Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік Жұлдыздары - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік Жұлдыздары

Ақмола облыстық балалардың «Жұлдыз» қоғамдық ұйымдар кеңесі өзінің қос мерекесін атап өту үстінде. Бұлар – Қазақстан тәуелсіздігінің төл құрдасы. 1991 жылы құрылған, тәуелсіздік тұлғаландырған, шыңдап шырқатқан, талай-талай жүректің отын жаққан «Жұлдыз» республикалық мәртебедегі қоғамдық ұйымға айналды. Оны жөргекке орап, жан бітірген педагогикалық қызмет ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Жылдың 100 есімі – 2018» белгісінің иегері Е.А.Дмитриенко. Қозғалыс қалай басталып, қалай өрбіді, көздеген мақсатына жетті ме? Біз Елена Александровнадан осы туралы айтып беруін өтіндік.

►– Облыста 620 мектеп, толып жатқан кәсіби білім ордалары мен лицей, колледждер, балалар бақшасы, приюттер мен балалар үйлері бар. Жалпы, білім ісіне қатыспайтын кісі жоқ. Сіз «Жұлдызды» жарқыратумен келесіз. Осындай зіл батпан жүкті қалай көтеріп жүрсіз, басқа кісіге жүктей салуға болмайтын ба еді?
–Тәрбие ісінде, әсіресе, ол ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылар болса, әркімнің шекесіне таңбалап қойған шаруа жоқ, ол баршамызға қатысты. Бейтараптық берекесіздікке соқтырады. Кеңестен кейінгі кезеңді білесіз. Үлкен үміттер жетегіндегі балалар ұйымы дағдарысқа түсіп, тарап тынды. Қоғамдық өмірден тыс қалудан артық қауіп жоқ. Етек-жеңін тез жиған мемлекет, оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батыл бетбұрыстар жасауды талап етті. Үлкен-үлкен форумдарда баламалы түрдегі «Атамекен» және «Жұлдыз» бағдарламалары ұсынылды. Әрқилы талас-тартыстарға қарамастан, екеуі қол ұстасып қатар өмір сүріп келеді. Қазақстан балаларының бақытын көздейтін ортақ идео-
логия қалыптасты. Бұл – жетістік. Уақыт жетіспеушілігі, мойындағы жүк ауыртпалығы мен қажығаның мұның алдында ештеңе емес. Облыстық өңірде гүл жарып, Отанның тұнық аспанында жарқыраған «Жұлдыз» – менің ең қымбат бақытым.
►– «Жұлдыз» қос мерекені қандай табыс-
тармен қарсы алып отыр? Оның іс-қимыл өрісінен не күтуге болады?
– Ол Тәуелсіздігіміздің барлық құндылықтарын бойына сіңдіре отырып 27 жасқа толды. Ауқымы кеңейіп, республикалық деңгейде әрекет етіп келеді. Қазір оның құрамында 300 мыңнан астам бүлдіршін ұл-қыз бар.Тәрбие бағыттары да сан-алуан. Бұл –
бағдарлама шеңберіндегі 50 жобаның жемісті жұмыс істеп жатқанының белгісі. Кейбір клубтардың атын атайын: «Сұңқар», «Лидер», «Балалар дипломатиясының мектебі», «Жас журналист», «Оқжетпес достарын шақырады», «Спешиал олимпикс», «Туған жер», «Агрофорум», «Лингвист», тағысын тағылар. Демократиялық негіздегі басқару жүйесі қалыптасқан. Ол құрылтайшылар мен балалардың екі палатасынан тұрады. Жарғысы, бағдарламасы, айырым белгілері бар. Ең бастысы, олардың өз қиял-ғажайып әлемі, өз форпосты – оқу-сауықтыру орталығы бар. Бурабайға қанаттас кешеннің құрамына үлкен тұрғын үй ғимараты, ауысымдық мектеп, кітапхана мен оқу залдары, мәдениет үйі, зәулім спорт кешені, асханалар мен емдеу-сауықтыру орындары енеді. Күн сайын ондаған іс-шаралар өтіп жатады. Республикалық балалар ұйымдары лидерлерінің ХVІІІ форумында жұлдыздықтар ең таңдаулы атанды. Бұл жоғары бағаға біздің балаларымыз әбден лайықты.Үлкен істің ой-шұқырлары да болады. «Жұлдыздың» қиындыққа қайыспайтын мінезіне қызығамын.
►– «Жұлдыз» мүшелік жарна жинамайды, қоғамдық ұйым болғандықтан, бюджеттен қаржыландырылмайды. Бірақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларды сый-сауғасыз қайтармайсыздар. Сонда, орталық қандай кірістерден тіршілік кешеді?
– Үнемі алдымызды орағытатын сұрақ. Демеушілік көмек сұрап, фирмалар мен жекеменшік құрылымдарға қол жаяды дейтін шығарсыздар. Әрине, одан бас тартпаймыз. Бірақ, өз қоржынымыз өзімізде, ешкімге қаржылай тәуелді еместігімізді айтқым келеді. Орталықтың үш газеті, бір журналы бар. «Жас star» журналы – республикамыздың медиа айдынында бедел жинаған басылым. Ғылыми-әдістемелік журналға белгілі ғалымдар, балалар қозғалысының жанашырлары мен зерттеушілері мақала орналастыруға құлықты. Оның бетін парақтаған кісі саясаткер-лердің, көптеген мемлекеттер елшілерінің, тәуелсіз бақылаушылардың, тіпті, БҰҰ мен ЮНИСЕФ ұйымдары өкілдерінің жарияланымдарын көрер еді. Сондай-ақ, балалар шығармашылығы конкурстары, қолданбалы өнер көрмелері, балалар жасаған кәдесыйлар елеулі табыс әкеледі. Сондай-ақ, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау туралы заң жобасынан да жақсылықтар күтеміз.
►– Балалар қозғалысы – ел болашағының баспалдағы. Оның қызметі мен өсіп-өркендеуінде шекара да, шек те жоқ. Ертеңге көз салсақ, нені көрер едіңіз?
– Ертеңіміздің еңселі болуы, бүгінгі болмысымыздан өрбиді. Яғни, болашақтың биігіне жан-жақты дайындықпен өрлеу қажет. Оны негізі – отансүйгіштікте прогресшіл ой-танымда. «Жұлдыз» осы құндылықтарды ардақтайды. Біздің бүлдіршіндер Ресей, Беларусь, Украина, Куба, Америка, Польша мемлекеттерінің, ЮНИСЕФ жүйесінің құрметіне бөленді, Қазақстанның абыройын көтерді. «Жұлдыз» түлектерінің ішінде Парламент өкілдері, дипломаттар, ғалымдар, әлемдегі айтулы оқу орындарының студенттері бар. Қазірдің өзінде халықаралық екі саммит өткіздік. Таяу күндері Мәскеудегі «Чистые прудыда» балалар ұйымының филиалы ашылмақ. Жақында ғана ғажап Астанамызда жұмысын аяқтаған Балалар құқығын қорғау жөніндегі орталық Азия елдерінің І Халықаралық форумында біздің ұйымның өкілдері әлем балаларына Үндеу арнады. Интернеттегі дербес сайтымыз игі ниеттегі тілектерге толы. Ендеше, қауымдастық бізбен жұмыс істегісі, тәжірибе алмасқысы, тағдырлас жүргісі келеді. Мұны саяси өрлеу мен қуат өлшеміне жатқызуға әбден болады.
►–Төл құрдастар Тәуелсіздік мерекесін қалай қарсы алмақшы?
– «ХХІ ғасыр балалары: әлемдік мәдениет құндылықтары» аталатын соңғы саммитте «Хрусталь глобусын» белгілеу туралы шешім қабылданды. Онымен біздің ұйым атынан балалар қозғалысына елеулі еңбек сіңірген адамдар марапатталады. Саммитке қатысушылар алғашқы глобусты Қазақстан Республи-касының Тұңғыш Президенті, Тәуелсіздік тірегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсыруға бірауыздан ұйғарым жасады.
Ал, мерекелік шараларға сан жетпейді. Жұлдыздықтар атынан, барша балалар әлемінің атынан «Мерекең құтты болсын, сүйікті Отан!» дегім келеді.
►–Рахмет. Ниеттеріңізге жетіңіздер!
Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар