50 мың тауыққа арналған бұл фабриканың құрылысы биыл басталады. Атбасарлықтар үшін бұл экономикалық тұрғыда 2019 жылғы ірі жобалардың бірі болмақшы.
Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша қазіргі күні фабрика салынатын жер телімі анықталып, жобалық-сметалық құжаттамалары жасалған. Нысанды осы жылдың көктеміне қарай Атбасар қаласы шетіндегі диірмен кешендерінің жанынан салу жоспарланған. Фабрикада алғашында 50 мың тауық болса, кейін оның саны 100 мыңға дейін жеткізілетін болады. Сонымен қатар, кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермекші.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.