Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл дамуына серпін берді - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл дамуына серпін берді

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы кезеңдік сипаттағы тұрақты дамуға негізделген.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауды қарастыратын «Қазақстан республикасында өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қарашадағы Қаулысымен бекітілді. Осыған сәйкес, тұрғындар саны екі мыңнан асатын Астрахан, Жалтыр және Превомай ауылдық округтерінің аппараты төртінші деңгейлі бюджеттік бағдарламалардың үйлестірушісі ретінде белгіленген. Бұлардағы жұмыстардың барлығы жергілікті қауымдастықтың қатысуымен және олардың ұсыныс-пікірлері негізінде жүргізіледі.
Мұның өзі ауыл округтері әкімдерінің жергілікті шаруашылық, әлеуметтік салалардағы және ауылдық округ аумағындағы жер, мүлік ресурстарына қатысты мәселелерді шешудегі, сондай-ақ, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасаудағы өкілеттігін күшейтеді. Ең бастысы, аталған үрдістің мақсаты тұрғындар мен олар құрған қауымдастықтың қоғам өміріндегі белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру болып табылады. Астрахан ауданы әкімдігі тарапынан жүргізілген мониторинг деректері бұл талаптардың толық ауқымда қамтамасыз етілетіндігін айқындайды.
Қанатқақты жобаның қайтарымы да көңілдегідей көрінді. Аймақтарды дамытудың 2020 бағдарламасы шеңберінде Астрахан ауылдық округінің аппаратына көшелерді әмбебап жарықтандыру үшін 3900,0 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Қаржының толық игерілуі нәтижесінде аудан орталығы самаладай жарыққа бөленіп тұр.
Тұрғындар тарапынан Жалтыр ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандардағы өзекті мәселелер туралы шағымдар жиі айтылатын. Бұл жағдай облыс әкімінің тікелей онлайн-байланысында да көтерілген болатын. Биыл өзге де қаржыландыру көздерінен тысқары, Жалтыр ауылдық округінің аппаратына 3812,8 миллион теңге мақсатты қаржы бөлінген екен. Бұл ауылдағы №1 орта мектептің кәріз жүйесін, №4 орта мектептің шатырын және №2 орта мектептің жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге мүмкіндік жасаған. Сондай-ақ, Первомай ауылдық округінің аппаратына бөлінген 3781 миллион теңгенің жергілікті мектептің қоршауын алмастырып, абаттандыру жұмыстарына жұмсалғанына тұрғындар ризашылық білдіруде.

Бақберген АМАЛБЕКОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар