлем барысы» турниріне қатысып, жүлде алып жатқан жайы бар.
Егемендігімізді алғанымызға 27 жыл болды. Осы жылдар аралығында елімізде қазақ күресі бойынша қазіргі жастарға үлгі болатындай палуандарымыз бар. Олар: Айбек Нұғымаров, Ержан Шынкеев, тағы басқалары. Осылардың ішінен Айбек Нұғымаров «Әлем барысы-2017» турнирінде бірінші орынды жеңіп алған спортшы.
Жоғарыда айтылғандай, қазақ күресінен әлем және еліміз бо-
йынша жетістіктеріміз баршылық. Еліміздің кей өңірлерінде де осы спорт түрінен тарихта бұрын-соңды болмаған турнирлер өткізіліп жүр. Соның бірі «Ақмоланың жас барысы» атты турнир. Бұл турнир Шортанды ауданының №3 орта мектебінде өткізілді. Онда облыс бойынша 200-ден астам жас палуандар өз бақтарын сынады. Турнирді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы мен Ақмола облысы Шортанды ауданы жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Сайыс облыс бойынша көптеген жас палуандардың осы спорт түрінен өздерін көрсете білулеріне мүмкіндік туғызды. Солардың ішінен ауыр салмақта «түйе палуан» атанып, басты жүлде – ноутбукты ұтып алған Аршалы ауданының палуаны Орал Оңдасынды ерекше атауға болады. Өз салмақ дәрежелері бойынша бірінші орынға Мырзаболат Алдамир, Бекнұр Фазылов ал, екінші орынға Церег Ахмет пен Орал Ислам ие болды. Ал, қола жүлде Абушахман Ерасыл мен Орал Темірланның еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар