Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагер лебізі - АРҚА АЖАРЫ

Ардагер лебізі

Бұрын діни газет-журналдарға ғана жазылып жүретінмін. Осы жылға «Арқа ажары», «Бұқпа!» және «Иман» журналына жазылдым. Жаңа жыл мейрамынан кейін «Арқа ажары» газетінің 2019 жылға арналған №1 саны қолыма тиді. Қызығып ашып қарасам, газет ішінде тағы бір газет. Біріншісі өзім жазылған «Арқа ажары», екіншісі «Жастар үні». Ол қосымша газет екен. Таңдап алған атауы қандай жақсы. Енді сол газеттің оң жақ жоғарғы бұрышына қарасам, «2019 жыл – Жастар жылы» деген жазу тұр.

Әуелі көпті көрген қарт аталарың ретінде айтарым, Жас-тар жылы барлығымызға қайырлы, құтты болсын! Жастарға жаңа қамқорлықпен, жаңа көзқараспен әйгіленсін. Жастар қосымшасындағы мақалалар өте тартымды жазылған екен. Шындығына көз жеткізгілеріңіз келсе, өздеріңіз де оқып көріңіздер.
Жазушы Жабал Ерғалиевтің «Ел үмітін Елбасымен жалғастырамыз!» мақаласы, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Жаңа жылмен бірге келген Жастар жылына арналған құттықтауы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Берген Беспалиновтың «Мемлекеттік қызметтің сенімді өкілдері», Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің «Білім беруді цифрландыру – басты назарда», Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тимур Ысқақовтың «Біз туған елімізді гүлдендіреміз!», «Арқа ажарының» өз тілшісі Талғат Қасеннің «Лондоннан оқып келіп, ауылда сабақ беріп жүр», тағы басқа да мақалалар әсерлі оқылады.
Шет елдегі үлкен қалада оқып келіп, ауылда сабақ беру, сөйтіп, туған халқына қызмет ету барлық бірдей жастардың қолынан келе бермейді. Оны өздерінше ар көреді. Тек елін, жерін, халқын, тілін шын сүйген жастар ғана осындай қадамға бара алады. Айтмұхамед Қалмаханов баламның мұнысы үлкен өнеге!
Қосымшаның соңғы бетіндегі жастардың жүрек қылын шертетін өлеңдері де ұнады десем артық емес. Әсіресе, Дамир Рүстемұлы, Наздана Қайымханқызы, тағы басқаларының болашағынан мол үміт күтуге болады. Жастар осылай армандарыңа жете беріңдер! Қаламдарың мұқалмасын. Жазғандарың газет- журнал беттерін көркейте берсін.
Жастардың болашағын ескеріп, Жастар жылы осындай қосымша шығаруды қолға алған редакция қызметкерлерінің бәріне мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыс тілеймін. Еңбектерің жемісті болсын. Бақытты болыңдар! Сіздерге жасы 89-ға келген кәрінің тілегі осы. Бұл газетке жазылғаныма өкінбеймін. Сіздерге де алымды да шалымды «Арқа ажарын» жандарыңызға серік етіңіздер дегім келеді.
Мүтәлләп қажы Ғабдоллаұлы,
білім беру саласының ардагері.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар