Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Созымалы панкреатитте ұйқы безін емдеу жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Созымалы панкреатитте ұйқы безін емдеу жолдары

Созылмалы панкреатиттің барлық этиологиялық формаларында ұйқы безінің сыртқы секреторлық тапшылығы дамиды. Ол экзокриндік паренхиманың кішіреюінен болатын атрофия мен фиброздың салдарынан орын алады. Әдетте созылмалы панкреатитте үш даму кезеңі болады. Бірінші даму кезеңі бірнеше күннен бір аптаға дейін созылатын шаншулардан тұрады. Мұндайда сыртқы секреторлық және ішкі секреторлық тапшылықтың белгілері сезілмейді. Мұндай сырқат түрі бес жылға дейін созылуы мүмкін. Екінші деңгейде шаншу синдромы азаяды. Экзокриндік және эндокриндік тапшылықтың белгілері байқалады. Ал, науқастардың көбінде ұйқы безінде морфологиялық өзгерістер орын алады. Олар кальцификаттар, өту жолының өзгеруі, фиброз. Мұндай белгілердің орташа ұзақтығы шамамен алты жылға және одан ұзаққа созылады. Үшінші кезеңде ұйқы безінің қабынуы із жүзінде жоғалады. Мұндайда сырқат белгілері байқалмағанымен, ұйқы безінің сыртқы секреторлық тапшылығы және қант диабеті айқын көрініс табады.
Осы тұрғыда отыз науқасқа тәжірибе жасалды. Олардың 19-ы ер азамат және 11-і әйел. Орташа жастары 48,6 жас. Ұйқы безінің күрделі формасы 18 науқаста орын алған. Олар ұйқы безінің экзокриндік функциясының жағдайына байланысты екі топқа бөлініп, ферменттік терапия ем-шарасын қабылдады. Е-1 деңгейінің азаюына байланысты бірқатар науқастарға тәулігіне 30 мың ЕД липаза дозасында креон қолданылды. Ал, эластаза төмендеген жағдайдағы 18 науқасқа тәулігіне 75 мың липаза дозасындағы креон беріліп отырды. Жүргізген терапияның жетінші күнінде алдыңғы топта ұйқы безінің экзокриндік функциясы толыға бастағаны байқалды. Ол 10 науқаста нормасына келді. Екі науқасқа адекваттық дозаның жоқ болуынан креонның мөлшері 75 мың ЕД-ге дейін ұлғайтылды. Екінші топта демалу тестінің нәтижесіне сәйкес ұйқы безінің экзокриндік дискфунциясы 12 науқаста түзетілді. Алты науқаста тест көрсеткіштері липазаның тапшылығы сақталып отырғанын айғақтады. 14-інші күні бірінші топта демалу тестінің мәліметтері бойынша барлық науқастарда ұйқы безінің секторлық сыртқы дискфунциясының толығуы орын алды. Екінші топта жоғарыда тестісінің нәтижесінде экзокриндік тапшылық үш науқаста немесе барлық науқастардың 17 пайызында сақталды.
Енді тәжірибенің түпкі қорытындысына келсек, созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарға аурудың деңгейіне байланысты адекватты дозамен ферменттік терапияны қолдану қажеттігі туындайды. Аурудың бірінші кезеңінде ферменттік препараттарды тағайындау диспепсия белгілерін түзету мақсатында курс-курспен жүргізіледі. Өйткені, панкреатиттің функциясы көп жағдайда сақтала түседі. Аурудың екінші және үшінші деңгейлерінде морфологиялық өзгерістер бұдан көбірек орын алады. Сөйтіп, ол ферменттік препараттардың жоғары дозаларын тұрақты қолдануды талап етеді.
Осы заманғы медицинада құрамында панкреатиттік ферменттер бар микрогранулдар немесе микро таблеткалар неғұрлым тиімді болып саналады. Олар сезімтал қабықшаларға оралып, желатиндік капсулаларға салынған. Бұлардың сезімтал қабықшалары тек ұлтабарда ғана бұзылады. Сондықтан, асқазаннан өткеннен кейін 98,6 пайыз ферментативтік белсенділігін сақтайды. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарға ферменттердің дозаларын таңдау жеке-жеке жүргізіледі. Ауыр жағдайларда кемінде 25 мың ЕД мөлшеріндегі препаратты қабылдау қажет болса, кей жағдайда бұл доза 50 мың ЕД-ға баруы мүмкін. Соған сәйкес тәуліктік дозасы 100 000- 150 000 ЕД-ны құрайды. Ауыр жағдайдағы науқастарға ферменттік препараттардың жоғары дозаларын қолдану қажеттігі туралы соңғы жылдардағы ақпарат көздерінде жазылған. Алайда, панкреатит тапшылығының клиникалық сипатталған деңгейінде ауруды толық жеңу мүмкін емес. Мұндайда оның белгілері ғана азайып, науқастың қал-жайы бері қарап, оңалуы мүмкін. Ең бастысы, осындай дәрігерлік көмекпен ауруды асқындырмауға болады.
Айсұлу ҚҰРМАНҒОЖИНА,
Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті №5 бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар