Қадірлі ақмолалықтар! Келе жатқан жаңа – 2019 жылмен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Жаңа жыл қашанда игі бастамалар мен жағымды жаңалықтардың рәмізі болып саналатын айтулы мереке және солай болып қала береді. Өткен жыл ақмолалықтар үшін есте қаларлық жетістіктер мен айтулы оқиғаларға бай жыл болды және ол жетістіктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойып отырған маңызды да ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға игі ықпалын тигізері анық.
Биылғы жылы облыс диқандары еліміз бойынша ең мол көлемде астық жинады. Облысымыздың аумағында Орта Азиядағы ең ірі құс фабрикасы іске қосылды. Көптеген жаңа кәсіпорындар жұмысын бастап, бала бақшалар, мектептер, спорт құрылғылары, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар салынды. Жыл өткен сайын қарқын алып келе жатқан тұрғын үй құрылысымен бірге, жаңа жолдар салынды, ауылдар мен қалалар абаттандырылып, инфрақұрылымдар жаңғыртылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды көптеген жобалар жүзеге асырылды. Солардың ішінде ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық музейі, қайта жаңғыртылған Уәлихан мазары, атақты ғалым, Кеңес Одағының
Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық жинағы бар.
Қол жеткен осы жетістіктердің бәрі қоғамымыздағы бірлік пен тыныштықтың, ортақ мақсат жолындағы белсенді еңбектің арқасында болып отырғаны белгілі. Жаңа жылда ойға алған барлық мақсаттар орындалып, игіліктерге жете берейік! Баршаңызға зор табыс, мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік тілеймін, туған өлкеміз өркендеп, гүлдене берсін!
Құрметті ақмолалықтар!
Қасиетті еліміздің босағасын аттап, енгелі тұрған Жаңа 2019 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралай отырып, бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, алдағы бастамаларға жарқын келешек сыйлайтын кезең екендігі белгілі. Біздің көпұлтты мемлекетте татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Бұл жыл ақмолалықтар үшін де жемісті жыл болды. Аймағымызда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мұның барлығы ортақ істің оң нәтижесі.
Келер жыл да толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Барлығымыз бір адамдай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларын абыроймен іске асыратынымызға сенімдімін. Жаңа жылда баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Елімізді өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын! Халқымыз аман, еліміз бүтін болып, қасиетті Отанымыз өркендей берсін.
Жаңа жыл әрбір жанұяға жақсылық әкелсін!
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.