Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала тілі неге кеш шығады? - АРҚА АЖАРЫ

Бала тілі неге кеш шығады?

Сөйлеу функциясы баланың психикалық функцияларының бірі болып табылады. Сөйлеу туа пайда болған қабілет емес, ол баланың дене және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады десек те болады. Тілі дамыған балада саналы, реттелген мінез-құлық әрекеті қалыптасады. Керісінше, тілінің қандай да бір дәрежеде бұзылуы баланың психикасының, іс-әрекетінің дамуына әсерін тигізеді.

Күнделікті іс-тәжірибемізден көріп жүргеніміздей түрлі тіл бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал, күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары кездесіп жүр. Соңғы кезде тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтан да, оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы мамандар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. «Баламыз дұрыс сөйлемейді, өте белсенді, ойыншықтармен ойнайды, бірақ сөзіне кейде өзгелер түгілі, өзіміз түсіне алмаймыз» деген қабылдауға келген ата-ана шағымын жиі естиміз. Алдымен, «дұрыс сөйлемейді» дегенді қалай түсінеміз, соған тоқталайық.
Егер балаңыздың байланыстырып сөйлеуі жақсы, бірақ дыбыс-
тарды бұрмалап айтуына байланысты айтқан сөзіне түсінбесеңіз онда балаңызда тіл кемістігінің дислалия немесе дизартрия түрі. Дислалияның көп тарауының бір себебі, баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып отырады. Қорытындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады. Баланың дұрыс сөйлемеуі еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға әсіресе, сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін орта арасында көп болып, сөздерін тыңдаудың да ерекше зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Балаға әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отыру қиындық туғызады. Дизартрия деп – артикуляциялық сөйлеу мүшелерінің иннервациясының (қозғалысы) бұзылуын айтамыз. Тіл кемістігінің қай түрі, оны қалай түзетуге болатынын тек логопед маман айта алады. Өйткені, жас ерекшілігіне сәйкес мүмкін ол дыбысты айту ертерек болар (артикуляциялық бұлшық еті әлі жетілмеген), ересектер уақытынан бұрын сары уайымға салынып, балаға ескерту айтып, өз бетінше түзетпекші болады. Одан күткен нәтиже болмай, баланы босқа жылатып, тіпті дыбыстың айтылуы басқаша қалыптасуы мүмкін.
Мысалы, балалардың нормативті «р» дыбысын айтуы 4,5-5 жас аралығында біртіндеп қалыптасады. Кейбір өте шыдамсыз ата-аналар 2-3 жастан бастап РРРРР деп айтуын сұрап қинайды. Нәтижесінде бұл дыбысты көмеймен айтып үйреніп кетуі мүмкін, оны түзету қиынға түседі. Мүлдем сөйлей алмайтын баланы қалай үй жағдайында тілін дамытуға болады деген сұрақтар жиі қойылады.
Балада алдымен сөзді түсінуі қалыптасады (импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі (экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни, ата-ана бала өмірге келгеннен бастап онымен сөйлесе бастауы керек. Кішігірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп. Қазір әжелеріміз немерелеріне ертегі айтпайтын болды. Балалар қарапайым санамақтар, қуырмаштарды білмейді. Мұның өзі фольклорлық жанрдың елеусіз қалғандығын білдіртеді.
Бірақ, нәресте өмірінде оның ықпалының зор екендігін нейро-
психологтар дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні фольклорды теледидар жарнамалары ауыстыруда. Бүгінгі бүлдіршіндер телероликтерді жатқа біледі, телевизор, телефон, компьютерге әбден тәуелді болып қалды. Оның зияны да жоқ емес. Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек. Саусақ жаттығулары, қуырмаш, шағын ертегілер оқып беру, қысқаша мазмұнын сұрау тілін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Сондықтан, ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Сол сияқты дыбыстық жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы: ит қалай ырылдайды, сиыр қалай мөңірейді, сағат тілі қалай тырсылдайды т.б. Екі жарым жастан бастап қарапайым лото, суретті кубиктер, пазл жинау сияқты ойыншықтар беру керек. Негізгі алға қойған міндет – үнсіз бір өзін қалдырмау керек.
Артикуляциялық жаттығулар орындату да өз ықпалын тигізеді. Мысалы, «у» дыбысын айтқанда ернімізді түтікше тәріздес алға созамыз, «и» дыбысын айтқанда езу тартамыз деген сияқты жаттығулар түрін үйретіп отыру керек.
Бақыт ҚАЗАҚСТАНҚЫЗЫ,
Көкшетау қаласындағы №15 «Әсел» балабақшасының логопеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар