Жақында тағайындалған қазақстандық жас маман Андрей Карпович бастаған көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы қаңтардың 7-21 күндері аралығында Түркияның Белеке қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізетін болады.
Желестеріміз екі апта бойы Швейцария жəне Венгрияның үздік командаларымен жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Ең бірінші оқжетпестіктер Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін Стамбулдың «Сарыер» футбол командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесу қаңтардың 10-на жоспарланған. Ал, қаңтардың 13-де «Оқжетпес» ойыншылары Швейцарияның супер лигасында ойнайтын 2 дүркін ел чемпионы жəне 13 дүркін ел кубогінің иегері «Сьон» клубымен күш сынасады. Бұл командаға кезінде Мəскеудің «Спартак» жəне Швейцарияның «Базель» клубтарын жаттықтырған жас маман Мурат Якин жетекшілік етеді.
Сонымен қатар, көкшетаулық клуб қаңтардың 17 жəне 20 күндері Венгрияның «Аквитал» жəне «Халадаш» командаларымен жолдастық кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиынын қорытындылайды. Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне Андрей Карпович тағайындалған болатын. Карповичпен бірге «Оқжетпес» футбол клубының жаттықтырушылар штабына Сергей Лабодовский, Борис Глушков, Александр Ольхов, Евгений Валентюкевич жəне Магомед Нозадзе сияқты танымал мамандар тартылды. Клуб басшылығы алдағы уақытта команда ойыншыларын да жаңартуды жоспарлап отыр. Команданың премьер лигада жаңа құраммен шығуынан жанкүйерлер тек жеңіс күтеді.
Суретте: команда сапына шабуылшы Жасұлан Молдақараев қосылды.
Аслан Оспанов.