Өнеркәсіп өнімі көлемінің көрсеткіші бойынша біздің өңір Ақмола облысы аудандарының алдында тұр. Жоғары көрсеткішке
Жолымбет кенішінің белсенді жұмысының, сондай-ақ, осы кентте «Қазақалтын Технолоджи» серіктестігінің алтын мен күміс өндіретін жаңа үлкен кәсіпорынның іске қосылуының арқасында қол жеткіздік. Өткен жылы бұл серіктестік жоспарын толығымен орындады. Олар Шортанды ауданындағы филиалында 300 жаңа жұмыс орнын ашты.
Аудан әкімдігінің бастамасы бойынша «Қазақалтын Технолоджи» серіктестігі өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Картаның аясында «Төңкеріс астық қабылдау кәсіпорыны», «Дәржан тобы», «Полимер Пласт», «Тұран индастри», «Белая Лиллия» серіктестіктерінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Ұн өнімдерін, құс етін, полиэтилен мен құрылыс материалдарын өндіретін Индустрияландыру картасының кәсіпорындарында 500 адам жұмыс істейді. Еліміздегі экономиканың қарқынды дамуының негізі бизнес саласы болып табылады. Біздің ауданда кәсіпкерліктің қомақты үлесі өнеркәсіп, сауда мен қызметке тиесілі.
Жоғары нәтижеге қол жеткізсек те аудан әкімдігінің бөлімдерімен өңірдің одан әрі даму мақсатында инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Ақмола облысы инвесторлармен жұмыс істеуге көп назар аударады. Жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жаңа бастамасын қарап, өздері инвесторлар іздейді. Өткен жылы облыстық әкімдікпен және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге анықтамасы көп интерактивтік картасы құрылды. Осының арқасында кез-келген әлеуетті инвестор сол елді мекенге бармай-ақ, кез-келген өңірдің мүмкіндігін біле алады. Бұл бағдарламада тек қана бизнес үшін бос жер учаскелері жөнінде мәлімет емес, инвестициялауға жарамды бос өндірістік нысандар жөнінде ақпарат және меншік иесінің келісімі жарияланған. Мұндай қадам біздің өңірге белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бозайғыр селолық округінде индустриялық аумақ құрылысына 100 гектар жер участогы бөлінді. Келешекте бұл аумақта құрылыс индустриясы кәсіпорынын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынды орналастыруға болады. Басқарушы компания – «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
2019 жылы жекеменшіктің бастамасы аясында Төңкеріс станциясында «Центрпласт» серіктестігі металлосендвич панелін өндіретін зауытты іске қоспақшы. Жер участогы жекеменшікке сатылды. Ғимарат салынып, қондырғылар сатып алынды. Жобаның жалпы құны 800 миллион теңге. Өткен жылдың соңында «Милк Продукт» серіктестігінің жұмыс істеп тұрған сүт өңдейтін кәсіпорнын ұлғайту аясында 100 бас ірі қараны бордақылау цехы іске қосылды. Одан арғы құрылысын 2019 жылдың алты айында аяқтау межеленген. Жобаның құны 360 миллион теңге. 15 жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын тәулігіне 2 тонна сүт өндірмек. Мал азығы базасы, сүрлем жырасы дайындалды. Ірі қараны күтіп, бағу үшін қора салынуда. Шортанды ауданында шағын және орта кәсіпкерлік үлкен маңызға ие екенін атап өткен жөн. Өңірде 1433 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 227-сі шағын серіктестік, бесеуі орта, 1064-і жеке кәсіпкер, 137 шаруа қожалығы. Кәсіпкерлікпен 4,8 мың адам айналысады. Шағын бизнес жұмысының негізгі бағыты сауда, қызмет, туризм. Аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Жаңа нысандар ашылуда. Жұмыс істейтін нысандардағы жағдай тұрақты. Бұл бағытта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары көмектеседі. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Лисман өндірісін ұлғайтып, Бозайғыр ауылында жартылай шикізат өндіретін кәсіпорын ашты. Көпшіліктің сұранысына ие болған тұшпара тәрізді өзге де өнімдер Астана қаласының дүкендерінде сатылуда.
2017-2021 жылдары тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша Шортанды ауданының тұрғындарын жұмыспен қамту орталығы 44 адамды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Ақмола филиалына жіберді. Олардың 34-і несие алды. «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің негізіне 116 адам оқытылды. Біздің аудан индустриялық-аграрлық болғандықтан, басты назар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға аударылады. Өткен екі жылда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту аясында ет және сүт бағытында 6 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Ақмола филиалынан 102,8 миллион теңге несие алып, мал, қондырғылар мен техника сатып алды. Сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері шұжық сыры өндірісі, сүтті құю, құтылау қондырғылары сатып алынды. Өткен жылы бұл кооперативтер тұрғындардан екі мыңға жуық тонна сүт сатып, жүз тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарды. Барлық өнім Астана қаласы мен Ақмола облысының рыногында сатылды.
Ет бағытындағы кооперативтер Сабынды ауылындағы «Астана Агропродукт» серіктестігі арқылы экспортқа 219 бас бұқаның етін шығарды. Тұқымды асылдандыру мақсатында «Медина» кооперативі 8 бас ангус тұқымдас бұқа сатып алып, қоғамдық табынға жіберді. «Бірлік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі сүтті салқындататын модульдік танкер сатып алуды жоспарлап отыр. Жақын Бурабай курортты аймағы мен республикалық маңызға ие автомобиль жолы туризм мен қызмет салаларын белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, негізгі бағыт – бұл жол бойындағы сервис. Ауданда мейманхана, жанар-жағар май станциясы, газ толтыру пункттері, дәмхана мен дүкен тәрізді жол бойындағы сервистің 37 нысаны бар. Олардың барлығы республикалық маңызға ие жолдың жиегінде орналасқан. Оларды халықаралық стандартқа сәйкестендіру жұмысы жүргізілуде. Дамса ауылының іргесінде жеке кәсіпкер Оспанов демалыс аумағының құрылысын аяқтамақшы. Бұл инвестициялық жобаның құны 225 миллион теңге. Бүгінгі таңда коттедж бен монша салынып, суға шомылатын жағалау абаттандырылды. Мейманхана 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Бозайғыр ауылында жеке кәсіпкер Жұмахановтың «Айбат» кешені қалпына келтірілуде. Өткен жылдың соңында мейманхана, дәмхана, автожуғыш, жүк автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету станциясы пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Жукованың «Меруерт» мейманханасы кешенінің аумағында 200 орындық мейрамхана салынуда. Аталмыш кәсіпкердің бастамасымен Дамса ауылының моншасы іске қосылды. Кешенде монша мен сауна, спорт алаңдары жұмыс істейді. Әрине, кепілдікке қоятын мүліктің жоқтығы, мамандардың жетіспеушілігі тәрізді кедергі болатын факторлар мен өзекті мәселелер бар. Оның көбі бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың, депутаттық корпус пен облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегімен шешілуде.
Ерлан МҰХАМЕДИН,
Шортанды ауданы әкімінің
орынбасары.