Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Оқжетпес» жаңадан жасақталып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

«Оқжетпес» жаңадан жасақталып жатыр

Көкшетаудың «Оқжетпес» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Андрей Карпович бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Оқжетпес» футбол клубының баспасөз орталығында өткен шарада команданың бас директоры Ерлан Бөтембаев бас жаттықтырушы болып жаңадан тағайындалған Андрей Карповичті таныстырып, команданың алдағы маусымда премьер- лигада жоғары нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
37 жастағы бапкер алдыңғы жылы бапкерлер штабына кіріп, жаттықтырушылық мансабын бастаған екен. Ол ұзақ жылдар бойы бірқатар отандық клубтарда, соның ішінде «Қайратта» да ойнаған. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 54 матчқа қатысып, 3 мәрте гол соққан. 2017 жылы алматылық «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысының көмекшісі, кейін бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болды. «Қайрат» футбол клубының сапында 2018 жылғы маусымда Қазақстан кубогінің иегері атанды.
– Бүгін біздің командада үлкен оқиға болып отыр. Андрей Карпович бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Жаттықтырушы ретінде тәжірибесі аз болғанымен, Андрейдің жетістіктері зор. Өткен жылы «Қайраттың» сапында бас жаттықтырушының міндетін атқарушы ретінде Қазақстан кубогын иеленді. Ал, «Қайрат» сапында әлсіз ойыншылар ойнамайды. Сондықтан, жаңа бас жаттықтырушыға үлкен міндеттер жүктеліп отыр, – дейді Ерлан Бөтембаев.
Сонымен қатар, бас директор премьер-лига маусымында команданың құрамының жаңартылу себептерін түсіндірді.
– Бірінші лигамен премьер-лиганы салыстыруға болмайды. Бұл екеуі екі деңгей. Өткен жылғы жаттықтырушы Сергей Попковты нашар маман деп айта алмаймыз. Онымен келісім-шартымыз аяқталды. Алайда, былтырғы жылғы жетістікпен тоқмейілсіп қалмай, жаңа биіктіктерді бағындыруымыз керек. Сол үшін жаңа ойыншыларды шақыратын боламыз, – дейді Ерлан Бөтембаев.
Осы орайда, қаңтардың 7-21 күндері аралығында көкшелік команда Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізбекші. Сонда жаңа ойыншыларды қарап, команданың құрамы жасақталатын болады.
– Команданың сапына ең бірінші өзіміздің премьер-лигадағы командаларда өнер көрсетіп жүрген үздік футболшылар тартылады. Жалпы, биылғы маусымда команданың 90 пайызын жаңарту жоспарда бар, – деп толықтырды «Оқжетпес» футбол клубының спорт директоры Ержан Жәмбіров. Қазірдің өзінде «Оқжетпес» командасының жаттықтырушылар штабы алматылық «Қайрат» клубын жаттықтырған Андрей Карповичтен бөлек, екі маманмен толығып отыр. Соның бірі – Сергей Лобановский.
Сондай-ақ, кездесу барысында команданы қолдауға жанкүйерлерді де тарту мәселесі сөз болды. Әсіресе, соңғы жылдары ала-құла ойнаған команда жанкүйерлерін біраз жабырқатқаны белгілі. Дегенмен, өткен жылы «Оқжетпес» футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының бірінші лигада жақсы нәтижеге қол жеткізіп, еліміздегі кілең мықты командалар ойнайтын жоғарғы топқа қайта оралғанына қатты қуануда. Жергілікті команданың премьер-лигада да сәтті ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерін әлі талай жеңісімен қуантатынына сенгіміз келеді. Лайым, солай болғай.

Аслан Оспанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар