Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үш жылдың еншісінде ауыз толтырарлықтай істер бар - АРҚА АЖАРЫ

Үш жылдың еншісінде ауыз толтырарлықтай істер бар

2018 жыл қызықты, маңызды оқиғаларға толы болды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да қоғамдық институт ретіндегі

өзектілігі мен маңыздылығы ескеріле түскен Қоғамдық кеңестер өткен жылы да бүкіл елмен бірге жемісті де белсенді, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеді. Ақмола облысында олардың саны жиырма.
Қазақстанда Қоғамдық кеңестер 2016 жылы құрылғанын естеріңізге сала кетейік. Көп нәрсе жасалды. Осы уақыт ішінде 277 адам жұмыс істейтін біздің өңірдің қоғамдық кеңестері 1900-ге жуық нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарады, 1000-ға жуық қоғамдық отырыстар мен әлеуметтік тақырыптар бойынша тыңдаулар өткізді.
Облыстың аудандары мен қалаларындағы Қоғамдық кеңестердің 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмысының оң динамикасы байқалды. Қоғамдық кеңестердің саны 2017 жылы 205-тен 2018 жылы 309-ға дейін көбейді, қоғамдық мониторинг 1,6 есеге артып, нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізу 1,8 есеге өсті. Білім беру және денсаулық сақтау объектілері, сумен жабдықтау ұйымдары, ПИК, негізгі тауарларға бағалар мониторингі, мемлекеттік қызметтердің сапасы және тағы басқа осы сияқты мәселелерге қоғамдық мониторинг жүргізу енгізілді.
2018 жылы Дулат Нұрмолдин басқарған облыстық Қоғамдық кеңес облыстың дамуының әртүрлі салаларындағы мәселелерді талқылау алаңына айналды. Қоғамдық кеңестің мүшелері отырыстарға, комиссияларға және жұмыс топтарына белсене қатыса бастады. Облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламаларының, аумақты дамыту бағдарламаларының жобалары және нысаналы индикаторларға қол жеткізу бо-
йынша мемлекеттік органдардың есептері талқыланды.
Дәстүр бойынша жылдың басында Кеңес мүшелері облыс әкімінің 2017 жыл ішіндегі өңірлік даму қорытындылары мен 2018 жылға арналған жоспарлары туралы есебін тыңдады. Есепті талқылаудан кейін облыстық кеңес атқарушы органдардың жұмысына оң баға берді және оларды іске асыру бақылауға алынды.
Облыстық Қоғамдық кеңестің басты мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай іске асырылуда. Ол мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылауды және оның ашықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда. Мәселен, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Облыстағы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеу, оның ішінде Кеңес мүшелерінің бірқатар облыстық басқармаларға және «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК баруы әу бастан қарастырылған тақырыптардың бірі болды. Тыңдау барысында қарастырылған сандар мен фактілер халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі екі мәселені – ауыз судың сапасы мен оны жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйінің төмендігі, су тазарту қондырғыларының тиімсіз жұмысы, ұңғымалар мен ұңғылардың тереңдігі сақталмауы және тағы басқа мәселелер туындаған сапа мен санды растады.
Қорытындысында мәселенің өзектілігін негіздеу және оны шешу жолдары, соның ішінде сумен жабдықтау желілерін ауыс-
тыру және қайта құрудың егжей-тегжейлі бағдарламасын әзірлеу, коммуналдық кәсіпорындардың жабдықталуын күшейту, ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты нығайту, барлық сумен жабдықтау ұйымдарын тексеру санын ұлғайту ұсынылып, облыстық әкімдікке хат жіберілді. Қоғамдық кеңестің мүшелері 2019 жылды ел Президентінің Жастар жылы деп жариялауын тез және іскерлік жолмен ескере түсті. Осылайша қазан айында жас-
тармен тәрбие жұмысының проблемалары зерделеніп, осы саладағы кейбір олқылық белгілері анықталды және ол атқарушы биліктің алдына мәселе ретінде қойылды. Кеңес мүшелері соңғы 5 жылда біздің облыста жастар санының азаюы, жұмыспен қамту мәселелері, компьютерлік тәуелділікті атап өтті. Олар сондай-ақ, психикалық және венерологиялық аурулар деңгейіне, жасөспірімдердің жүктілік оқиғаларына алаңдаушылық білдірді.
Алдағы ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізу туралы мәселені талқылау барысында Қоғамдық кеңес ардагерлерге жүйелі түрде қолдау қажет екенін атап өтті, олардың көпшілігі әлі күнге дейін өте қиын жағдайларда өмір сүріп жатыр, біреулерінің мүлде үйлері жоқ.
Сондықтан, кеңес мүшелері оларға қалалық көлікте жеңілдетілген жолақысы мәселесін шешу, жер учаскелерін беру, тұрақты санаторийлік-курорттық емдеу, сапалы медициналық көмек көрсету шараларын қарастыру, әскерге шақырылатын жастармен кездесулер, ерлік сабақтарын, спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін бірыңғай орталық ашуды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікірлермен толық келісіп, қолдау білдірді.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қарастыру қорытындысы бойынша облыстық кеңес денсаулық сақтау басқармасына онкологиялық науқастарды ерте анықтау, қоғамдық орындарда эпидемиологиялық жағдайларға бақылау жасау жұмыстарын күшейту, облыс өңірлерін медициналық препараттармен қамтамасыз етудің үлгісін жетілдіру бойынша қосымша шаралар қолдануды ұсынды.
Жыл сайын Кеңес отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-жапсары және тиісті мемлекеттік органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысы да талқыланады. Өткен жылы да бұл мәселе арнайы қаралды. Қабылданған шешімге сәйкес жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының сандық және сапалық құрамы бойынша жұмысты күшейтті.
Қоғамдық кеңес отырысында халық арасында қылмыстың алдын алу және қылмыспен күресті күшейту шаралары туралы жергілікті полиция қызметінің қызмет әрекеттерінің қорытындылары туралы есебі де тыңдалды. Заңнамаға сәйкес Кеңестің талқылауына облыстық бюджетті қалыптастыру, оған толықтырулар және өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер енгізілді. Маусым айында 2017 жыл ішіндегі облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, ал, қараша айындағы кеңейтілген кеңесте 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы белсенді талқыланды.
Облыстық кеңес отырыстарының күн тәртібінде қаралған мәселелер және олардың өзектілігі, пікірталастың барысы, қабылданған ұсынымдар Қоғамдық кеңестердің әуелдегі құрылған мақсатына толық жауап береді. Ол – проблеманы көру, мемлекеттік органдардың алдына көкейкесті мәселелерді қою, олардың шешімдеріне қоғамдық мониторинг жүргізу.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында Қоғамдық кеңес пен оның комиссиялары мемлекеттік органдарға жүгініп, өздерін толғандырған сауалдарының жауабына қол жеткізе білді. Облыстық Қоғамдық кеңес жұмысының маңызды бір аспектісі, оның мүшелерінің түрлі мемлекеттік органдардағы семинарларға, отырыстарға және кеңестерге қатысуы болып табылады. Сонымен қатар, бірқатар Кеңес мүшелері келесі шаралардың қатысушылары болды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі азаматтық бастамалардың облыстық конгресі (наурыз, 2018 ж.); Алматы қаласындағы «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының Қостанай қаласында ұйымдастырылған Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы оқыту семинары (қазан, 2018 ж.); Орал қаласында өткен «Қоғамдық кеңестер: проблемалар мен қызмет перспективалары» конференциясы (қараша, 2018ж.).
Маусым айында тәжірибе алмасу үшін Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері А.Көбеева мен А.Братенков біздің облыстық кеңесте болды. Олардың қатысуымен Кеңестердің сапалы құрамын және жартылай қаржыландырылуын, олардың жұмысының тиімділік критерийлерін жақсарту және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласында азаматтық қоғамды тиімді дамыту, Қоғамдық кеңестер мен өкілетті органдардың жұмыстарын жандандыру мақсатында облыстық форум өткізілді, оған 600-ге жуық адам – барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдар, Қоғамдық даму министрлігі, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында белсенді өмірлік ұстанымы бар, халықтың азаматтық белсенділігін көтеруге және қоғамдық қызметті насихаттауға ықпал еткен облыстық, аудандық және қалалық Қоғамдық кеңестердің бірнеше мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды.
Қоғамдық кеңестер жыл ішінде өз қызметін жұртшылықпен тығыз байланыстырып, өзара іс-әрекет жасап, бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіп, интернет-ресурста өз жұмысы туралы есептерін жариялады.
Жергілікті билік органдары мен халық арасындағы ынтымақтастық азаматтардың елдік істерге әлеуметтік желілер (Facebook) мен технологиялар арқылы қатысуын, қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын көздейді. Бұл бағытта да белгілі бір жұмыстар бар.
2018 жылғы 25 қазанда Қоғамдық кеңестің төрағасын қайта сайлау өтті. 2016 жылғы ақпаннан бастап облыстық Қоғамдық кеңесті басқарған Дулат Нұрмолдиннің өзі жаңа төрағаны сайлау туралы ұсыныс жасады, бұл шешім Қоғамдық кеңестің бұрынғыдан да тиімді жұмысына жағымды серпін береді деп атап өтті ол.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының құрметті азаматы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Елубаев облыстық Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып сайланды. Кеңестің құрылған сәтінен бастап, ол оның Президиумына кіріп, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияны басқарған еді. Жалпы алғанда, құрылған сәтінен бастап үш жыл бойы Қоғамдық кеңестер қоғамның одан әрі дамуы үшін үлкен әлеуетке ие болғанын сеніммен айтуға болады. Іс жүзінде мұның өзі қазіргі Қоғамдық кеңестердің оң жұмысын, оның мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымы мен азаматтық қоғамның мүдделерін сақтау сияқты жұмысын көрсетті.
Осындай кеңес мүшелерінің қатарында Сағынтай Елубаев, Болат Жанәділов, Болат Жұпынов, Галина Марченкова, Александр Мартыненко, Ғосман Төлеғұл, Дуанбай Ыбырай, Марат Жұмабеков, Қайырбай Төреғожа, Серік Аяғанов, Әбілжан Құсайынов, Мұратбек Тақамбаев, Елена Мащинская, тағы басқалары бар.
Өткен жылда олардың назары облыста энергия үнемдеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі, ақмолалық тұрғындар арасында жер заңнамаларындағы өзгерістерді талқылау және түсіндіру, экология және елді мекендерді абаттандыру мәселелері, аймақты орталықтандырылған газбен және ауыз сумен жабдықтау, білім беру мекемелерін қорытынды аттестациялауға және ҰБТ-ға дайындау, және тағы басқа да көптеген маңызды мәселелерде болды.
Қоғамдық кеңестер алғаш рет қолға алынып отырған мүлдем жаңа институт болғандықтан, кіммен салыстыруға және кімге теңесу керек екенін білместен, оларға екі жақты жауапкершілік жүктелді. Ол – өздерінің осы жұмыстары үшін жауапкершілік және белгілі бір мәселенің талқылап, қарастырудан кейінгі жағдайы, яғни, олдан кейін болатын өзгерістер.
Осы арада, естеріңізге сала кетейік, заңнамаға сәйкес қазіргі Қоғамдық кеңестер үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында үш жылдық жұмысын аяқтайды. Сөйтіп, Кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру басталады.

Дулат ЖҰРЫМБАЕВ,
Ақмола облыстық
Қоғамдық кеңесінің хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар