Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
32 миллион теңгенің өнімі сатылды - АРҚА АЖАРЫ

32 миллион теңгенің өнімі сатылды

Өткен сенбіде Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Сауда шатырларын Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев аралап көріп, оның ұйымдастырылу деңгейіне назар аударды.

Жәрмеңкеге Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары өз өнімдерін шығарды. Қала тұрғындары нарық бағасынан төмен бағаға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Азамат Сағынбаевтың айтуынша, жәрмеңкеге қырықтан астам ауыл шаруашылығы өнім түрлерін әкелген. Тұтынушыларға 18,9 тонна ет, құс еті және шұжық, 200 келі балық, 153,6 мың дана жұмыртқа, 3,8 тонна сүт және сүт өнімдері, 11 тонна картоп, 2,2 тонна көкөніс ұсынылды. Әсіресе, Бурабай ауданындағы «Агроинвест» серіктестігі сауда шатырының алдында тұтынушылар қарасы көп болды. Олар арзан бағамен жұмыртқа сатып алып жатты.
Біржан сал ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Кәрібай Шаймерденовтың айтуынша, «Шәріпов» шаруа қожалығы, Еңбекшілдер мен Уәлиханов ауылдық округінің тұрғындары 2 тонна ірі қара етін әкеліп, келісін 1250 теңгеден сатқан. Сондай-ақ, «Краснофлот», «Донской» селолық округтерінің тұрғындары өздері әкелген 600 келі қой етінің келісін 1200 теңгеден сатты.
Көкшетау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркеш Әленов облыс орталығының өңдеуші кәсіпорындары саудалаған әртүрлі азық-түлік тағамдары сөрелерде көп жатпағанын айтып өтті. Жәрмеңкеде 32 миллион теңгенің азық-түлік тағамдары сатылды.
Азық-түлік тағамдарының бағасы мен сапасы жөнінде қала тұрғыны Абылай Жұмабаевты әңгімеге тартқан едік. Ол соңғы кезде жәрмеңке өткен жылдарғы деңгейде өткізілмей отырғанын айтты.
–Мүмкін бұл кемшілік жәрмеңкені ұйымдастыру жұмысына аудан әкімдерінің тікелей араласпауынан туындап отырған болар. Соңғы кезде ауыл-селолардан әкелінетін азық-түлік тағамдары азайып кетті. Жәрмеңке қалада азық-түлік тағамдары бағасының шарықтап кетпеуі үшін өткізілетіні белгілі. Дегенмен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнім бағасын арзандатқанмен, сапасы төмен болып жатады. Мәселен, тұтынушыларға арық ірі қараның еті ұсынылды. Сондай-ақ, жұмыртқаның үшінші сорты ғана арзан бағамен сатылды. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелушілер алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін,–дейді ол.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар