Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тарихының бір беті - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тарихының бір беті

Ақмола облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Орынбай Жанайдаровтың «Оқжетпес» спектаклінің премьерасы көрермендер назарына ұсынылды. Бұл қойылым қазақтың дауылпаз ақыны Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына негізделген драмалық баллада.

Орыс драма театрының спектакльді қоюдағы басты мақсаты – театр арқылы моральдық және рухани құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту, өз аймағының тарихын біліп, түсінуге ынталандыру десек, қойылым сол мақсат деңгейінен көрінді деп айтуға болады.
Орынбай Жанайдаров Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын Көкшетау театрына арнайы аударып, ұсыныпты. Бұл қойылым көрермен қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. Қойылымды романтикалық трагедия деп атауға болады. Спектакльде өмірдің махаббат пен өшпенділік, мейірімділік пен зұлымдық, қуаныш пен қайғы сияқты өзгермейтін заңдылықтарының ақиқаттығы нанымды берілген.
Алғашында автор поэмаға жалпы тарихи сипат береді. Абылай хан атағы асқақтап, Көкшетауға ордасын тігеді. Міне, сол тамаша табиғи ортада ол өзінің өмірлік мақсатын анықтайды. Хан алдына бүкіл қазақтарды бір орталыққа біріктіру, қарсыластарын тұқыртып, тұтас мемлекет құру мақсатын қояды.
Абылай хан табиғатынан дана билеуші, ақылды әрі мейірімді хан бейнесінде көрінеді. Ол қалмақтарды өз досын өлтіргені үшін кешіріп, өшпенділік сезімін тұншықтыруға, тіпті тұтқынға алынған қалмақ қызын бостандыққа жіберуге де дайын. Бұл қырғи-қабақ соғыс жайлаған сол ел билеген адамдардың бойында бола бермейтін игі қасиет еді. Жалпы, оқиға барысы тұтқын қызбен байланысты өрбиді. Бұл қалмақтың жас сұлу қызы туралы айтылған қызықты аңыздардың бірі.
Абылай хан қалмақтармен болған шайқастан жеңіспен оралады. Сол шайқаста он жеті жасар қалмақ қызы қолға түседі. Оған әрбір жауынгер үйленгісі келеді. Алайда, хан тұтқын қызға күйеуді өзі таңдауға мүмкіндік береді. Қалмақ қызы Оқжетпестің шыңына орамалын байлатып, «кімнің жебесі соған дәл тисе және жазықсыз көгершін жайлы жұмбақтың шешімін тапса, мен соған тұрмысқа шығамын» дейді. Осылайша жас сарбаз Ардақ пен қалмақ қызы арасындағы диалог қойылымдағы жарқын көріністердің біріне айналады. Сондай-ақ, «Оқжетпес» спектакліндегі әсерлі көріністердің бірі – қарт ана ұлының, Абылайдың жақын досының өлімі туралы хабармен ханның алдына келуі. Қарт ананың жалғыз ұлының ажалы жайлы әңгімесі мен қайғысының шынайылығы соншалық, қойылымның ең маңызды көрінісіне айналғандай көрермендерінің көңілінен шықты.
Бұл жерде драматург О.Жанайдаровтың өткен заман бейнесін поэмадағы көрініс арқылы оқырманға шебер жеткізе білуін де атап өткен жөн. Қойылымдағы шынайылық, артық сөздердің болмауы, айқын бейнелер мен кейіпкерлердің өткір сөздері спектакльдің құндылығын арттыра түскендей.
Драматург О.Жанайдаровтың «Оқжетпес» спектаклінде көрініс табатын көл, орман, Оқжетпестей биік таулардың шынайы суреттелуі арқылы өнер сүйер көрермен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағытын терең сезіне түседі.
Спектакльді тамашалау арқылы қойылымның қоюшы режиссері «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива, қоюшы-суретші Наталья Менщикова, музыкамен көркемдеген Владимир Овчинниковтардың еңбектері ұлы дала елінің ғажайыптарын сахналауда көрерменіне біркелкі жақындай түскені көрініп тұр. Қойылымда Абылай хан рөлін сомдаған Андрей Красноштанов, жауынгер рөлінде ойнаған актерлар Станислав Тавген, Андрей Радченко, Александр Баев және Ардақ – Андрей Владимиров, Агдам – Александра Букреева, ана – Надежда Слепцовалар өз кейіпкерлерін шебер бейнелеу арқылы Абылай хан дәуіріндегі қазақ халқының батырлығы мен батылдығын, сүйіспеншілік пен әділдікке, мейірімділікке деген құлшынысын көрсете білген.
Ұлы даланың ежелгі сипаттары бүгінгі «Оқжетпес» қойылымы арқылы рухани жаңғыруда. Ал, театр ұжымы осы «Оқжетпес» спектаклін сахналау арқылы өзінің мол мүмкіндіктері мен шеберліктерін тағы да паш етті.

Асылай Қадырқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар