Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қақпа алдындағы кездесу» – әлеуметтік жоба - АРҚА АЖАРЫ

«Қақпа алдындағы кездесу» – әлеуметтік жоба

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/24 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында іс-шара өтті.

Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады. ЕЦ-166/24 мекемесінде өткен бұл кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, атап айтсақ Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Бибігүл Бұланова, жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полицияның аға лейтенанты Нұрлан Омаров, Көкшетау қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының заңгері Дастан Бекешев, «ЕЦ 166/24» түзету мекемесінің аға әділет лейтенанты Ерлан Бекешев қатысты.
Шара қатысушылары қоғамға қайта бейімделу процесінің тиімділігі көптеген жайттарға байланысты екенін атап өтті. Соның ішінде, әсіресе, сотталғандарды бостандыққа шығуға дайындаудың, темір тордан шыққаннан кейін оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы зор екендігі айтылды.
«Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында пробация қызметінде есепке тұрған және түзету орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы аясында жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік оңалту, қоғамға қайта бейімдеудегі басты мақсат осы топтардың арасында қылмыстың екінші мәрте қайталануын азайту болып табылады. Бұрын сотталғандарды бейімдеу – қылмыстық атқару жүйесі органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті болуы керек. Бұл жауапты істе барлық өкілетті органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы ғана оң нәтиже бере алады.
Жазира БЕГАЙДАРОВА,
«ЕЦ-166/24» түзету мекемесінің аға инспекторы,
аға әділет лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар