Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инсультті ерте анықтауға болады - АРҚА АЖАРЫ

Инсультті ерте анықтауға болады

Астанадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасының дəрігерлері коронораграфия əдісі бойынша жүректің ишемиялық ауруына алғаш рет диагностика жасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметінше, жыл сайын 17,1 миллион адам инфаркт жəне инсульттен көз жұмады екен. Осыған орай, еліміздің денсаулық сақтау саласы бұл қатерлі дертпен күресу бойынша жұмыстарды қолға алуда. Өткен жылы облыс əкімдігінің қолдауымен денсаулық сақтау басқармасы «General Electric» компаниясының мультифункционалды ангиографиялық қондырғысын сатып алған еді. Ал, желтоқсан айында Астанадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында жаңа қондырғы монтаждау жұмыстарынан өтті. Осылайша ақмолалықтарға жүректің ишемиялық ауруына диагностика жасау болды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бо-
йынша 1 миллион адамның 3 мыңына осындай диагностика жасау қажет. Астананың маңындағы елді мекендерде 190 мыңнан астам адамның тұратынын ескерсек, оларға жылына 750 коронарография қажет. Коронарография – жүрек тамырларын зерттейтін әдістердің ең тиімдісі болып саналады. Коронарография мамандандырылған операциялық бөлмеде рентген сәулелерінің бақылауымен жасалады. Рентгенде қан және оның тамырлардағы қозғалысы көрінбейді, ал рентгенконтрасты ерітінді қанмен араласып бүкіл коронарлық тамырдың ішкі пішінін көрсетеді. Бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Жақында Астанадағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында алғашқы коронарография жасалды.
Аурухананың бас дәрігері Рүстем Əлбаевтің айтуынша, медициналық мекеме үшін қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталған мұндай қондырғының науқастарды емдеу-
де пайдасы зор. Мультифункционалды ангиографиялық қондырғы асқынған мидың қан айналымының бұзылуын (инсульт) ерте анықтап, ем қабылдауына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде, №2 Ақмола облыстық ауруханасында жалпы терапия, педиатрия, хирургия, травматология, гинекология, урология, сондай-ақ, жұқпалы аурулар жəне акушер-гинекология бөлімшелері жұмыс істейді. Алдағы уақытта ауруханада стентграфт қондырғысымен омырау жəне іш ортасы, жатыр қан тамыры эмболизациясы (жатыр миомасы), қуық асты безінің қабынуы сияқты ауруларды да емдеу жоспарда бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар