Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер бапталып жатыр. Тұқым дайын - АРҚА АЖАРЫ

Жер бапталып жатыр. Тұқым дайын

Биылғы жылы облыстың диқандары 4,7 миллион гектар алқапқа дәнді дақылдар, 247,7 мың гектарға майлы дақылдар себілді. 17,9 мың гектарға картоп, 3,9 мың гектарға көкөніс отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да, барлық күш-мүмкіндік көктемгі егісті ойдағыдай өткізуге жұмылдырылады.

Мұның 4,3 миллион гектары астық алқабы, 247,7 мың гектары майлы дақылдар болмақ. Сондай-ақ, 17,9 мың және 3,9 мың гектар жерге картоп пен көкөніс отырғызылады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша меморандумның барлық көрсеткіштері орындалады деп жоспарлануда. Облыс қажетті дәнді және бұршақ дақылдары тұқымымен (521,4 мың тонна) толық көлемде қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, қамбада 8,2 мың тонна майлы, 9,2 мың тонна азықтық дақылдар, 11,4 мың тонна картоп тұқымы сақталуда. Тұқым шаруашылығын дамыту бағдарламасына 617,5 миллион теңге бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің субсидияға деген қажеттілігін толық жабуға мүмкіндік береді. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 22 мың тонна минералдық тыңайтқыш сатып алу үшін келісім-шартқа отырды. Минералдық тыңайтқышты субсидиялау бағдарламасына 1,6 миллиард теңге бөлінді.
Биылғы жылдың егіс науқанында 16,1 мың сеялка, оның ішінде барлық егіс алқабының 65 пайызына дән сіңіретін 1,2 мың егіс кешені пайдаланылады. Көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына 73,6 мың тонна дизель отыны, 7,6 мың тонна бензин, 4,1 мың тонна дизель майы қажет. Осы бағытта Ақмола облысына 65 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Оның 37 мың тоннасы Павлодар мұнай өңдеу зауытынан, 28 мың тоннасы Шымкент зауытынан тасымалданады. Бір тонна дизель отыны мұнай өңдейтін зауыттардан 193 мың теңгеден босатылады. Бір литр отын ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеткенде 183 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда, наурызға бөлінген 21 мың тонна жанар-жағармайдың құны төленіп, толық тасымалданып алынды. Қазір сәуірге бөлінген дизель отынын тасымалдау жұмысы жүргізілуде. Көктемгі егіс жұмысын уақытында әрі тиісті агротехникалық деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралар қолға алынды.
Ержан БЕКТҰРОВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар