Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білімнің алдыңғы легінен көріне бер, жас буын! - АРҚА АЖАРЫ

Білімнің алдыңғы легінен көріне бер, жас буын!

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Көкшетау» мәдениет сарайында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды шарасына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті білімді де дарынды балаларды анықтап, оларға қажетті жағдайлар жасау және халықаралық конкурстарға қатысуға даярлау, елімізде білім беру саласының беделін арттыру болып табылады.
Аталмыш олимпиадаға облысымыздың 17 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалалары мен дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектептерден жүзден жүйрік шыққан 400-ге жуық оқушы қатысты.
Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы олимпиаданың нәтижелерін талдау қалалық және облыстық мектептерде осы байқауларға оқушылардың белсенді қатысуы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, география, химия, биология және математика пәндері бойынша қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда берілген тапсырмалардың қиындау түскені де байқалады. Олимпиадаға қатысушылар өздерінің теориялық білімдердің жоғары деңгейін қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, құқықтану, химия, география пәндерінен анық көрсетті.
2019 жылдың 3-6 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының жос-парына сәйкес Көкшетау қаласының № 18 орта мектебінің базасында жалпы білім беру пәндері бойынша өткен облыстық олимпиадада әсіресе, 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы үрдісінде осы тақырыпта жүйелі және дәйекті жаттығуларға көңіл бөлінгені байқалады. Айталық, Көкшетау қалалық №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының дарынды оқушылары мен Есіл, Ақкөл, Бұланды, Бурабай аудандарының оқушылары өте тиянақты білімдерін көрсетті. Мәселен, жүлделі 1-ші орынға «Білім-инновация» лицейінің оқушылары лайықты деп танылса, Көкшетау және Степногорск қаласының оқушылары 2-3 орындарды жеңіп алды. Таратып айтар болсақ, бұл олимпиадаға Степногорск қаласының мектептерінен 19 дарынды оқушы қатысты. Ал, облыстық олимпиаданың нәтижесі бо-йынша №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Теміржан Елжас (мұғалімі – Орынбасар Ысқақова) география пәні бойынша 2-орын, Қазақстан тарихы пәнінен сынға түскен 11-сынып оқушысы Айжан Махмутова (мұғалімі – Аяған Нұржан) және информатика пәнінен 10-сынып оқушысы Бекхан Шүкіров (мұғалімі – Текен Ерқанат) 3-орын алса, №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ярослава Петлеван (мұғалімі – Александр Кинцель) биология пәні бойынша 3-орын және осы мектептің 9-сынып оқушысы Мәлика Көшерова (мұғалімі – Рысжан Қасенова) география пәнінен төртінші орын, №8 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Иван Саулов (мұғалімі – Светлана Андреева) математика пәнінен 3-орын, №1 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Лаура Мацюк (мұғалімі – Владимир Пахомов) физика пәнінен сынға түсіп, 3-орынды иеленді.
Сонымен, облыстық олимпиаданың нәтижелері бойынша барлығы 163 жеңімпаз анықталды. Оның 32-сі бірінші дәрежелі, 33 қатысушы екінші дәрежелі, 98-і үшінші дәрежелі дипломдармен, оған қосымша тағы 31 қатысушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық олимпиадаға қатысқан мектеп оқушыларының жұмыстарын әділ бағалап, тексеру үшін қазылар алқасының құрамында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушыларынан екі ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты мен 19 ғылым магистрі және үздік оқытушылар жұмыс істеді.
Республикалық олимпиадаға қатысушылар қаңтар айының соңына дейін анықталады. Олардың тізімі облыстық білім бөлімінің веб-сайтында жарияланады. Осылайша облыстық білім басқармасы ақпан айында республикалық олимпиадаға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде бірінші және екінші орын алған жеңімпаздар ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өтетін республикалық олимпиадада облысымыздың атынан сынға түсетін болады.
Биылғы оқу жылында облыстық, қалалық пәндер олимпиадасына оқушыларды дайындаған ұстаздарға және дарынды балаларға ризашылықтарын білдірген облыстық білім басқармасы басшылары алдағы білім бәсекесінде оларға тек қана сәттілік пен жеңістер тілейтіндіктерін жеткізді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар