Азаматын ардақтай білген Көкше жұртшылығы көрнекті қоғам және партия қайраткері, кеңес органдарының және қаржы саласының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Рүстем Шериязданұлының жарқын бейнесін сағынышпен еске алып, оның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатты.
Жуырда ғана облыстық кітапханада ағамызға арналған «Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсауы кесілсе, бүгін тағы бір үлкен мәдени шара ұйымдастырылып, абзал азаматқа ілтипат білдіріліп отыр.
Ескерткіш тақтаның ашылуына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыдықов қатысып, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл тебірене сөз сөйледі. Осылайша бар саналы өмірін туған жері мен елінің дамуына арнап, жауапты қызметтерде соңында үлкен із қалдырған қайраткердің құрметіне Көкшетау қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаты, қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.