Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Қыздарға берілетін бата

Қазақ халқы қыздарының ақылына көркі сай, өнерлі де білімді, іскер де ісшең болып есеюін тілеп, аузы дуалы, қасиетті қарттардың ықылас-баталарын алып отыруды өте бір игілікті іс деп қарап, қыздарына ұлағатты кісілерден бата алып отырған. Сондай кезде қадірменді қарттар қыздың ата-аналарының талап-тілегі бойынша:

– Қыздарың құлықты болсын,
Ғаламат білікті болсын.
Күндей нұрлы болсын,
Гүлдей түрлі болсын.
Өлмес өнер берсін,
Əн-жыр, өлең берсін.
Теңдессіз дарын берсін,
Ізгіліктің бəрін берсін.
Талдай бой берсін,
Таудай ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Оттай жанар берсін!
Аллаһуакбар! –деп үміт-тілекке толы баталарын береді.

 

Әдептіліктің маңызы

● Өзіңді өмірдің қуаныштарынан және сый-сияпатынан айырмау үшін жоғалтқаныңды ойлап, уайым-қайғыға салынба, босқа қасірет шекпе. Мұндай жағдайда сен танып-білуге және алдыңа қойған мақсатыңа жетуге қажетті қуат-күшіңді әлсіретіп аласың.
Пифагордың айтқанына сүйенсек, екі түрлі іс-әрекеттен адамның бейшаралығы және дәрменсіздігі байқалады: біріншісі – пайдасыз іс жасау және ол туралы көп әңгімелесу. Екіншісі – өзінен сұрамаған іс жайлы көп әңгіме шерту. Егер шешеннің сөйлеген сөзі алтын болса, онда үнсіздік – інжуге орнатылған лағыл.
● Егер алдап түсіру үшін құрылған торды көріп тұрып, оны болдырмауға тырыспасаң, сен алдауға қатысушы әрі сатқын болып есептелесің.
● Сені адамдар арасында жала жапқыш, өсекші, шағыстырғыш, бейпіл ауыз және жылпос ретінде танытуы мүмкін іс-әрекеттен жалтарып, бойыңды аулақ ұста.
● Істі шешу кезінде ешқашан алдап-арбау мен қулыққа барма. Бұл кесірлі қасиеттерді адамдармен араласудың, өзіңнің тілегің мен талабыңды қанағаттандырудың, мақсатыңа жетудің құралына айналдырма. Өмірлік көзқарас: «Өтірік деген нәрсе үмітке деген сенімді өлтіреді», – дейді. Бұл – жоққа шығарыла алмайтын қағида. Ендеше, өтіріктен аулақ бол.
● Сенің алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе кедергі келтіретін ең қауіпті дұшпандарың: арақ, темекі, есірткі. Бұлармен өміріңнің ешбір кезеңінде дос болма.
● Жиындарға қатысушылардың, ғалымдардың және білгір, зерделі азаматтардың арасындағы өзіңнің орныңды және шамаңды біл. Мәжіліске қатысушылардың арасындағы өз орныңды белгілеген кезде әділеттілік, теңдік және кішіпейілділік тәртібін сақта. Басқаға лайық орынға көз тігіп әуре болма.
● Ақылыңның күшінен және қарапайым пайымдауыңнан сенің барлық істеріңнің сұлулығы, олардан ашық та орасан зор пайдасы байқалып тұрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар