Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аймақтың дамуында кәсіпкерліктің үлес салмағы артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Аймақтың дамуында кәсіпкерліктің үлес салмағы артып келеді

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі 27 жыл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл – Президентіміздің жүргізіп отырған көреген саясатының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылып отыр.

Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Мемлекет басшысы бұған дейінгі ел халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігін атап өтті. «Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды. Сол себепті, жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ. Сондай-ақ, индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет» деді Елбасы осы Жолдауында.
Облысымыз Қазақстанның экономикасы серпінді дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің дамуы мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағытына сәйкес жүргізілуде. Облыстағы өнеркәсіптің дамуының ең басым бағыты азық-түлік тағамдарының, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, түрлі-түсті металлургия мен машина жасау өндірісі болып табылады. Биылғы жылғы он айдың қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің үлесі Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған өңірдегі кәсіпорын өндірісінің 56,2 пайызын құрады. Өңдеуші өнеркәсіп үлесі 65,2 пайыз. Келешекте бюджетке салық және өзге де төлемдер көлемінің өсуі есебінен бюджеттің қамтамасыз етілуінің артуы негізгі басымдық міндет болады. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Индустрияландыру картасына қатысатын кәсіпорындардан мемлекеттік бюджетке 43,3 миллиард теңге қаржы түсіп, жалпы көлемдегі салық түсімінің 35,1 пайызын құрады.
Облыс аумағында Индустрияландыру картасына (Кәсіпкерлерді қолдау картасына) 328,4 миллиард теңгенің 91 жобасы енгізіліп, 9,7 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың 1 желтоқсанында 304,3 миллиард теңгенің 82 жобасы іске қосылып, 9 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 50,1 миллиард теңгенің «Kazyna SR», «Макинск құс фабрикасы», «Astana Ceramic» серіктестіктерінің жобалары бар. Мәселен, Көкшетау қаласында 200 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істесе, оның 25-і ірі кәсіпорын болып саналады. Соңғы жылдары инвестиция көлемінің өсуі қарқын алды. Облыс орталығында негізгі инвестициялық тартымды салаларға тұрғын үй және өнеркәсіп нысандарының құрылысы, өнім өңдеу, сауда және қоғамдық тамақтандыру жатады. Қала экономикасындағы инвестиция құрылымының 55,6 пайызын жекеменшік капитал құрайды. Өнеркәсіптегі жеке көлем индексінде негізгі кәсіпорындардың үлесі 29,6 пайыз. Қалған бөлігі шағын кәсіпорын мен қосалқы өндіріске жатады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне келсек, облыс орталығында қолайлы бизнес-климат құрылған.
Жыл басынан бері Көкшетау қаласындағы шағын бизнес саласындағы жұмыс істейтін және жаңа ашылған кәсіпорындарда 462 жұмыс орны ашылды. Тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау үшін 23 жоба мақұлданды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының базасында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық жұмыс істейді. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі.
2019 жылы қала әкімдігі Индустрияландыру картасы арқылы «Eurasia Grour Kazakhstan» cеріктестігінің ауыл шаруашылығы техникаларын сатудың және қызмет көрсетудің сервистік орталығын іске қосуды жоспарлап отыр. Орталық пайдалануға берілгенде 134 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Индустрия-ландыру картасына тағы үш жобаны енгізу мәселесі қаралуда. Атап айтқанда, «Агро KZ» серіктестігі Станционный кентінде майлы дақылдарды өңдеу цехының құрылысын жүргізбекші. Бұл кәсіпорын өткен айда 18 мың тоннаға дейін дәнді және майлы дақылдар қабылдап, өңдей алатын астық қабылдау кәсіпорнының құрылысын аяқтады. «Көкше май» серіктестігі Станционный кентінде тәулігіне 500 тонна май тұқымын өңдейтін май зауыты құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ, «Бижан» серіктестігі Краснояр селолық округінде 3 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын салады. «Вектор комбайн зауыты» серіктестігінің «Комбайндарды құрастыру өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске қосу жоспарлануда.
2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Ақмола облысы экономикасының барлық секторына 225,0 миллиард теңге тартылды. 2017 жылдың сәйкес мерзіміндегі өсім 102,9 пайызды құрады. Инвестиция тарту және инновацияны дамыту өңірді экономикалық дамытудың басты құраушысының бірі болып табылады. Сөйтіп, 2018 жылдың он айында өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвес-тиция көлемі 39,7 миллиард теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштің 184,7 пайызы. Сыртқы (шетел) инвестициясының көлемі 11,6 миллиард теңгені құрады немесе инвестицияның жалпы көлемінің 5,1 пайызы болды.
Шортанды ауданында Индустрияландыру картасы аясында тағы бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жыл басынан бері 10,2 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Атап айтқанда, «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны» серіктестігі 13,3 мың тонна ұн өнімдерін, «Дәржан тобы» серіктестігі 3,9 мың тонна ұн мен жарма, «Полимер Пласт» серіктестігі 825,3 тонна полиэтилен, «Туран индастри» серіктестігі 20,2 мың шаршы метр табиғи тастан жасалған құрылыс материалын, «Белая Лиллия» серіктестігі 34,3 тонна құс етін өндірді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін, бағдарлама қолға алынған жылдар ішінде, облысқа 16,5 миллиард теңге бөлінсе, 600 жоба қосымша қаржыландырылып (субсидия), инфрақұрылым тартуға 12 миллиард теңге жұмсалды және 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлердің (олардың қатарында біздің ақмолалықтар да бар) ұсыныстары ескеріліп, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өзінің тиімділігін дәлелдеген бұл бағдарлама 2025 жылға дейін тағы да 5 жылға ұзартылды. Мұнда көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. 2018 жылы 5,7 миллиард теңге қаржы бөлінді, бұл 2017 жылғы деңгейден анағұрлым асып түседі және Президенттің төртінші әлеуметтік бастамасында көзделген жос-
парларды орындауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 2,9 пайызға артты, өндірілген өнім көлемі 8,4 пайызға, бюджетке салық түсімі 4,5 пайызға өсті. Бұл – сөз жоқ, ертеңгі жаңа белестеріміздің кепілі.

Ербол ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар