Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұзды қалашықтағы қыс қызығы - АРҚА АЖАРЫ

Мұзды қалашықтағы қыс қызығы

Көкшетау қаласының Абылай хан алаңындағы облыстың бас шыршасының айналасына мұздан орнатылған мүсіндермен қатар,

арнайы баспалдақпен өрмелеп шығатын мұздан жасалған биік сырғанақ қысқы каникулдағы балалардың ең бір таңдаулы ойын алаңына айналғалы қашан.

Мұнда күніне 1000-2000-ға жуық баламен қоса, үлкендер де келіп, мұздан жасалған мүсіндерді, сырғанақ тепкен балалардың ойынын тамашалап, шыңылтыр аязға қарамастан, таза ауада серуендеп жүрген қалың жұртшылықтың қарасы көңіл қуантады.
Өзін Дулат Кәкенов деп таныстырған бауырымыз:
– Мен қала іргесіндегі Садовый селосында тұрамын. Бүгін отбасымды арнайы осы сырғанаққа алып келдім. Міне, қыздарыма жарты сағатқа ватрушки алып бердім. Іңкәр, Дияна сырғанақ теуіп, отбасымызбен бүгінгі күнді жақсы өткізудеміз. Келгенімізге өте ризамыз, қатты ұнады. Осы сырғанаққа арналған құрылғыларды жалға беріп тұрған азаматтарға көп-көп рахмет, – деп ризашылығын білдірді.
Сырғанақта балалармен қатар, үлкендер де көп екен. Осы жағын анықтап алайық, деген ниетпен сырғанаққа арналған құрылғыларды жалға беріп тұрған азаматтарға қарай жақындадық. Олардың біріне жөнімізді айтып, сөзге тарттық. Одан әрі әңгіме ырғағы ағытылып жүре берді.
– Биік мұздан жасалған сырғанаққа арналған құрылғылар бір кісілік, екі кісілік ватрушки, тюбингтің өзі үлкенді-кішілі. Өзіңіз көріп тұрғандай, үлкені 500, кішісі 400, ал, шағын мұз шаналар 200 теңгеден. Бұларды біз Алматыдан тапсырыспен алдырамыз. 29 желтоқсаннан бері осы кәсіппен айналысып келемін, – деп сырғанақ құрылғыларын жалға беруші Бақтымұрат сөзін жалғады. Күнде сағат 12-ге қарай келіп, кешкі 10-11-ге дейін тұрамыз. Әрине, суықта тұру оңай емес. Мен Біржан сал ауданынанмын. Бәріміздің де отбасымыз бар. Азда болса, қаражат табуға да қолайлы уақыт. Одан ұялатын ештеңе жоқ,–деп ашыла түсті кейіпкеріміз. Мен жазда паркке балаларға арналған ойыншықтар да қоямын деп, балаларға жасап жүрген қызметін де мақтанышпен жеткізді.
Бақтымұраттың әңгімесіне қасындағы сырғанақ құрылғыларын жалға берушілер де келіп қосылды.
– Сырғанақ тебуге келген көп балалы отбасылары болса, оларға жеңілдік жасауға тырысамыз. Өйткені, картон қағазбен сырғанап жүрген балалар да болады. Әрине, адамдардың жағдайына қараймыз. Өзіміз күні бойы тоңып жүрсек те, оларға жалға емес, тегін беріп, балалардың қысқы каникулын көңілді өткізуге мүмкіндік туғызып жүргенімізге ризамыз,–дейді олар.
Олардың айтуынша, алғашында 400, 500-дей бала өздерінің ледянкилерімен келіп жүрген. Қазір күніне 1000-2000-ға жуық бала үлкен сырғанаққа келеді екен. Күн суық, сондықтан, қызмет көрсетушілер бір-екі сағаттан әркез ауысып отырады. Бұл сырғанақ құрылғылар сенімді екені де көрініп тұр. Бұл құрылғылармен егер балалар сырғанаған кезде бір-біріне соғылып қалса, ешқандай жарақат алмайды. Үстері де қар болмайды. Негізі өте ыңғайлы әрі қауіпсіздікке байланысты жақсы шығарылған дүние десек болады.
Қысқы серуенде қаланың ішінде балаларға да үлкендерге де жақсы ойластырып, ұйымдастырылған игілікті іске біз де «Бәрекелді!», деп суыққа тоңып, адал асын тауып жүрген бауырларымызға сәттілік тіледік.
Бізбен көңіл-күйлерін бөліскен Көкшетаудағы №16 мектептің 5-сыныбында оқитын Мәлика мен №17 орта мектептің оқушысы Әзиза Әбділманова:
– Сырғанақ өте әдемі әрі ыңғайлы жасалған. Қысқы каникул басталғалы жиі келіп тұрамыз, деген олардың сөздерінен мұнда келген барлық балалардың демалыс күндері өте қызықты өтіп жатқаны байқалады. Бірі ледянкиімді өзіммен алып келдім десе, екіншісі осы жерден сатып алып сырғанаймыз. Қимылдаған сайын тоңбаймыз, бір-екі сағат тез өтіп кетеді. Бізге қатты ұнайды,–дейді. Бұдан балалардың уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануына да үлкен мүмкіндік екені байқалып-ақ тұр.
– Мен немерелерімді сырғанақ тебуге арнайы алып келдім. Өзім Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Талап ауылында тұрамын. Мына балалардың бәрі қысқы каникулында сырғанақ теуіп жүр. Мәре-сәре болған немерелерімді көріп, мен де бір жасап қалдым, – деген Зура апай, баршамызға Жаңа жыл құтты болсын. Отанымыз тыныш, ұрпағымыздың болашағы баянды болсын! – деген аналық ақ тілегін де жеткізді.
Иә, таза ауада серуендеп, сырғанақ тепкен балалардың көңіл-күйлері өте көтеріңкі екені бал-бұл жанған жүздерінен байқалып-ақ тұр. Ылайым бала қызығы мол болсын!

Асылай Қадырқызы.

Суреттерде: каникулда сырғанақ тепкен қандай жақсы; мүсінші Манарбек Бұрмағановтың талантты әнші Димаш Құдайбергеновтың аққулар туралы әніне арнаған туындысы.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар