Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Астаналықтар үшін барлық жағдай жасалған» - АРҚА АЖАРЫ

«Астаналықтар үшін барлық жағдай жасалған»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, бұл сұхбат телеарналар арқылы 2018 жылдың 28 желтоқсаны күні толығымен берілді. Елбасы кездесуде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Елбасының сол сұхбатымен таныстырып отырмыз.

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады. Сондай-ақ, Астананың жиырма жылдығы жоғары деңгейде тойланғанын айта келе, астананы Ақмолаға көшіру себебіне тоқталды.
«Ең терең саяси астарын түсінетін уақыт келді. Ең басында біз оны айта алмадық. Жағдай әртүрлі болды. Елдің ішінде жұртымыздың өзі бірыңғай емес, әр тараптан болды. Соның бәрін ескере отырып, екінші жағынан қиын-қыстау жағдайда елге жаңа жол сілтеу үшін бір осындай жаңалық керек болды. Әрине, мен бастаған кез өте қиын еді. Бір қаланы салып, астананы бір жерден екінші жерге көшіру деген өте қиын. Соның барлығын ойлап келіп, бұрынғы астаналардың көшу тарихын қарап, қалай жасайтынын біліп, ғылыми тұрғыдан келгенде астана елдің қай жерінде болуы керек деген мәселемен келдік. Дәл кіндік ортасы – Жезқазған. Жезқазғанға да, Ұлытауға да бардым. Жол да, теміржол да жоқ. Энергетика да жоқ. 20 жыл Теміртауда жұмыс істедім. Қарағандыны жақсы білемін. Көмірдің ортасына, экологиясы қиын жерге апару…Көкшетауға барсақ шетке шығып кетеміз, Ақтөбеге барсақ батысқа жақындаймыз. Сондықтан, ойланып-толғанып төрт жолдың торабы ретінде Ақмоланы таңдадық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент даладағы аязға қарамастан ешқандай жамандық жоқ екенін айтты.
«Бір жерде ыстық, бір жерде суық. Өзіміздің еліміз, жеріміз. Сарыарқаның ортасы, ата-бабаларымыздың тұяқтары тиген жер. Малын жайған жер. Сондықтан, мұның көп пайдасы болды. Біріншіден, халық көп шоғырланған оңтүстіктен солтүстікке қарай миграцияны күшейттік. Қазір Түркістанды облыстың орталығы дегеннен кейін Астананың тұрғындары қалжыңдайтын көрінеді. Шымкенттіктер бізге келмей, Түркістанға баратын болды ғой деп. Әр нәрсенің аяғына қарау керек қой. Саясаттың адамына ойлаған ойын іске асырып, аяғында жемісін көргеннен артық бақыт жоқ», – деді Елбасы.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев бүгінгі таңда Астананың дүниежүзіне танымал қала болғанын айта келе, астаналықтарға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
«1 миллион 200 мың халқы бар. 30-шы жылдарға қарай 2 миллион болатын шығар. Басында 5-8 қабаттан тұратын қала салсам ба деп ойлап едім. Мына кең далада биігірек болмаса көрінбей қалады деп сәулетшілер бой бермей салды. 230 метрлік «Абу Даби Плаза» салынып жатыр. Бұл посткеңестік елдердегі ең биік ғимарат болады. Мәдениет ошақтары бар, білім ошақтары бар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Қазір астаналық тұрғын үшін барлығы бар. Ешқандай Париж, Берлинге барудың қажеті жоқ. Барлық керекті нәрсе осында бар. Тек ақша тауып, өмір сүру керек. Астанамызды көркейте беру керек», – деді Президент.

«Еуразиялық экономикалық одақтың сауда айналымы 25 пайызға өсті»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық көрсеткіштің жақсарғанына тоқталды.
«Қазақстанда 2014 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық одақ бірден қиын жағдайға тап болды. Дәл сол кезде дағдарыс шырқау шегіне жеткен еді. Соған қарамастан қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 24,5 пайызға өсті. Әрине, оның 90 пайызы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттыққа тиесілі. Одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы тауар айналымы көбейіп келеді және бәріне тиімді екенін көрсетті», – деді Н.Назарбаев.
Президент сауда-экономикалық көрсеткіштің жақсаруына Кедендік одақтың оң ықпал тигізіп отырғанын атап өтіп, мұндай бастамалар көрші мемлекеттермен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді. «Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – әріптестіктің жарқын үлгісі. Министрлік деңгейдегі, ведомствоаралық кездесулер өтіп тұрады. Қазақстан Ресейдің 70-ке жуық өңірімен сауда-саттық байланыс орнатқан. Біздің облыстарымыз тікелей Ресейдің аудандарына шыға алады. Оған қоса, екі елге ортақ кәсіпорындар өте көп. Көлік құрастыру, ауыл шаруашылығы, энергетикалық сала бойынша әріптестік нығайып келеді», деді Елбасы.
Н.Назарбаевтың сөзіне қарағанда, алда-жалда екі ел арасында қандай да бір мәселе туындаса, оның оң шешімін табудың мүмкіндігі бар.
«Көрші мемлекеттерде кейде түсініспеушілік болуы заңдылық. Әйтсе де, оның бәрі министрлік, ведомстволық деңгейде тез шешімін табады. Қазіргі таңда Ресей де, Қазақстан да достық қарым-қатынас ұстанған.

«Миллион тұрғыны бар қалаларды көбейту керек»

Елбасының БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Түркістан қаласының мәртебесі туралы сұрақ қойды.
–Есімізде 2010 жылы Түркияның сол кездегі Президенті Абдулла Гүл мырза Түркістанда өзіңізге асатаяқ ұстатып, «Түркі әлемінің лидері» деп атаған болатын. Биыл соның жарқын айғағы іспетті түгел дүниенің төрі саналатын Түркістанға айрықша мәртебе беретін жарлыққа қол қойдыңыз. Ол тек Қазақстан халқына емес, бауырлас жұрттарды да үлкен қуанышқа бөледі. Енді Түркістан облыс орталығы мәртебесін алды, Шымкент мегаполис атанды. Бұл елімізге үлкен серпіліс беретін бастама. Осы тарихи шешімнің негізгі себептеріне тоқталсаңыз.
–«Түркістан біздің тарихи орталығы-мыздың біреуі. Қазақта орталық көп болған ғой. Ол жерде өте үлкен шешімдер қабылданған. Қазірдің өзінде Түркістанның түбінде, кесененің төңірегінде бірнеше хандарымыздың, белгілі батырларымыздың сүйегі жатыр. Түркі дүниесінің рухани орталығы болып саналады. Қожа Ахмет Яссауидің ілімін қастерлейтін жұрт көп. Былтырдың өзінде 150 мыңға жуық туристер келіп кетті», – деді Президент. Сондай-ақ, Елбасы сұхбат барысында миллион тұрғыны бар қалаларды көбейту жайын талқылады.
«Шымкенттің халқы миллион болғаннан кейін біз оны тікелей орталыққа бағынатын қала деп алдық та, облыстың орталығын Түркістан қаласына алып келдік. Ол жерде тез арада тағы бір үлкен қала пайда болады. Бізге қалаларды көбейту керек. Бізге миллион тұрғыны бар қалалар керек. Әлем бойынша миллион халқы бар қалаларда ғылым-білім, мәдениет тез дамиды. Тәуелсіздік жағдайында қазір үш қаламыз бар. Ендігі маңызды қала – Ақтөбе немесе Қарағанды болса деген ойым бар. Ауылдан қалаға халық көшіп жатыр, урбанизация процесі жүріп жатыр. АҚШ халқының 2%-ы ауылда тұрады. Ал, бізде ауыл халқы 43%-ды құрайды. Ел үшін де, саясат үшін де үлкен мәселе деп санаймын. Түркістанды көтерсек, аз жылдың ішінде үш жүз мың адамы бар қала болып шығады. Құрылысын бекіттім. Департаменттер, үй және мәдениет құрылысы, тарихи мәні болғаннан кейін бірнеше музей құру жоспары бар. Туристерді тартып, үлкен қала болса деген арман бар. Жылыны жақсы көретіндер сонда барсын, сергек болам десе осында келсін», – деді Елбасы.

«Ендігі кезекте кәсіпорындардың санына емес, сапасына мән беріледі»

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнеске байланысты шаралардың алдағы уақытта да белсенді жалғасатынын айтты.
«Осыдан 7 жыл бұрынғы бастама бұдан да ертерек басталуы керек еді, бірақ индус-трияландыру саясатын жүргізу үшін қаржы жинап алу керек болды. Барлығы индустрия-ландыру, жаңа технология деп жатады, дегенмен оны жүзеге асыру тек мемлекетте ақша болған жағдайда ғана мүмкін болады, цифрландыру да, жасанды интеллект те солай. Сондықтан, қорда ақша жинап алған соң біз оны бірден баламалы екінші экономика құруға жұмсадық. Алдыңғы жылға дейін мың кәсіпорын, ал осы жылы жүз кәсіпорын пайда болды, олардың бәрі бүгінде жұмыс жасап жатыр және арасында шағын кәсіпорын да, үлкен кәсіпорын да бар», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, ендігі кезекте бәсекеге қабілетті сапалы кәсіпорындардың санын көбейту керек екенін баса айтты.
«Бізге қырық мың адам жұмыс жасайтын үлкен комбинаттардың қажеті жоқ. Бізге орта және шағын кәсіпорындар керек, егер онда 50 адам жұмыс жасаса, бұл – өте жақсы нәрсе. Сондықтан, біз бұл жұмысты әрі қарай белсенді түрде жалғастырамыз. Бірақ, жұмыстың сапасы өзгеретін болады, бұрында кәсіпорындардың неғұрлым көп болғанын жөн көретінбіз. Ал, енді бізде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, экспорттауға жұмыс жасайтын сапалы кәсіпорындар болуы керек», –деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ортақ валюта енгізуге әлі ерте»

Елбасы өз сұхбатында Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валюта енгізу мәселесі туралы айтып берді. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кездесуінде ортақ валюта енгізу туралы мәселе көтерілген де емес, оны талқылағанымыз да жоқ. Бәлкім, кейбіреулер Еуропа одағында секілді еуро енгізуді қалайтын шығар. Мұның тиімді тұстары бар. Алайда оған әлі ерте», – деді Елбасы.
«Ортақ валюта енгізу үшін ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын бір-біріне сай деңгейге жеткізу қажет. Ол үшін тепе-тең жағдай жасалып, мемлекеттердің экономикалары бір-біріне жетеқабыл болуы тиіс. Сондай-ақ, ЕЭО-қа мүше мемлекеттер ортақ валюта енгізуге бірауыздан келісуі қажет», – деді Н.Назарбаев.

«АҚШ Қазақстанмен байланысын арттыруға ынталы»

Республикалық телеарналардан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл қорытындысы бойынша берген сұхбаты көрсетілді. Елдегі бірнеше ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап берген Президент биылғы жылы АҚШ-қа жасаған ресми сапары туралы айтты.
–Америка құрама штаттарына барған сапарымды тарихи оқиға дегенмен келісе алмаймын. Өйткені, бұл – Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар аралығындағы АҚШ-қа жасаған он бірінші іссапарым. АҚШ-тың бес президентімен кездестім. Америкаға жасаған алтыншы ресми сапар. Айта кетерлігі, Доналд Трамптың ұстанымы өзгеше. Оның ойы «келіссөздердің нәтижелері Америка үшін пайдалы болуы керек» деген бизнесмендердің пікірімен сәйкес келеді.
Ол БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартып, өзгеше жағдай жасап, ең бас-тысы кәсіпкерлермен етене жақсы араласа біледі. АҚШ – бүгінгі таңда әлемдегі ең үлкен державалардың бірі. Экономикалық және әскери қауіпсіздігі жағынан мықты саналады. Бұл – біз мойындайтын факт, – деді Елбасы.
Сонымен қатар, сапар барысында Ақ үй басшысымен жақсы түсініскенін де атап өтті.
– Бұған дейін де біз екі рет телефон арқылы да байланысқанбыз. Одан кейін оның арабтармен болған кездесуінде де жолығысқан болатынбыз. Екі ел президентінің арасындағы «xимиялық» байланыстың бірден-бір себебі екі саясаткердің бірін-бірі жақсы түсінуінде.
Біздің АҚШ-пен ара қатынасымыз жақсы. Бүгінде екі ел арасында шешімін таппай қалған мәселелер жоқ. Бізге салынған инвес-тиция көлемі 40 миллиард доллардан асады. Сондай-ақ, экстремистік қылмысқа қарсы бірлесе жұмыстар атқарып келеміз. Әрқашан ортақ тіл табысамыз. Америкалықтар бізбен арадағы ынтымақты нығайтып, одан әрі дамыта түсуге ынталы, –деді Мемлекет басшысы.

«Биыл 12 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев журналис-терге берген сұхбатында Қазақстандағы тұрғын үй мәселесіне тоқталып, 2018 жылы қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі рекордтық көрсеткішке жететінін мәлімдеді.
«Тұрғын үй мәселесі – өте маңызды. Бұл бағытта қанша жұмыс атқарсаң да, ешқашан бітпейді. Бірақ, мұны жақсы жағынан түсіну қажет. Өйткені, халықтың саны артып, қажеттілігі өсіп келеді деген сөз. Кейінгі кезде көптеген игі бастамалар іске қосылды. Мәселен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің пайыздық мөлшерлемесі төмен екені белгілі. Бұл жұмыс жалғаса береді. Екіншіден, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына арнап мемлекеттік тұрғын үйлер салынып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
Президент «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өте көп мөлшерде үй берілгенін атап өтіп, «7-20-25» бағдарламасының тиімді тұсын айтып берді. «Бұрын банктерге пәтер құнының 50 пайызын жинау қажет еді. Қазір бұл сома 20 пайызға азайтылды. Ұлттық банк-
те пайыздық мөлшерлеме – 12,5-ті құрайды. Ал, бұл бағдарлама бойынша 7 пайызбен несие беріледі. Қалғанын мемлекет өтейді. Бұл – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жұмсайтын қаражаты», – деді Н.Назарбаев.
«2017 жылы 11 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл – тарихи көрсеткіш. Биыл мұны 12 миллионға жеткіземіз. Бұл – 100 000 пәтерге тең. Яғни, жыл сайын жарты миллион тұрғын жаңа үйге кіреді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді Президент.

«Бізге өнімдерді қайта өңдеп, бағасын көтеру керек»

Нұрсұлтан Назарбаев экономика үшін қайта өңдеудің маңызын түсіндіре келіп, оны дамыту керектігін айтты.
«Бізге өнімдерді қайта өңдеп, бағасын көтеру керек. Бүгінгі таңда бидайды қайта өңдеудің мүмкіндіктері кең болғаны соншалық, одан тіпті мата өңдеп шығаруға болады. Яғни, бізге бидайды емес, ең болмағанда ұнды, ұн өнімдерін сату керек. Сондықтан, енді зауыттарды параллель салу арқылы қайта өңдеуге индустрияландыруды бағыттаймыз», – деді Елбасы.

«Латын қарпін «Егеменнен» оқыңдар»

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бо-йынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халыққа, мәдениетке, тарихқа деген көңіл бөлу мәселесі екенін атап өтті.
«Қазір мемлекеттік комиссия өз жұмысын бірте-бірте істеп жатыр. «Егемен Қазақстанның» бір бетін оқи беріңдер. Көздерің әріптерге үйрене берсін», – деді Президент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар