Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Даму» қоры – өндіріс пен әлеуметтік саланың жанашыры - АРҚА АЖАРЫ

«Даму» қоры – өндіріс пен әлеуметтік саланың жанашыры

«Даму» қорының Көкшетау филиалы журналис-тер үшін мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды.

Бизнесті мемлекет тарапынан қолдау кәсіпкерлік секторды ынталандырып отыр. Бұған «Регион Строй» серіктестігіндегі жағдайға қарап, көз жеткізуге болады. 2002 жылы құрылған бұл кәсіпорын темірбетон конструкциясы мен өзге де өнімдер өндіреді. «Даму-Өндіріс» өңдеуші өндіріс саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша 6 пайыздық несиелік қаржы шикізат сатып алудың айналымдағы қаржысын толтыруға бағытталды. Кәсіпорынның балансында 10 гектар алқапта орналасқан өндірістік базасының қоймасы бар, теміржол тармағы тартылған. Кәсіпорынның негізгі жұмысы тауарлық бетон мен блоктар дайындау, цемент пен құрылыс материалдарын сату.
Базада цемент түсіретін арнайы пункт орналасқан. Мұнда цемент тасымалдайтын автокөліктер, 600 тонна цемент сиятын қондырғы, 2 мың тонна цемент сақтай алатын арнайы қойма бар. Сондай-ақ, цементті қаптайтын станоктар жұмыс істеп тұр. Бетон өндіру жұмысы компьютермен басқарылады. Бетон жеті миксер автокөлігімен тасымалданады. Қазір кәсіпорында 145 адам жұмыс істейді. Еңбекақылары да жоғары.
Балабақша әр бүлдіршіннің дамуында қажетті буын болып табылатыны белгілі. Ал мамандардың біліктілігі әр бүлдіршінмен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жекеменшік балабақша ашуға бел буған кәсіпкерлер үшін бұдан бірнеше жыл бұрын қолайлы жағдай жасалған еді. 2012 жылдан бері бұл қызмет лицензиялауға жатпайды. Ақмола облысы бойынша «Даму» қорының қолдауымен кәсіпкер Сәуле Құсанованың 52 орындық «Сәулетай» жекеменшік балабақшасын ашу жөніндегі бизнес-идеясы жүзеге асырылды. Кәсіпкер 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бо-йынша «Сбербанк» акционерлік қоғамының еншілес банкі арқылы 6 пайыздық несие алды. Кәсіпкердің өз ғимараты бар. Қарызға алған қаржыға жөндеу жұмысы жүргізіліп, жиһаз сатып алынды, аула мен ойын алаңы жабдықталды. «Сәулетай» жекеменшік балабақшасы 2018 жылдың сәуірінде алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдады. Қазір балабақшадағы үш топта 10 адам еңбек етеді. Бүлдіршіндерді қабылдау одан әрі жүргізілуде.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көрсетілген қолдау шарасының арқасында жеке кәсіпкер Әмір Халықов «TheBeze» отбасылық форматтағы дәмханасын ашыпты. Кәсіпкер қордың кепілдігі арқылы «ForteBank» акционерлік қоғамынан 6 пайыздық несие алған. Отбасылық форматтағы кофехана идеясын жүзеге асыру үшін ол өз автокөлігін сатқан. Жалға ғимарат алып, жөндеу жұмысын жүргізді. Кейін инвестиция тарту ақпаратын игеріп, «Даму» қоры мен кәсіпкерлікті қолдау жөнінде білді. Кәсіпкер 2017 жылдың желтоқсанында «ForteBank» акционерлік қоғамына келіп, келесі жылдың ақпанында несие алды. Несиелік қаржыға қондырғылар мен жиһаз сатып алған.
– «Даму» қоры арқылы несие алу кәсібімді ашуға өте үлкен қолдау болды. Уақытында несиені жабу және бизнесті одан әрі дамыту үшін көп еңбектену қажет. Ең бастысы кәсіпті дұрыс таңдап, өз жұмысыңды сапалы орындау керек. Кез-келген кәсіпкерлер үшін ең үздік жарнама бұрынғыдай тұтынушының көңілінен шығу болып қала береді,– дейді Әмір Халықов. Іс-шара барысында Ақмола облысы бойынша «Даму» қоры филиалының директоры Руслан Ахметов кәсіпкерлерді қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін дамыту және кеңестік қызмет жөнінде айтып берді. Баспасөз турының соңында өңірлік филиал қызметкерлері Ақмола облысы бойынша «Даму» қорының жұмысы, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде айтып, тілшілердің сауалдарына жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретте: «Регион-Строй» серіктес-
тігінің құрылыс материалдарын құрастыру цехында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар