Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық салада ілгерілеушілік бар - АРҚА АЖАРЫ

Барлық салада ілгерілеушілік бар

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткізілген брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары жайында айтып берді.

Брифингте Аманбек Қалжанов алдымен, Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алға қойылған міндеттер жайында айта келе, ауданның өткен жылды жақсы макроэкономикалық көрсеткіштермен аяқтағанына тоқталды.
– Өткен жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары бойынша негізгі көрсеткіштердің оң серпіні белгіленді. Мәселен, ол өнеркәсіпте 106,7 па-йызды, ауыл шаруашылығында 100,1 пайызды, бөлшек тауарлар айналымы 103 пайызды, орташа айлық жалақы 106,1 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 есеге артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7 миллиард теңгеден асты. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі орташа еңбекақы 109,5 мың теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайыз жоғары,– деген аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері жөнінде айтып берді. Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 30 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құраған. Аудан диқандары орақ науқанын ойдағыдай өткізіп, 493 мың тонна астықты, 15 мың тонна майлы дақылдарды шашпай-төкпей уақытында жинап алды. Гектар берекесі 12,5 центнерден айналды. Мемлекет тарапынан тыңайтқыштың, тұқымның және гербицидтің бағасын арзандатуға 615 миллион теңге бөлінді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өткен жылы 16 трактор, 16 комбайн, 4 егіс кешенін сатып алды. Аудан әкімі мал шаруашылығы саласының жетістіктері жөнінде айтып өтті.
– Бұл салаға да мемлекет тарапынан 150 миллион теңге субсидия төленді. Ауданда мал басы көбейіп келеді. Ірі қара мал саны 30,5 мың басты, қой мен ешкі 29 мыңды, жылқы 11,3 мың басты, шошқа 11,2 мыңды құрады. Ірі қара мал тұқымы асылдандырылуда. Өткен жылы 5,4 мың тонна ет, 22,4 мың тонна сүт, 8,4 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Күнбағыс майын өндіру зауыты, астықты қайта өңдейтін цех, малдың жазғы алаңы тәрізді бірқатар ірі кәсіпорындар пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 7 миллиард теңгенің 11 инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Аудандағы ірі өнеркәсіп орындары өндіріс көлемін ұлғайтуда. 21 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бөлшек тауар айналымының көлемі 9 миллиард 649 миллион теңгені құрады. Өткен жылы 30 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,–деген Аманбек Қалжанов жылумен және сумен қамтамасыз ету, жөнделген жолдар, су тасқынына қарсы атқарылған шаралар мен әлеуметтік салалардың жағдайы жөнінде айтып берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар