Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Дәстүрдің озығы бар…

Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыстарының кішкентай баласына бұзауларының, құлындарының, қозыларының, лақтарының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүние-қоңыздық.
Қайырлы болсын айту. Бала туғанда, келін түсіргенде, тағы да басқа үлкен қуаныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы болсын айтпағандарға ренжиді де.
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.
Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа салатын болған. Ол – өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені, қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.
Қорықтық құю. Ол – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді.

● Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді – бұл неліктен? Бұл – адам баласының қиянаты көптігінен, мейірімнің аздығынан.
● Зор дұшпаннан қандай сақтансаң – ұсақ жаудан сондай сақтан.
● Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шағады: уыты аса зиянды.
● Осы өмірден басқа өмір жоқ болатын болса, жаралыспен жағаласып, адамдармен арпалысып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе?
● Мен жастықта балалыққа қызықтым, одан бозбалалықты бақ деп білдім. Одан әрі адамшылық атты баққа қызметкер болдым. Ақырында баққа құл болдым. Себебі, жасаған сайын алдыңғы бұзылып, артқы бақ түзу сықылданды. Тенді ойласам: өлмегім хақ. Жә сол бақтарымның ең жарамдысын ұстап қана өлгеннен басқа не бар деп ойладым. Байқасам: жас бала күнімдегі бағымның артығы жоқ. Себебі, қайғы да жоқ, ар-иманнан тайғызатын ісі де жоқ.
● Шын бақ – ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.
● Мақтан үшін айтылған, жазылған сөздің құны болмайды.
● Барлық ғылым қиялдан, ойлаудан туған.
● Адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлануының өзі мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады. Бұл – бір. Екінші – сол қиял, болмайтын нәрсе деп отырғанымыз ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін.
● Қиялдың да шегі бар.
● Өмір – тіршіліктің таласы.
● Біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулер үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі дейді. Ал енді біреулер оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деп ойлайды. Тағы біреулер бай-кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулер тәрбиемен түзеуге болады дейді. Біздіңше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсы да адам өмірін түзей алмайды.
● Адам өмірін түзеу, барлық адамдар тату тұру үшін негізгі керек – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл.
● Оқу-білім үйренген адам өнерлі келетіні рас. Бірақ, оны қандай іске, қай мақсатқа жұмсамақ? Үйренген ғылымымен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарға аң есебінде оқ атып, әлсізді құл етіп, жердің бетін адам қанына бөктірушілер де бар ғой! Ең өнерлі, білімдіге саналатын Америка, Англия елдеріне қараңыз.
● Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру – кедейді еріншектікке, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол.
●Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық пен адалдық ақ жүректен шығады.
● Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
● Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.
● Әкімшілік басында арлы, ақылды адамдар отыруы керек.
● Көп талқысы – аққан сел.
● Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар