2018 жыл 14 шілде. Бурабайдағы Абылай хан алаңында «Астана-Опера» театры композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара»
операсын тұңғыш рет ашық аспан астында қойды. Бұл қойылымға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Ақмола облысы бойынша 2018 жылдың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспарға сай жүргізіліп, 90 арнайы ұйымдастырылған шаралар жүзеге асырылып, 738 шараны қамтитын кес-те желісі жасалды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2,5 миллиард теңге қарастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әдеби өлкетану бағытын жүзеге асыру аясында 2018 жылы Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі» альбом-кітабы баспа жүзін көрді.
***
Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың ағылшын тілінде жарық көрген «Заманай мен Аманай» романы демеушілер қаржысымен Лондон қаласында ағылшын тілінде басылып шықты.
***
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Әбуевтің «Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлері» библиографиялық очерктері, жазушы-публицист Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» кітабы, Ақмола облысы туралы «Жер жәннаты – Aqmola» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде фотокітап, «Сал-серілер» кітапханасы сериясының алғашқы кітабы «Ақан сері» жарық көрді.
Ескерткіштерді қалпына келтіру белсенді жүргізілуде. Бұл бастаманы меценаттар қолдады. Мәселен, Зеренді ауданында кәсіпкер Борис Козлов өз қаражатына Уәли хан мазары аумағын қалпына келтіру мен абаттандыруды ұйымдастырды.
***
2018 жылдың басынан бастап QR-код технологиясы арқылы ескерткіштер мен тарихи сәулет құрылыстарын цифрлау бойынша «Ескерткіштер сыр шертеді» жобасы басталды. Бүгінгі күні 55 нысан цифрландырылды.
***
Биылғы жаз айларында Ақмола-Көкшетау өңірінің киелі нысандарына Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан 150 бала саяхаттап келді. Өз кезегінде 55 ақмолалық оқушы Қызылорда облысында болды. Бұл игі бастамалар алдағы жылы да жалғасын табады. Алдағы уақытта облысымыздың балаларының Түркістан, Павлодар немесе Маңғыстау облыстарына саяхаттап бару мүмкіндігі қарастырылуда.
Ақмола облысы бойынша «Рухани қазына» кіші бағдарламасының республикалық жобалар тізіліміне 97 әлеуметтік-мәдени және инфрақұрылымдық кіші жобалар мен шаралар енгізілді.
***
2018 жылы 56 жоба бастау алды. «Алтын тағалы Атбасар» жобасы шеңберінде қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарды сату көрмесі ұйымдастырылып, өткен ғасырдағы жәрмеңке, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жаңғыртылып, ұлттық ойындар ойналды, сал-серілердің шығармашылық мұралары жұртшылық назарына ұсынылды.
***
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі әдеби және өнер музейімен, Ш.Құсайынов атындағы облыстық музыкалық-драма театрымен, облыстық орыс драма театрымен бірлесіп Ақан серінің 175 жылдығына арнап «Мәңгілік әуені» этно-DAY өткізді. Сонымен бірге, облыстық тарихи музей «Елбасы және Тәуелсіздік» қазіргі заман тарихы залын 29 миллион теңгеге қайта жаңғырту жұмыстарын жасады.
***
Демеушілердің қаржысы есебінен 6,5 миллион теңгеге Степногорск тарихи-өлкетану музейіне күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа көрме залдары ашылды.