Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп музейі - АРҚА АЖАРЫ

Мектеп музейі

Атбасар ауданындағы Есенгелді орта мектебінің музейі 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде ауыл және өлке тарихы туралы көптеген құнды мұрағаттар жинақталып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған жер мен елге деген сүйіспеншілік сезімін орнықтыруға қызмет етуде.

Мектеп директоры Кенжетай Смағұлованың айтуынша, музейді құру ісі 1993 жылдан басталыпты. Сол тұстағы мектеп басшылығының ұйымдастыруымен халық арасындағы сақталған түрлі мұрағаттарды жинақтау ісі қолға алынған. 1995 жылы сол кездегі орта мектептің директоры В.Аустың бұйрығымен өлкетану музейі ашылған. Оған арнап аумағы 28 шаршы метр болатын бір бөлме босатылып, ол музей ретінде жабдықталады. Қазіргі күні жинақталған мұрағаттардың саны – 228. Мұрағаттарды жинауға еңбек ардагерлері О.Досмұрзина, Л.Семенча, З.Бублик сияқты ұстаздар көп көмектесіпті. Музейге кірген сәтте өлкенің өткен кезеңі көз алдыңа келгендей болады.
Ладыженка аталатын селоға алғаш келген қоныстанушылардан бастап, тың игеру жылдарындағы үлкен науқанға белсене қатысқан ардагерлер туралы толық және жан-жақты мәліметтер берілген. Мәселен, музейдің «Алғашқы қоныстанушылар» деген бөлімінде 1895-1900 жылдары ішкі Ресейден келген қоныстанушылар туралы сақталған жазба құжаттарының көшірмесін көресіз.
Ортада қазақтың киіз үйі түрінде өрнектелген мектеп оқушыларының қолынан шыққан туынды өткен ғасырдағы киіз үйді көз алдыңа әкеледі. Керегеге аң терілері ілініп, қазақтың ою-өрнектерімен әшекейленген. Ортадағы дастарқан жайылған жатаған дөңгелек үстел қазақтың қонақжайлылығын паш етеді.
Музейдегі «Ауылымыздың тарихы, салты мен дәстүрі», «Салт-дәстүрлер», «Ауыл: кеше, бүгін және ертең», «Мектеп тарихы» сияқты бөлімдерден ауыл, мектеп тарихы мен ауыл адамдары жайлы толыққанды ақпараттар аласыз.
Бүгінде тарих пәнінің мұғалімдері Г.Қамбатырова мен Г.Қозбағарова ауылдан шыққан Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистер, ардагер ұстаздар, тыл ардагерлері туралы деректер жинауда. Яғни, музей алдағы уақытта да жаңа мұрағаттармен толыға түседі деген сөз.

Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Атбасар ауданы.
Суреттер автордікі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар