Республика мен облыстың кәсіподақтарына соңғы жыл оңай болған жоқ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы Б.Әбдірайымов басқаратын ұйым жұмысы ауқымды өзгерістермен есте қалады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бірыңғай құрылымдық жүйесінің жоқтығы, кәсіподақ ұйымдары арасындағы тік және көлденең байланыстардың әлсіздігі, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершіліктің аздығы, кәсіподақ органдарының бөлінуі және тағы басқа жағдайлар орын алды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен Қазақстан Республикасының 2018-2019 жылдарға Кәсіподақтар федерациясын жаңғыртуға арналған Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасын қабылдау алдында Қазақстан Республикасының кәсіподақ қозғалысында соңғы екі онжылдықта пісіп-жетілген барлық проблемалық мәселелерді, шешілмеген мәселелерді анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Барлық мәселелерді шешу жолдары және өткен 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы облыстық газеттің бетінде есеп бергіміз келеді. 2018 жылы Кәсіподақтар орталығы облыстық кәсіподақтармен бірлескен жұмыстарды жандандыруға және қарапайым мүшелермен қатар, бастапқы кәсіподақ ұйымдарымен «кері байланыс» жүйесін құруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды өткізді.
Басты және ең танымал іс-шаралардың бірі – Ақмола облысының жұмыс істейтін жастар Форумы өтті. Оған 300-ден астам түрлі саланың жас өкілдері, ҚР КФ төрағасының орынбасары М.Тінекеев және облыс әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова қатысты. Біздің бастамамыз бойынша облыстың жоғары және орта оқу орындарының түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты, олар 500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 200-ден астам жас маман келді, олардың 59-ы кәсіби білімі бойынша жұмысқа орналасты.
Еңбек күнін атап өту үшін Кәсіподақтар орталығы облыстық кәсіподақтармен, «Алтынтау Көкшетау» серіктестігі және «Тыныс» акционерлік қоғамы кәсіподақтарымен бірлесе отырып, шағын футбол, волейбол және шахмат бойынша үш спорт түрінен облыстық салалық спорт күнін өткізді. Бірінші орынды білім беру кәсіподақтары, екінші орынды теміржолшылар және үшінші орынды «Алтынтау Көкшетау» кәсіподақтары жеңіп алды.
Облыстық өнеркәсіптік кәсіподақтармен өзара әрекеттесу мәселесіне Кәсіподақ орталығы айрықша жауапкершілікпен қарайды, сонымен қатар, біздің ойымызша, бұл іс-қимыл өзара тиімді болуы тиіс. Бізде облыстық білім беру одағымен өзара тығыз іс-қимыл жасалуда. Одақ төрағасы А.Әбдірахманов. Біз бұл одақты ең белсенділердің бірі деп санаймыз, дәстүрлі жұмыс бағыттарын жалғастырып, сонымен қатар, инновациялық идеяларды енгіземіз. Биылғы жылы өткен облыстық «Мұғалім» спартакиадасы 30-дан астам команда жинады, олардың жалпы саны 500 адамға жетті. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайымовтың спартакиаданың ашылуына қатысқаны ерекше оқиға болды, кәсіподақ орталығының облыстық білім беру саласының кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл қозғалысы, бірлік принципін жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні кәсіподақтың аймақтық филиалдарының 5 төрағасы Кәсіподақ орталығының өкілдерінен сертификаттар алды және олар басқа саладағы кәсіподақтардың жұмысына, кәсіподақ жұмысын ұйымдастыруға, еңбек жанжалдарының алдын алуға, жаңа кәсіподақ ұйымдарын құруға белсенді түрде қатысатынын айтып кетейік. Наурыз айында медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясынан шығарылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының КФ құрамына жаңа «SENIM» кәсіподағы кірді. Осы саладағы кәсіподақ жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Денсаулық сақтау министрлігі мен «SENIM» арасында облыс деңгейінде қол қойылған салалық келісім бар, бұл салада жалпы жағдай бірлесіп күшейтілді, бүгінгі таңда осы өңірлік филиал төрағасы С.Кәкенов өз қатарында 7 мың кәсіподақ мүшесіне ие болып отыр.
Кеңестің соңғы отырысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы бұл салада мол тәжірибесі бар С.Сүлейменовты кәсіподақтың жаңа төрағасы етіп сайлады. Қазіргі уақытта Кәсіподақ орталығы мен ауыл шаруашылығы кәсіподағы алдында кәсіподақ мүшелерін көбейту міндеті тұр.
Облыста «ҮNТҮМАG» шағын және орта кәсіпкерлік одағының жаңа филиалы құрылды. Бүгінгі таңда жалпы саны 914 кәсіподақ мүшелері бар 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Кәсіподақ орталығы салалық кәсіподақтармен бірлесіп, жақын арада аймақтағы кәсіподақ мүшелерін 100 мың адамға дейін арттыру міндетін алға қойып отыр.
«Кәсіподақ болса, ұжымдық келісім болады» деген кәсіподақтардың өз ұраны ұжымдық келісімдер жасасу дегенді білдіреді. Кәсіподақ мүшесі үшін қосымша әлеуметтік пакетті көздейтін тиімді ұжымдық келісім-шартқа ие болу қаншалықты маңызды екенін түсінгендіктен, Кәсіподақ орталығы осы мәселені облыстық әкімдіктің отырысында талқылауға бастама көтерді.
Облыстың барлық өңірлерінде еңбек қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары мен ережелерін насихаттауға арналған семинарларды өткізу туралы ұсынысымызды облыс әкімі қолдады және бүгінгі күні менің жетекшілігіммен облыстық кәсіподақ төрағалары 12 аудан мен Степногорск қаласында болды. Барлық өңірлерде семинар-кеңестер менеджерлер мен жұмыс берушілердің кең ауқымды өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Ал, жергілікті атқарушы органдар осы бірлескен жұмысқа қызығушылық танытты. Степногорск қаласына және аудандарға барған кезде тікелей еңбек ұжымдарымен кәсіпорындарда кездесулер өткізілді, біз осылайша 50-ден астам кәсіпорында болдық.
2018-2020 жылдарға арналған модернизациялау жол картасына сәйкес аймақтағы кәсіподақтар кәсіподақ қозғалысын жаңғыртуға және жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы диалог үшін ақпараттық алаңдардың санын ұлғайтуға бағытталған ақпараттық жұмыстарды жетілдіру бойынша барынша жұмыс жасайтын болады. «Facebook» әлеуметтік желісінде барлық өңірлік кәсіподақ ұйымдары мен Кәсіподақ орталығы тіркелген. Қысқа мерзімде біз 20 000-нан астам жазылушылар жинадық.
Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы өңірлік кәсіподақтармен бірлесіп кәсіподақтың имиджін және беделін көтеруге және оның қызметкерлері үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған нақты жұмыс жүргізіп отыр. Кәсіподақтың мүшелері үшін жаңа электронды кәсіподақ билеттерін әзірледі. Ол тауарды сатып алуға, әлеуметтік серіктестердің жеңілдіктермен қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні бұлар «Айболит» дәріхана желісі, «Багира» туристік фирмасы және өзге де қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындар.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына тиесілі
ауруханаларда санаторлық-курорттық емдеуге және кәсіподақ мүшелерінің демалысына елеулі жеңілдіктер беру бо-
йынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 8 кәсіподақ санаторийі, олардың ішінде «Щучинский» шипажайы, «Жаңақорған», «Манкент», «Көктем», «Мерке», «Мойылды», «Сосновый бор», «Ақжайық» санаторийлері мүшелік карточкаларын ұсынған кезде 10-нан 20 пайызға жеңілдіктер қарастырады. Бұл жұмыс одан әрі жалғасуда, келесі жылы біз кәсіподақ мүшелеріне жеңілдіктер ұсынатын компаниялар тізімін кеңейте алатынымызға үміттенеміз.
Өткен жылдың 3 қазанында Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының 25-ші кезектен тыс съезі өткізілді. Оның шешімімен жаңа жарғы қабылданды. Бұл жарғы сабақтастығының маңызды қағидаттарын және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жарғы алғаш рет ҚР КФ төрағасының өкілеттік мерзімін реттеп отыр. Енді ҚР КФ төрағасы бес жыл мерзімге ғана сайлана алады. Сонымен қатар, жаңа заңнамадағы маңызды шешімдердің бірі – ҚР КФ және оның мүшелік ұйымдарының қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ететін жаңа нормалар кәсіподақтардың қарапайым мүшелеріне олардың жарналары қайда және қалай төленетіні туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚР КФ жарғысы ҚР КФ басшылығы мен оның мүшелік ұйымдары кəсіподақтар мен кəсіподақтың қарапайым мүшелеріне төменгі деңгейдегі қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жариялауға міндеттейді.
Съездің шешімі аудиторлық комиссияның да өкілеттіктерін кеңейтті. Қазіргі уақытта оның функциялары қаржылық тәртіптің сақталуын бақылаудан басқа, жоғары деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізуді де қамтиды.
ҚР КФ 2018 жылды Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы деп жариялады. «Атамекен» АЭС-мен бірлесіп, «Біз бірге еңбекті қорғау саласындағы алдын алу мәдениетін арттырамыз» республикалық акциясын қолға алды.
Кәсіподақ федерациясы ағымдағы жылдың наурыз айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Респуб-
ликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Еңбек шартын жаса» атты бейресми жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған республикалық акция өткізді. Осының нәтижесінде республика бойынша 8 мыңға жуық жұмыс беруші 38 мың жұмысшымен еңбек қатынастарын заңдастырды. Кәсіподақтар федерациясы «Нұр Отан» партиясы мен Жоғарғы сот арасындағы еңбек заңнамасының сақталуы мен балама еңбек дауларына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Бүгінгі біздің басты миссиямыз – еліміздің кәсіподақ қозғалысының қатарын біріктіру және ынтымақтастық, құқық құндылықтарын насихаттау. Барлық ақмолалықтарды жаңа 2019 жылмен құттықтаймын. Сіздерге және жақындарыңызға еңбекте табыс, бақыт пен денсаулық тілеймін!
Қали РАХМЕТОВ,
«Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы