Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қолдаудың толымды нәтижесі - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қолдаудың толымды нәтижесі

Мемлекет тарапынан соңғы жылдары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аграрлық секторға үлкен қолдау көрсетілуде.

Бұл мал шаруашылығының дамуына үлкен серпін берді. Мәселен, биылғы жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 58,5 миллион теңге мемлекеттік субсидия алды. Ауданда әртүрлі меншіктегі шаруашылықтарда 22,1 мың бас ірі қара, 7,2 мың бас жылқы, 18,7 мың қой мен ешкі және 298,2 мың құс бағылады. Биылғы жылы 3,3 мың тонна ет, 17,9 мың тонна сүт, 5115 мың дана жұмыртқа өндірілді. Вознесенский селолық округінде орналасқан «Kerim Grour» серіктестігі «Ырыс» бағдарламасы бойынша 50 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын ашып, Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» серіктестігіне 23 тонна сүт өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы 5 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса, оның екеуі ет және үшеуі сүт бағытында ашылған болатын. Сүт бағытындағы бір кооператив сүт сатып алумен айналысады. «Содружес-тво» ауыл шаруашылығы кооперативі бірнеше округтерден сүт сатып алып, «Гормолзавод» серіктестігіне 44,6 тонна сүт тапсырды. Сондай-ақ, «Қайрат» шаруа қожалығы аталмыш сүт зауытына 5 тонна сүт өткізді.
Аудан шаруашылықтары малдарды асылдандыру бағдарламасына қатысуда. Асыл тұқымды өгізшелер сатып алынып, тұрғындардың қоғамдық табынына жіберіледі. Бағдарламаға 1958 бас сиыры бар 30 шаруашылық, серіктестік пен шаруа қожалығы қатысуда. Аудан биылғы жылы мен өгізшелерді бордақылау алаңдарында семірту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бүгінгі таңда «Новобратский и К», «Партизанский-1» серіктестіктері мен «Қайрат» шаруа қожалығына 304 бас өгізше тапсырылды. Мал шаруашылығы өнімін көбейту үшін Вознесенский селолық округінде орналасқан «Kerim Grour» серіктестігі ірі қара мен жылқы өсіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыра бастады. Инвестициялық жобада жылына 78 тонна ірі қараның және 64 тонна жылқының етін, 180 тонна сүт өндіру қарастырылған. Бүгінгі таңда серіктестіктің 100 бас малы бар.
Қараөзек ауылдық округінде орналасқан «Нанар фирмасы» серіктестігі өз қаржысы есебінен ұңғыма қазды. Қазір су қоры бар. Ауданда сүт өндірісін молайту үшін екі ірі инвестициялық жоба жасалуда. Виталий Варданян басқаратын «Нанар фирмасы» серіктестігі және Қазақстан Жанәділов басқаратын «Никольский» серіктестігі тауарлы сүт фермасының құрылысын жүргізбекші. Бүгінгі таңда жер учаскелері бөлініп, жоба дайындалуда. «Данилов» селолық округінде орналасқан «Капитал» және «МаксТрейд» серіктестіктері келешекте тағы 100 бас сиырға арналған екі тауарлы сүт фермасын ашуды жоспарлауда. Ет кластерін кеңейту үшін «Ел-Хан» шаруа қожалығы «Қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының несиесі арқылы шетелден ірі қара әкелуді жос-парлауда. «Данилов» селолық округінде орналасқан «Сардо» серіктестігі 30 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын ашудың және сыр өндірісінің жобаларын дайындауда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша «Журавлевка-1» серіктестігі үздік кәсіпорын деп танылды.
Биыл аудан диқандары 206 мың гектар алқаптың астығын шашпай-төкпей жинап алды. Оның ішінде «Даниловский и К», «Ивановка НС», «Журавлевка-1» серіктестіктері мол астық алды. Сондай-ақ, орақ науқанында «Журавлевка-1» серіктестігі үздік ауыл шаруашылығы құрылымы, «Макинский элеватор» серіктестігі үздік астық қабылдау кәсіпорны аталымына ие болды.Бүгінгі таңда ауданда 109 жерді пайдаланушы 280,3 мың гектар алқапты цифрландырды. Бұл барлық алқаптың 96,7 пайызы. 60 жер пайдаланушы 73,4 мың гектар жайылым жердің цифрландыруына да қол жеткізді. Сондай-ақ, шабындық жерді цифрландыру толық аяқталды. Сөйтіп, ауданның ауыл еңбеккерлері алдарына қойған тапсырманы ойдағыдай атқаруға тырысуда.

Амангелді КАМЕЛИНОВ,
Бұланды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар