Ақмола облысының жаңа сайлау комиссиясын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасындағы сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Бес саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына сайлау комиссиясының 5 мүшесі немесе сайланған мүшелердің жалпы санының 71,43 пайызы сайланды. Сайлау комиссиясының 2 мүшесі немесе 28,57 пайызы қоғамдық бірлестіктерден сайланды.
Сайлау туралы Конституциялық заңының 10-бабы және 20-бабы 2-тармағымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары сайланды.
Облыс тұрғындарына сайлау комиссияларының жаңа құрамы сайлау туралы мәслихаттардың шешімі туралы және олардың орналасқан жері туралы хабардар етеміз.
***
«Ақмола облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы кезектен тыс 28-ші сессиясының №6С-28-2 шешімі
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы, төрағаның орынбасары – Баталов Болат Сәбитұлы, хатшы – Политкин Николай Афанасьевич, комиссия мүшелері: Бекентаева Алма Болатқызы, Қанитаева Қалима Атютюневна, Подлепенец Валерий Михайлович, Рақышев Берік Ұзақбайұлы.
Орналасқан жері: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1.
Телефон 8 (716 2) 25-36-33.
Ақмола облыстық мәслихаты.