Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті құрылыс өнімдерінің тапшылығы байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті құрылыс өнімдерінің тапшылығы байқалуда

Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілер өнімі нақты сұраныстан шет қалатыны жасырын емес. Бұл, әсіресе, құрылыс индустриясында өзекті мәселеге айналуда. Аталған жағдай «Атамекен» корпорациясының Ақмола филиалындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс тобының кезекті мәжілісінде қаралып, құрылыс-сметалық құжаттар базасында жекелеген жергілікті өнімдердің тапшылығы атап көрсетілді.

Жұмысшы тобы қалыптасқан жағдайдың бірнеше себеп-салдары барлығын алға тартты. Шығарылған өнімнің сметалық-нормативті базаға енгізілмейтіні жиі кездесетін кемшілік. Сондай-ақ, әлсіз маркетингтік стратегия немесе оның мүлдем қарастырылмауы мемлекеттік талапқа нұқсан келтіруде. Көп жағдайларда, жобалау ұйымдары отандық тауар өндірушілер шығаратын өнімдер туралы ақпараттан тыс қалады. Осының салдарынан жобалау барысында жергілікті өнімдерді қамту мүмкін болмай жатады.
Ендігі бір қынжылысты жағдай, өнім түрінің жеткіліксіздігінен туындауда. Мәселен, іс барысында басым сұраныстағы құрылыс материалдары, өнімдер мен жабдықтар тапшылығы байқалады (санитарлық-техникалық өнімдер, технологиялық жабдықтар, жиһаз бұйымдары және басқалары).
Жиналыста сөз сөйлеген Ақмола кәсіпкерлері Палатасы директорының орынбасары Шыңғыс Теміров облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жобалау ұйымдарымен бірлесіп мақсатты жұмыстар атқару қажеттігін айтты. Ендігі жерде Палата аталған ведомстволардың қатысуымен негізгі құрылыс материалдарының, жабдықтардың, конструкциялық өнімдердің сұраныстық қозғалысына талдау жасап, тиісті реестрлік тізбе топтастыратын болады. Бұл орайда құрылыс-сметалық құжаттар («К» қосымшасы) негізге алынады.
Бұған қоса, мемлекеттік мекемелер (тапсырыс берушілер) тарапынан жобалау жұмыстары барысында талап етілетін деректерді уақытылы бермеу де мәселенің өзектілігін күшейте түсуде. Заңдылық талаптары бойынша, тапсырыс беруші құрылыс жұмыстары басталмас бұрын жобалау ұйымдарын қажетті деректермен қамтамасыз етуге міндетті. Әйткенмен, іс барысында бұл талаптар тапсырушылар тарапынан орындалмай жатады.
Мемлекеттік орган өкілдері мұны тапсырыс беруші мекемелердегі кадр тапшылығымен байланыстырады. Мәселені талқылау барысында, жұмыс тобының мүшелері тапсырыс берушілердің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, тиісті қызметтер мен деректерді сатып алуына немесе бұл міндетті арнайы органға жүктеуіне болатындығын атап көрсетті. Сондай-ақ, мәжіліске қатысушылар құрылыс саласындағы өзге де өзекті мәселелерге, оның ішінде жобалау қызметі мен сатып алу барысында жергілікті өнімдерге басымдық беру қажеттігіне айрықша екпін түсірді.
Бақберген Амалбеков,
өз тілшіміз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар